Популярные темы

Қазақстанда баласына алимент төлемеген 150-ге жуық әйел іздестіріліп жатыр

Дата: 18 октября 2023 в 13:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда баласына алимент төлемеген 150-ге жуық әйел іздестіріліп жатыр
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Оның 1476-сы ер адам және 142-сі әйел адам.

Қадағалаушы орган жариялаған статистикаға сүйенсек, іздеуде жүргендердің көбінің жасы 31-40 жас аралығында екен.

Өңірлер бойынша қарастырсақ:

2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы).

Анықтама ретінде: Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі :

Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды.

Жалпы алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 309 670 атқарушылық іс орындауда болды.Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Бұл ретте балаларға ғана емес, ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға да алимент өндіріп алынады.

291 886 атқарушылық іс – балаларды күтіп-бағуға арналған алимент бойынша;

773 атқарушылық іс – еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға;

4 506 атқарушылық іс – еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағу өндірістері болды.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz порталында («алимент бойынша борышкерлерді іздестіру» бөлімінде — тұлғаның тегі, аты — жөні) азаматтар, алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер болып саналатын тұлғаларды іздестіру есебінде болуын тексеруге болады.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями