Популярные темы

Абай облысының құтқарушыларына арнайы техниканың кілті табыс етілді

Дата: 18 октября 2023 в 16:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысының құтқарушыларына арнайы техниканың кілті табыс етілді
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚР Құтқарушылар күні қарсаңында Абай облысындағы төтенше жағдайлар гарнизонына 19 жаңа автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Техника республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен сатып алынды.

Жаңа көліктер адам өмірі мен мүлкін сақтап қалуға қажетті заманауи өрт сөндіру, жедел медициналық, байланыс және навигациялық құралдармен, жоғары тиімді өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған.

Нұрлан Ұранхаев мамандық өкілдерін шын жүректен құттықтап, олардың жанкешті еңбектерін атап өтті.


«Антына адал, сертіне берік, ел тағдырын өз тағдырынан биік қойып, ерліктің жарқын үлгісін көрсеткен сала қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін! Сіздердің еңбектеріңіз құрметке лайық! Әрине, қызметкерлердің тұрмыс сапасын жақсартып, қолдау шараларын көрсету қажет. Біз оған әрқашан да әзірміз! Кәсіби мереке қарсаңында, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін! Батырлық пен алғырлықты бір арнаға тоғыстырған қызметте әрқашан абырой биігінен көріне беріңіздер!» – деп құттықтады облыс басшысы.


Шара аясында жас офицерлер мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапатталды.

2023 жылдың басынан бері Абай облысында 847 төтенше жағдай тіркелді. Оның ішінде 612 жағдай өндірістік және тұрмыстық өртке қатысты.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями