Arna Press,
19 мая 2023
в 23:48
Алматыда дәрігерлер әйелден салмағы 10 келіден асатын алып ісікті алып тастады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жатыр ісігі жүктіліктің 40-аптасына сәйкес келді. Ісіктің көлемі ұлғайғаны соншалықты, науқастың тыныс алуы қиындаған. Ісіктің салмағы 10 келіден жоғары.
Arna Press,
19 мая 2023
в 23:48
Журналистермен кездесуде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтардың проактив форматта жәрдемақы алуына кедергі келтіретін ақпараттық жүйелердегі қате туралы айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Расында, оның төрт баласы бар, оған жәрдемақы тағайындау керек еді.
Arna Press,
19 мая 2023
в 18:28
Балаларды ұруға заңмен тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Оның пікірінше, балалар арасындағы және оларға үлкендер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылыққа қатысты әлеуметтік норманы өзгерткен жөн.Дене жарақатын салуға заңмен тыйым салу – өте маңызды. Бүгінде 65 мемлекетте бұл заң күшіне енді.
Arna Press,
19 мая 2023
в 14:18
Астаналықтар иесіз жүрген атты видеоға түсіріп алды. Жануар Қабанбай батыр даңғылынан өтіп, Ботаникалық саябаққа бет алған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Жылқы ешқандай оқыс әрекет жасамаған. Астаналықтар оның әбзелдері де, арқаны да жоқ екенін байқаған.Астана Полиция департаменті мәліметінше, оларға Ұлы Дала – Түркістан көшелері қиылысында жылқы жүргені туралы хабар таңғы 8-де келген.
Arna Press,
19 мая 2023
в 14:18
Өскемен қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 30 жастағы іздестірудегі қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ұсталған адам бұған дейін ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен сотталған болатын.
Arna Press,
18 мая 2023
в 17:48
18 мамыр күні түскі бірде Шәкәрім даңғылында өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде мейрамхана ауласында дизельдік генератордың жанғыш бөлшектері өртеніп, одан әрі шатырдың ағаш құрылымдарына таралғаны анықталды. Өрттің ауданы 24 шаршы метрді құрады.
Arna Press,
18 мая 2023
в 17:48
Балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс–тұрысқа байланысты дағдыларын бекіту мақсатында Абай облысында 15-31 мамыр аралығында «Назар аударыңыз — балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған іс-шара аясында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен олардың ата-аналары арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Arna Press,
18 мая 2023
в 16:08
Бүгін, 18 мамырда Қазақстанда ЖОО-ға грантқа түскісі келетіндер үшін ҰБТ басталды, — деп Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Биылғы оқу жылында Абай облысында мектепті 4 518 адам бітіреді, оның 179–ы «Алтын белгі» төс белгісіне, 441-і «Үздік аттестатқа» үміткер.Ұлттық бірыңғай тестілеуден 89% немесе 4 034 түлек өтуге шешім қабылдады, оның 3 181 – і қазақ тілінде, 853-і орыс тілінде.Айта кетейік, жоғары оқу орындарына гранқа түсу үшін ҰБТ 18 мамырдан 5 шілдеге дейін екі рет өткізіледі.
Arna Press,
18 мая 2023
в 16:08
Алматы облысындағы колониядан сотталушы қашып кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД биыл 12 мамырда сотталушы Г. №10 мекемесінен қашып кеткені (қауіпсіздігі орташа) туралы хабарлады.«Жедел іздестіру шаралары барысында сотталушы мекеменің іргелес аумағында ұсталды.
Arna Press,
18 мая 2023
в 16:08
Қазақстан бетон жол салудан бас тарту туралы шешім қабылдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Шенеуніктердің неге мұндай шешім қабылдағаны туралы kolesa.kz порталына берген сұхбатында ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин айтып берді.«Біз әзірге бетон пайдаланудан бас тарту туралы шешім қабылдадық.
Крыша,
18 мая 2023
в 12:07
Бывшее трамвайное депо скоро превратится в современный креативный хаб. Проект почти готов. В его подготовке участвуют казахстанские и зарубежные эксперты. Алматинцам обещали показать новый проект бывшего трамвайного депо. Об этом на встрече с жителями Алмалинского района заявил аким Алматы Ерболат Досаев.— Предыдущий проект по модернизации бывшего трамвайного депо в Алматы я остановил.
