Популярные темы

Түркістан облысында 3 қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Дата: 20 октября 2023 в 14:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Түркістан облысында 3 қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды., — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұрат Қабденовтың сөзінше, ауылдың екі тұрғынынан арыз түскен.

«Әлеуметтік желіде жарияланып жатқан хабарламалар бойынша нақты мынадай ресми ақпаратты хабарлаймын: Түркістан облысының полицейлері 33 жастағы ауыл тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау дерегі бойынша екі жергілікті тұрғынның арызына сәйкес соталды тергеу жүрігізіп жатыр», — деп жазды ПД өкілі.

Ер адам кінәсін мойындаған.

«Менің тапсырмам бойынша арнайы жедел тергеу тобы құрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі «зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтау үшін қажет іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікпен Отырар ауданының тұрғынын бірден ұстап, қамауға алдық. Ер адам өз кінәсін мойындады», — деді Мұрат Қабденов.

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 7 бала зорланғаны туралы ақпарат расталмаған. Алайда қазір бұл іс бойынша үш жәбірленуші бар.

Бұл дерекке қатысты тергеу жалғасып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Сурет:  jcomp/Freepik

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями