Популярные темы

Қазақстанның алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Дата: 19 октября 2023 в 09:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанның алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Синоптиктер Қазақстанның алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі. 

Ақтөбе облысының солтүстігі, шығысы, орталығы тұманды болады.

Ақмола облысының батысында тұман. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями