Стоковые изображения от Depositphotos
Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Финляндияны 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Финляндия құрамасы алғашқы таймда есепті ашты.
Ал екінші таймның 77-минутында Бахтиер Зайнутдинов пенальти кезінде гол салып, есепті теңестірді.
Ал 90-минутта Зайнутдинов тағы бір гол соғып, ұлттық құраманы алға шығарды.
Кездесу 2:1 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.
Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеу кезеңінде тағы екі ойыны бар. 17 қарашада Сан-Мариномен, 21 қарашада Словениямен ойнайды.
Сурет: instagram.com/kazfootballteam
По сообщению сайта Arna Press