Arna Press,
17 мая 2023
в 17:18
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп интернет-платформаны пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзгеше тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға кірісті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«Яндекс» интернет-платформасында тіркелген такси жүргізушілері пилоттық жобаға ерікті түрде қатыса алады.«Ол үшін Азаматтарға «e-salyq Business» мобильдік қосымшасын пайдаланып, арнайы салық режимін қолдана отырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет», – деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.Пилоттық жоба шеңберінде жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және такси жүргізушілерінің табысынан медициналық сақтандыру жарналарын төлеу жөніндегі міндеттемелер интернет-платформа операторына («Яндекс.Такси») жүктеледі.«Интернет-платформа операторынан алынатын орындаушылардың табыстары туралы мәліметтер негізінде салық пен әлеуметтік төлемдер сомаларын есептеуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады әрі операторға такси жүргізушілерінің табыстары бойынша есептелген салық және әлеуметтік төлемдер сомалары туралы мәліметтерді береді», – делінген хабарламада.Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, интернет-платформа операторы салық пен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және төлеуді кейіннен тиісті қорлар арасында бөлу әрі аудару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банк шотына әрбір әлеуметтік төлемге жеке төлем тапсырмалары арқылы жүргізетін болады.Сурет: pixabay
Arna Press,
17 мая 2023
в 16:18
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласына еңбегі сіңген бірнеше адамға Құрмет грамоталарымен және «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бүгін өздеріңізбен 2023 жылғы 16 мамырындағы Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешіміне сәйкес, қаламыздың өркендеуі жолында өлшеусіз үлес қосып, көп жылғы жемісті еңбегін Семей қаласының дамуына сарп еткен жандарды құттықтауға жиналып отырмыз.
Arna Press,
17 мая 2023
в 16:18
Шымкентте жылан қаладағы тұрғын үйлерге, тіпті балабақшаларға да өрмелеп кеткен. Мамыр айында тұрғындардың өтініші бойынша құтқарушылар бауырымен жорғалаушыларды ұстауға тоғыз рет шыққан, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Олардың белсенділігі жаз маусымының басталуымен байланысты.
Arna Press,
17 мая 2023
в 15:28
Бүгін таңертен Шу облысындағы Дмитриевка ауылында атыс болды. Бішкекке баратын жол жабылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Белгілі болғандай, таңертең ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтары қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстамақ болған, алайда олар оқ жаудырған.Кейін Қырғызстанның ішкі істер министрлігі арнайы жасақ қызметкерлері қарулы лаңкесті ұстау операциясын жүргізгенін хабарлады. Қарулы қылмыскер Дмитриевка ауылындағы жеке үйлердің бірінде арнайы жасақ қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, қазір оқиға орнында тергеу тобы мен саперлар жұмыс істеп жатыр.«Лаңкес жойылды.
Arna Press,
17 мая 2023
в 14:28
Есепке алынған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында пробация қызметі 15-25 мамыр аралығында «Есептегі тұлға» республикалық профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.Іс-шараны өткізу шеңберінде пробация қызметінің жеке құрамы Абай облысы ПД Семей қаласы ПБ Әуезов ПБ ЖПҚБ УПИ-мен бірлесіп Семей қаласы Әуезов аудандық пробация қызметінің барлық аумағында тұратын бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тексерулер жүргізеді.Семей қаласы Әуезов аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 170-ке жуық қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға кесілген сотталғандарды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Тексеру барысында сотталғандармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіледі, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары қайта түсіндіріледі.
Arna Press,
17 мая 2023
в 14:28
Абай облысында Алакөл курорттық аймақты дамытудың «Жол картасы» әзірленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов мәлімдеді.Әкім орынбасарының айтуынша, Алакөл көлінде демалыс жағдайларын жақсарту үшін келесі жұмыстар жүргізіледі:Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
16 мая 2023
в 17:18
Семей қаласының аумағында жол көлік оқиғаларының, оның ішінде, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын оқиғалардың алдын алу мақсатында «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 4 күнге созылған шара аясында полиция қызметкерлері қала көшелерін, қарбалас уақыттарда көлік көп қатынайтын жаяу жүргіншілер өткелдерін патрульдеді. «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші» ЖПІШ аясында ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша – 64 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылса, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша – 101 әкімшілік хаттама толтырылды.Сурет: Polisia.kz
Arna Press,
16 мая 2023
в 12:18
15 мамыр кешкі 18: 53-те Докучаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйден өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өрт сөндірушілердің орнына келгеннен кейін көп қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында балкон ашық жалынмен жанып жатты.Кіреберісте қатты түтін болды.
Arna Press,
15 мая 2023
в 18:18
Әлеуметтік желіде Шәкәрім университетінің оқытушылық-профессорлық құрамы мен студенттер жазған бейнеүндеу таралуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Үндеуде университеттің ректоры Бауыржан Ердембековты орнынан босату туралы министрдің бұйрығын қайта қарауды сұрайды. Ұжым бір ауыздар бұйрыққа қарсы екенін айтты.Екі жыл үш ай ішінде, ондаған жылдар бойы атқарылмаған істерді атқарғанын ұжымның көзі көріп отыр.
Arna Press,
15 мая 2023
в 16:18
15 мамырда өткен Мәжілістің жалпы отырысында ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Көлқобаев қаңтар оқиғасынан кейін комитетте қандай жұмыстар атқарылғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«Бүгінгі таңда ҰҚК 11 қызметкерді қылмыстық жауапкершілікке тартып жатыр. Бірақ кейбір істер бойынша тергеу аяқталды.
Arna Press,
15 мая 2023
в 16:18
Қазақша күрес және дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы Бекзат Манасбаев шеберлер арасында Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жарыс Оңтүстік Кореяның Кочхан қаласында өтуде, спортшы 81 кг салмақ дәрежесінде, 30-34 жас топтары арасында күресті.Өткен жылы да шеберлер арасында Азия ойындарының біріншілігі біздің отандасымыз Бекзат Манасбаевтың қолында болғанын айта кетуіміз керек.
Arna Press,
15 мая 2023
в 12:28
Семей тұрғынына BRAINLAB жүйесінің күрделі ота жасалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Пациент дәрігерлерге құрысулар туралы шағымдармен жүгінді. Өз емханасында пациент егжей-тегжейлі зерттеп — қарауға жіберілді. «Пациент Семей қаласының СМКА нейрохирургия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.
Arna Press,
15 мая 2023
в 12:28
Бұл туралы Көкпекті ауданына жұмыс сапары аясында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен көшпелі аппараттық кеңес барысында айтылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Болат Әбдіралиевтің айтуынша, лицензиялық келісім аясында облыс әкімдігі электр беру желісін тарта отырып, 26 антенна-діңгек құрылғысын салуды жоспарлаған.Мәселен, ағымдағы жылы Абай, Үржар, Жарма аудандарының ауылдарында 9 АМС құрылысы басталады.
Arna Press,
15 мая 2023
в 12:28
Астанада құрылыс алаңында мұнара кранының құлауы салдарынан зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Бұған дейін оқыс оқиғадан ер адам зардап шеккені хабарланған болатын. Жәбірленушінің туысы Алена Юцевичтің айтуынша, ер адамның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.«Ол ауруханада, жағдайы тұрақты, бірақ дәрігерлер әзірге ешқандай болжам жасамай отыр.
Arna Press,
15 мая 2023
в 11:28
Полиция белгілі журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.Polisia.kz сайтында шыққан ақпарат бойынша Атырау облысының криминалдық полиция қызметкерлері журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады.«Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жалғасуда», — делінген хабарламада.Еске салайық, 11 мамырға қараған түні журналист Виктор Сутягиннің көлігі өртеніп кеткен болатын.Сурет: Tengrinews.kz
Arna Press,
15 мая 2023
в 11:28
Абай облысында колония аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Абай облысы ҚАЖ департаментінің №20 мекеме жедел бөлім қызметкерлері, аумақтық сыртқы периметрді бақылау барысында, тыйым салынған затты лақтырмақ болған күдіктіні ұстады.
Arna Press,
12 мая 2023
в 16:38
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Скендер Сила COVID-19 әлі жойылмағанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Пандемия кезінде қабылдаған шаралары үшін Қазақстанға алғыс айтқым келеді. Бірақ бұл вирус біздің өмірімізден біржола жойылған жоқ, ол бар.
Arna Press,
12 мая 2023
в 12:58
Семейде адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.11.05.2023 жылы сағат 19:00 шамасында Қ. Мұхамедханов пен Абай көшелерінің қиылысында HYUNDAI SONATA автокөлік құралы мен HONDA маркалы мотоцикл арасында жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан 25 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.
Arna Press,
12 мая 2023
в 02:18
28 мамыр күні «Семей аруы -2023» байқауына іріктеу кезеңі өткізіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Қазақстан аруы» республикалық байқауының өңірлік өкілі Асем Садвакасованың айтуынша, іріктеуге қатысқысы келетіндер арнайы бірдей киім киіп келулері қажет. Шарт бойынша бұл қара футболка немесе топ, қара джинсы не болмаса фигура бойынша шалбар және міндетті түрде өкшелі аяқ киім.«Семей аруы -2023» байқауының іріктеу кезеңіне 17 мен 25 жас аралығындағы қыздар қатыса алады. Қойылатын негізгі талаптар: бойы 170-183 см, тұрмысқа шықпаған, сымбатында мін жоқ, ақылына көркі сай болу керек, — дейді Асем Садвакасова.Кастинг 28 мамыр күні сағат 12:00 Семей қалалық мәдениет сарайының 306 кабинетінде өтеді.