Популярные темы

Абай облысында қандастарды қоныс аудару жоспары 71%-ды құрайды

Дата: 17 октября 2023 в 18:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында қандастарды қоныс аудару жоспары 71%-ды құрайды
Стоковые изображения от Depositphotos


Бүгінде облыста 21 336 жұмыс орны құрылды, бұл жоспардың 86%-ын құрайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық шаралар еңбек ұтқырлығын арттыру бойынша бекітілген Жол картасы аясында жүйелі жүргізіледі.

Өңірде жұмыс берушілерді тарта отырып, бос орындар жәрмеңкелері үнемі өткізіліп тұрады. Оларға тұрақты негізде 150-ден астам мекеме қатысады.

Соңымен қатар, еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударушыларды көшіруге 238 адамға бөлінген квота мерзімінен бұрын орындалып, қосымша 150 адамға квота бөлуге өтінім берілді.

Қазіргі күні қандастарды қоныс аудару жоспары 71%-ды құрайды, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш толығымен жүзеге асырылады деп көзделген. Бағдарлама қатысушыларына барлық мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп жатыр.

Тұтастай алғанда, қабылданып жатқан кешенді шаралар Жұмыспен қамту саласының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуге, сондай-ақ 2-тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейін 4,7 % дейін төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями