Популярные темы

Пәтер рәсімдеу қанша тұрады

Дата: 19 октября 2023 в 16:57 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Пәтер рәсімдеу қанша тұрады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазір келісімшарт құны қанша тұрады және қай кезде қосымша шығындаласыз?

Сатып алу-сату келісімшартының құны үйді немесе жер телімін кім және кімге сатып жатқанына тікелей байланысты.

Мысалы, сатушы мен клиент жеке тұлға және туыс болмаса, нотариус арқылы келісімшартқа отыру үшін 12 АЕК немесе 41 400 теңге керек (2023 жылы 1 АЕК 3450 теңге) төлейсіз.

Егер мәмілені балалар, жұбайлар, ата-ана, туған бауырлар не әпкелер, немерелер арасында жасалса нотариус қызметі арзанға түседі — 7 АЕК (24 150 теңге).

Ал сатушы мен сатып алушы заңды тұлға болған жағдайда — 17 АЕК (58 650 теңге) жұмсайды.

Нотариус ең арзан тарифті ипотека рәсімдейтіндерге ұсынады, небәрі 4 АЕК (13 800 теңге).

Барлық нотариалдық кеңседе бірыңғай тариф бекітілген. Нотариус қызметі үшін артық ақша алуға құқығы жоқ.

Пәтер сатып алу және сатуға қажет құжаттар

Мәміле кезінде қосымша шығындалуыңыз мүмкін. Мысалы, сатушы /сатып алушы некеде тұрса, мүлікті сатуға/сатып алуға нотариус арқылы рәсімделген екі тараптың да жұбайларының келісімі керек.
Бұл қызмет — 1.5 АЕК (5 175 теңге).

Мүлікті сатуға жұбайының келісімін онлайн eGov mobile қосымшасындағы eNotary сервисі арқылы алуға болады. Нұсқаулық осы жерде.

Нотариус ақысын кім төлейтінін алдын ала келісіп алған жөн. Көбіне соманы екі адамға бөледі.

Сатушы мен клиент ортақ келісімге келіп, нотариустың көмегіне жүгінбей-ақ сатып алу-сату келісімшартын рәсімдей алады. Құжатты үлгі бойынша толтырып, екі тарап қол қойып, оны ХҚКО-да бекіту керек. Қызмет құны — 1 202 теңге.

ХҚКО-ға өзіңіз жасаған дайын құжатты (екі данасы болу керек) ала келесіз.

Көбі келісімшартқа отырғаннан кейін бітті деп ойлайды, бұл қате. Сатып алушы келісімшартты мемлекеттік тіркеген соң ғана мүліктің толыққанды иесі атанады.

Келісімшарт жасағаннан кейін (нотариус арқылы рәсімдесе де, өздері жасаса да) мәмілені және меншік құқығын тіркеуге өтініш жіберу керек.

Меншік құқығын (пәтер, үй, жер телімі, гараж) тіркеу үшін төленетін баж салығы — 1 073 теңге.

Әртүрлі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу құны 2018 жылы бекітілген. Толық тізім мына жерде.

Тіркеу үш жұмыс күні ішінде орындалады.

Тіркеу туралы хабарламаны екі сағатта алуға да мүмкіндік бар. Ол үшін 5 000 теңге төлейсіз.

Тіркеу ақысын сатып алатын адам төлейді.

По сообщению сайта Крыша

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями