Популярные темы

депо: новости — страница 13

«9-20-25» бағдарламасы қашан іске қосылады

Крыша, 24 ноября 2023 в 10:37

«9-20-25» бағдарламасы қашан іске қосылады
«9-20-25» деп аталатын жаңа бағдарламаны іске қосу үшін жылына кем дегенде 150 млрд теңге қажет. Бұл туралы үкімет басшысы мәлімдеді.— Бағдарламаны іске қосу үшін нарықтан 100 млрд теңге бөліп, Отбасы банктің таза табысынан 50 млрд алу қажет болады, — деп түсіндірді Ә. Смайылов.Оның сөзінше ипотеканы 8 мыңға жуық отбасы рәсімдей алады.Салыстырсақ, жыл басталғалы 5.5 мыңнан аса адам «7-20-25» бойынша кредит алған.

Абай облысында 2025 жылға дейін 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынады

Arna Press, 23 ноября 2023 в 20:28

Абай облысында 2025 жылға дейін 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынады
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифингте баяндады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіӨңір басшысының айтуы бойынша биыл облыс бюджетінің көлемі 419,2 млрд теңгені құрады. Жыл көлемінде барлық индикаторлар бойынша тұрақты өсім сақталуда.«Бүгінгі таңда өңірдің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы – 107,5% құрады.

«Ана тілдің тағдыры: бүгін және болашақта»

Магнолия, 23 ноября 2023 в 17:08

«Ана тілдің тағдыры: бүгін және болашақта»
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып танылады «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз, біздің міндетіміз – оны барлық салада белсене пайдалана отырып дамыту, қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек, қазақ қазақпен қазақша сөйлессін, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» — деп атап көрсеткен болатын.

ҰҚҚ Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшыларын ұстады

Arna Press, 23 ноября 2023 в 12:28

ҰҚҚ Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшыларын ұстады
ҰҚҚ Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшыларын ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2023 жылғы 21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында жедел-тергеу шараларының шеңберінде Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшыларын ұстады.«Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалағандары үшін күдікті болуда», делінген хабарламада.Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды.Сурет: ҚР ҰҚҚ баспасөз қызметі

Елімізде орташа жалақы 350 мың теңгеден асты

Arna Press, 23 ноября 2023 в 11:28

Елімізде орташа жалақы 350 мың теңгеден асты
Елімізде орташа жалақы 350 мың теңгеден асты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Сонымен ең жоғарғы айлық бүгінде Атырау облысында. Мұндағы тұрғындар орта есеппен 602 мың теңге табыс табады.Екінші орында Маңғыстау облысы тұр. Өңірде орташа жалақы — 519 мың теңге. Ұлытауда 471 мың теңге.Ал ең төменгі табыс Түркістан облысында.

Семейліктер ауданындағы кемшіліктерді тізіп берді

Arna Press, 22 ноября 2023 в 18:48

Семейліктер ауданындағы кемшіліктерді тізіп берді
Редакциямыздың «Сіздің жаңалығыңыз» айдарына халық арасында «Треугольник» деп аталып кеткен ауданының тұрғындары жүгінді.Бозтаев көшесіне жақын орналасқан, халық арасында «Треугольник» деп аталып кеткен ауданының тұрғындары маңайындағы кемшіліктерді тізіп берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Тұрғындардың айтуы бойынша үйлеріне жету қауіпті, себебі Бозтаев көшесінде бағдаршам істен шығып, әлі жөнделген жоқ.

Қазақстанда 2024 жылдан бастап мектеп бағдарламалары жаңартылады

Arna Press, 22 ноября 2023 в 16:58

Қазақстанда 2024 жылдан бастап мектеп бағдарламалары жаңартылады
Білім министрлігі жалпы білім беретін пәндер мен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерін таңдау курстары бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Осылайша, жаңа типтік оқыту бағдарламаларын қабылдау жоспарлануда:Бұл ретте олар 12 жылдық білім беруді ескере отырып, бағдарламалар әзірлейтін болады:Мектеп оқушылары жаңартылған бағдарламалар бойынша келесі оқу жылынан – 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқуды бастайды деп жоспарлануда.Құжат 5 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық құқықтық регламент» веб-сайтында орналастырылған.Сурет: Zakon.kz

Шенген визасына өтінішті онлайн тапсыруға болады

Arna Press, 22 ноября 2023 в 14:28

Шенген визасына өтінішті онлайн тапсыруға болады
Соған сәйкес, ЕуроОдақта арнайы платформа құрылады. Азаматтар осы платформа арқылы Шенген визасына қажетті құжаттардың электронды көшірмесін жүктеп, визалық төлем жасай алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап.Дегенмен, Шенген визасына бірінші рет өтініш беретіндер мен био-метрикалық мәліметтері ескірген азаматтарға консулдықтар мен елшіліктерге баруға тура келеді.Қаулыға сәйкес, қазіргі визалық жапсырманың орнына енді сызықшалы код басылады.Жаңа ереже сандық визаны жасау платформасы дайын болғанда күшіне енеді.Сурет: freepik

Бас прокурор Салтанат Нүкенованың өлімі туралы айтты

Arna Press, 21 ноября 2023 в 20:08

Бас прокурор Салтанат Нүкенованың өлімі туралы айтты
Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өлтірді деп айыпталған Салтанат Нүкенованың ісі туралы айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Жақындағы Нүкенованың өлімі интернет кеңістігін дүр сілкіндірді. Қазірдің өзінде 150 мыңға жуық қазақстандық тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту туралы петицияға қол қойды.Сонымен қатар, бұл бағытта жұмыс тұрақты жүргізіліп жатыр.

Қазақстан өңірлерінде дабыл қағылады

Arna Press, 21 ноября 2023 в 18:18

Қазақстан өңірлерінде дабыл қағылады
Елімізде 23 қарашада ескерту жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«2023 жылғы 23 қарашада сағат 12:55-те (Астана уақыты бойынша) республика бойынша электр сиреналарын, сиреналық-сөйлеу құрылғыларын іске қосып, теле-радио хабарларын таратуды тоқтата отырып, құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізіледі.

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап тағы бір жол ақылы болады

Arna Press, 21 ноября 2023 в 14:18

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап тағы бір жол ақылы болады
Көлік министрі 2023 жылғы 3 қарашадағы «Орал қаласынан РФ шекарасына дейінгі (Саратов қаласына) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.II санаттағы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Орал – Ресей Федерациясының шекарасы (Саратовқа дейін) учаскесі ақылы негізде пайдаланылатыны анықталды.Бұл ретте жол жүру баламалы жол бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: «Атырау – Орал» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Орал – Чапаево» учаскесі, республикалық маңызы бар «Чапаево – Жалпақтал – Казталовка – Ресей Федерациясының шекарасы» тас жолы.«Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы нүктесі – 4 км, ақылы жолдың (учаске) ​​аяқталу нүктесі – 102+90 км.Автомобиль жолындағы жолақтың ені кемінде 3,75 метрді құрайды, тас жолдағы жолақтардың саны екі бағытта 1 жолақты құрайды, делінген хабарламада.

Отбасы банк «Табысты» ипотекасын іске қосты

Крыша, 21 ноября 2023 в 12:07

Отбасы банк «Табысты» ипотекасын іске қосты
Бүгін Отбасы банк «Табысты» деп аталатын жаңа тарифті іске қосқанын хабарлады. Бұл депозит тарифі, бірақ шартында айырмашылық бар. Оны қазіргі бағадрламалармен салыстырып көрдік.Ең танымал әрі стандарт түрі — «Баспана». Оның мөлшерлемесі 2 % (миллион салсаңыз, 20 мың сыяқы аласыз + мемлекет беретін 130 мың (максимум)).

Цифрлық қызметтер

Магнолия, 21 ноября 2023 в 10:58

Цифрлық қызметтер
Енді қазақстандықтар сенімхаттарды электронды түрде рәсімдеуге мүмкіндік алды. Егер бұрын сенімхатты ресімдеу үшін құжатқа қол қою және нотариус куәландыру үшін клиенттің жеке қатысуы талап етілсе, енді нотариаттық сенімхат азаматтарға eGov Mobile арқылы қолжетімді болады, ал болашақта ол бірқатар банктік қосымшаларда да пайда болады. «Цифрлық сенімхат» деп аталатын онлайн режимде клиенттің нотариуспен бейне байланысы арқылы рәсімделеді.

Абай облысының тергеушісі «Алтын алқа» иегері атанды

Arna Press, 20 ноября 2023 в 19:18

Абай облысының тергеушісі
Абай облысында батыр аналарды марапаттау мақсатында кезекті жиын өтті. «Алтын алқа» иегерлерінің арасында полиция майоры Райхан Ешимова да бар, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Салтанатты кездесу Достық үйінде өтті. Абай облысының түкпір-түкпірінен көпбалалы аналар күміс және алтын алқа алуға келді.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілі «Теплокоммунэнерго» қызметкерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

Arna Press, 20 ноября 2023 в 17:38

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілі
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілі «Теплокоммунэнерго» мекемесі қызметкерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Абай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Д.Жұмагелдинге К.З.Омарбеков жұмыс берушінің апта сайынғы жұмыс уақытының белгіленген нормасын сақтамауы, сондай-ақ оған бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде үстеме жұмыс үшін төлемдерді қалпына келтіруге жәрдем көрсету бөлігінде «Теплокоммунэнерго» мекемесі әрекеттеріне шағымданып жүгінді» — деліген хабарламада.Бұл ретте 2023 жылғы 06 қыркүйектен бұрын аталған азамат Абай облысының бақылау басқармасына осындай сұрау салумен жүгінген болатын, алайда өз өтінішінен оң рұқсат алған жоқ.«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес 28.09.2023 жылғы өтініште көрсетілген дәлелдер бойынша Уәкілдің өкілі Д.Е.Жұмагелдин анықталуға жататын мән-жайларды тексеру және қажетті ден қою шараларын қабылдау үшін «Теплокоммунэнерго» МКК-не сұрау салуды жолдады» — деп қосты хабарламада.Ұсынылған жауаппен келіспей, жұмыс берушінің өкілдерінің назарына К.З.Омарбековтың қандай да бір кемсітусіз еңбегіне ақы төлеуге, оның ішінде артық жұмыс үшін ақы төлеуге конституциялық құқығының бұзылуы туралы фактілері жеткізілді.Уәкілдің өкілі «Теплокоммунэнерго» мекемесі қызметін қызметкерлермен еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізуді сұрап, Абай облысының бақылау басқармасына сұрау салды.«Абай облысының бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның барысында «Теплокоммунэнерго» МКК тарапынан еңбек заңнамасын бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ жұмыс берушіге қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексінің 87-бабының 3-бөлігі, 89-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалды.Тексеру нәтижелері бойынша Абай облысының бақылау басқармасы «Теплокоммунэнерго» МКК-не анықталған бұзушылықтарды жою туралы, сонымен қатар К.З.Омарбековке үстеме жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеу және төлемді кешіктірген кезең үшін өсімпұлды есептеу туралы нұсқамасы берілді», деп қосты еңбек инпекциясындаОсылайша, адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Абай облысы бойынша өкілінің іс-әрекетінің арқасында жұмысшының бұзылған конституциялық құқығы қалпына келтірілді.Сурет: ашық дереккөздерден

Қызметтік әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті

Магнолия, 20 ноября 2023 в 13:08

Қызметтік әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті
Мемлекеттік қызметші әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен жұмыс істейтіндіктен аса үлкен дайындықпен қызмет атқаруы тиіс Қызмет орнында өзін-өзін ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киім үлгісі тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыл-әрекеттерін әңгіме кезінде қолдана білу анық әрі түсінікті түрде сөйлей білу–осылардың барлығы жалпы қабылданған этика жүйелеріне жатады.

Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша қанша жәрдемақы төленгені белгілі болды

Arna Press, 20 ноября 2023 в 13:08

Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша қанша жәрдемақы төленгені белгілі болды
Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 484,3 миллиард теңге төленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 431 миллиард теңге жұмсалды.

Назар аударыңыз: бес күндік магнит дауылы басталды

Arna Press, 20 ноября 2023 в 12:08

Назар аударыңыз: бес күндік магнит дауылы басталды
Астрофизиктер күн белсенділігі деңгейі жоғарылағанын және сәйкесінше бірнеше күнге созылуы мүмкін магнит дауылы басталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ғарыштық зерттеулер институтының (ҒЗИ) Күн астрономиясы зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Күн-жер физикасы институты (ISTP) мамандарының айтуынша, 20 қарашада таңертең магнит дауылы басталды.

Pfizer наладит в Казахстане производство инновационной пневмококковой вакцины

kapital.kz, 17 ноября 2023 в 17:56

Pfizer наладит в Казахстане производство инновационной пневмококковой вакцины
В рамках VI Казахстанского круглого стола по глобальным инвестициям (KGIR) с участием премьер-министра РК Алихана Смаилова состоялись церемонии награждения лучших иностранных инвесторов и подписания контрактов на реализацию новых проектов в Казахстане, передает primeminister.kz.В текущем году награждение лучших инвесторов проходило по 10 номинациям в таких отраслях экономики, как здравоохранение, образование, энергетика, сельское хозяйство и др.

Елімізде 2024 жылдан бастап мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

Arna Press, 17 ноября 2023 в 13:08

Елімізде 2024 жылдан бастап мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік бюджетке қарайтын ұйымдардың қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізу туралы үкімет қаулысын дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, біліктілік санаттарына қолданылатын коэффициенттерді арттыру қарастырылған.Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және жұмысшыларға біліктілік санаттарын беру Жұмысшылардың жұмысы мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасына сай жүзеге асатыны түсіндірілді.Мемлекеттік қызметкерлер қатарына білікті жұмысшылар жатады.Түсіндірілгендей, бұл жағдай 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының 85 мың теңгеге дейін көтерілуіне байланысты қарастырылған.

Ақмола облысында вагондар рельстен шығып кетті

Arna Press, 17 ноября 2023 в 11:58

Ақмола облысында вагондар рельстен шығып кетті
Ақмола облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Оқиға 16 қарашада сағат 12:50-де Астана – Қарағанды ​​учаскесінде болған.«Жүк пойызының өтуі кезінде вагондардың рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Басқа пойыздарға кідіріс болған жоқ.

Бүгін футболдан ұлттық құрама ЕURO 2024 аясында Сан-Марино құрамасымен кездеседі

Arna Press, 17 ноября 2023 в 10:38

Бүгін футболдан ұлттық құрама ЕURO 2024 аясында Сан-Марино құрамасымен кездеседі
Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ЕURO 2024 аясында Сан-Марино құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құрама ойыншылары ашық жаттығу өткізді.Қазақстан – Сан-Марино арасындағы ойынды ертең сағат 20:50-де Qazaqstan және Qazsport арналары тікелей эфирде көрсетеді.Сурет: Қазақстан футбол федерациясы

«9-20-25» ипотекасы: іске қосылатын күні мен шарттары

Крыша, 16 ноября 2023 в 16:17

«9-20-25» ипотекасы: іске қосылатын күні мен шарттары
Келер жылы ел тұрғындары ипотеканың жаңа түрін рәсімдей алады. Бұл туралы брифингте сөз сөйлеген Отбасы банк басшысы айтты.Бағдарлама жас отбасыларға арналған. Оған қатысу үшін кезекке тұрудың қажеті жоқ.— Соңғы кезде бір баламыз бар, бірақ баспанамыз жоқ, мемлекеттік қызметкер болмағандықтан, кезекке тұра алмаймыз деп жүгінген тұрғындар көп болды.

Школьники Караганды торжественно вступили в ряды «Жас Сарбаз»

EKaraganda.kz, 16 ноября 2023 в 16:15

Школьники Караганды торжественно вступили в ряды «Жас Сарбаз»
В мероприятии приняли участие командование и военнослужащие Регионального командования «Астана», Департамента по делам обороны Карагандинской области, ветераны ВС РК и боевых действий на территории других государств, представители Акимата Карагандинской области, а также учителя и родители юных патриотов. — Сегодня я дал клятву и получил удостоверение.

Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны мас күйде қайта көлік басқарған

Arna Press, 16 ноября 2023 в 15:28

Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны мас күйде қайта көлік басқарған
Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны мас күйде қайта көлік басқарған, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.«Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің сот шешімімен 02.10.20 жылы 8 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны және сол кезде тағыда мас күйінде автокөлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік айып алаңына қойылды», — делінген хабарламада. Қызылорда облысы полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 13 қараша күні қызмет атқару барысында аудан кентінде 35 жастағы ауыл тұрғынының басқаруындағы Audi 100 автокөлігін тоқтатқан.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте

Магнолия, 16 ноября 2023 в 14:18

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс. Сонау замандағы ата-бабаларымыздың өздері де қазақ тілінің жойылуына аз қалған шақта жан аямай күресіп, қолдарынан келгенше тырысып, бізге, келешек ұрпаққа қазақ тілін аманат етіп қалдырды.

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

Arna Press, 16 ноября 2023 в 12:18

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 873 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 980 теңге, базалық зейнетақы – 37 893 теңге, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 755,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді.«Оның ішінде базалық зейнетақыға – 845,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 910 млрд теңге бағытталды», делінген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің таратқан хабарында.

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Arna Press, 16 ноября 2023 в 11:28

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың саны 20 миллионға жеткенін Х парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді».Сурет: ашық дереккөздерден

Қазақстанда оқушы қыздардың босануы жиілеген

Arna Press, 16 ноября 2023 в 10:38

Қазақстанда оқушы қыздардың босануы жиілеген
Елімізде соңғы жылдары оқушы қыздардың босануы жиілеген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ranking.kz-тің мәліметінше, пандемияның бірінші жылында күрт көбейді, бірақ ол аяқталғаннан кейін де жағдай жақсармаған.«Бұл үрдісті түсік жасату санының азаюымен емес, жасөспірімдік жүктіліктің көбеюімен түсіндіруге болады.

Әйелді қорлап, өлтіруге ешкімнің қақы жоқ: депутаттар жазаны күшейтуді талап етті

Arna Press, 15 ноября 2023 в 15:48

Әйелді қорлап, өлтіруге ешкімнің қақы жоқ: депутаттар жазаны күшейтуді талап етті
«AMANAT» Фракциясының депутатары әйелдерге қарсы жасалған қылмыс үшін жазаны күшейтуді талап етті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Депутаттың сөзінше, «жемқорлықпен сотталып, рақымшылыққа ие болған экс-шенеунік өз әйелін өлтірді» деген жантүршіктірер ақпараттардан қоғам дүрбелеңге түсті.
Показано 30 новостей из 2 381