Популярные темы

депо: новости — страница 4

Мемлекеттік сатып алуларда шетелдік тауарларды екі жыл бойына шектеу жоспарланып отыр

Arna Press, 06 марта 2024 в 14:58

Мемлекеттік сатып алуларда шетелдік тауарларды екі жыл бойына шектеу жоспарланып отыр
Мемлекеттік сатып алуларда шетелдік тауарларды екі жыл бойына шектеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлттық режимнен алу — бұл шетелдік әлеуетті өнім берушілердің белгілі бір тауарларын (атқарылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) мемлекеттік сатып алуға қатысуларына қол жетімділігін шектеу.

ҚМДБ: Биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді

Arna Press, 05 марта 2024 в 21:58

ҚМДБ: Биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері 640 теңге болып белгіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.

ХҚКО қызметкерлері енді мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсететін болады

Arna Press, 04 марта 2024 в 18:38

ХҚКО қызметкерлері енді мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсететін болады
Қазақстанның 20 облысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын 29 connection point ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Айта кетер болсақ, connection point – азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға көмектесетін аумақ болып табылады.

Алматыдағы жер сілкінісі: ғимараттардың зақымдалғаны туралы қайда хабарласу керек

Крыша, 04 марта 2024 в 18:07

Алматыдағы жер сілкінісі: ғимараттардың зақымдалғаны туралы қайда хабарласу керек
Алматыда жер сілкінісінен кейін жедел желі жұмыс істеп тұр. Жедел штаб жасалды. Сұрақтар және ғимараттардың зақымданғаны бойынша қала тұрғындары мен қонақтары 8 (727) 278 20 83, 278 20 84 телефоны арқылы хабарласа алады.Жер сілкінісі 4 наурызда сағат 11:20-да болды. Эпицентрі Алматыдан 31 шақырымда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасты.

Как изменились российские города за 20 лет

Газета.ru, 04 марта 2024 в 17:16

Как изменились российские города за 20 лет
Алексей потерял способность ходить еще в детстве. Врачи обнаружили у него кистозную опухоль в позвоночнике и в срочном порядке отправили мальчика на операционный стол. Вот только после хирургического вмешательства он не смог даже стоять. В конце 90-ых Алексей начал пользоваться креслом-коляской. Но его жизнь от этого не сильно изменилась — несколько лет он практически не выходил из дома.

Семейде пышақпен қаскөйді ұстаған полиция қызметкерін марапатқа ұсынбақ

Arna Press, 04 марта 2024 в 13:58

Семейде пышақпен қаскөйді ұстаған полиция қызметкерін марапатқа ұсынбақ
Патрульдік полиция қызметкері аға сержант Ахатов, 34 жастағы күдіктінің заңсыз әрекеттерінің жолын кесу кезінде жарақат алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Осыған қарамастан, полиция қызметкері әріптесімен бірге қылмыскерді ұстаған.«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп — тексеру басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.Белгілі болғандай, Абай облысының Полиция Департаменті өмірін қатерге тігіп, қаскөйді ұстаған аға сержантты марапатқа ұсынуды жоспарлап отыр.Естеріңізге сала кетейік, 29 ақпанда түстен кейінгі уақытта, полицейлер 13 жасар қыздан белгісіз ер адам оның артынан қалмай, аңдып жүргені туралы хабарлама алды.Заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін қызметтік көліктен шыққан кезде патрульдік полиция қызметкері Асхат Ахатовқа қылмыскер пышақпен шабуыл жасады.

Алматыда тағы да жер сілкінді

Arna Press, 04 марта 2024 в 13:58

Алматыда тағы да жер сілкінді
Бүгін, 2024 жылдың 4 наурызында Алматыда тағы бір күшті жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жерасты дүмпулерінің күші 5,4 балл.4 наурыз күні сағат 11.22-де Алматы қаласында жер сілкінісі болды. ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісі Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқандығын айтты.Өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етілді, полиция басқармасының жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарының қирауы мен зақымдалуын визуалды тексеру туралы ақпарат жинау үшін хабар берілді, мониторинг жүргізілуде.Сурет: Zakon.kz

ШҚО-дағы кәсіпорындардың бірінде жұмысшы қаза тапты

Arna Press, 04 марта 2024 в 12:58

ШҚО-дағы кәсіпорындардың бірінде жұмысшы қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысында жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жазатайым оқиға Маралды ауылындағы тау-кен кәсіпорнында болған. Краншы қаза тапты.«Алдын ала мәліметтер бойынша, кран сынғаннан кейін жұмысшы бульдозер жүргізушісінен техниканы сүйретуді сұраған, бірақ қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан, кран жүргізушісін басып кеткен.

Елімізде ақпан айында инфляция өсті

Arna Press, 01 марта 2024 в 16:08

Елімізде ақпан айында инфляция өсті
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда 2024 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі үдеп, 1,1%-ды (қаңтарда 0,8%) құрады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жылдық инфляция деңгейіне ең көп үлес қосқандар азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,8 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,9 пайыздық тармақ), киім-кешек пен аяқ киім (1 пайыздық тармақ) болды.Тұтыну бағалары индексінің (ТБИ) құрылымында бағалар жыл ішінде өсті:Мәселен, бір жылда нан өнімдері мен жарма бағасы 9,4%-ға, ет және ет өнімдері – 6,5%-ға өсіп, инфляцияға тиісінше 0,6 және 0,8 пайыздық тармаққа негізгі үлес қосты.Жұмыртқа 18,3%-ға, алкогольсіз сусындар – 10,7%-ға және әрқайсысы 0,2%-ға өсті, сүт өнімдері (10%-ға), жемістер мен көкөністер (6,2%-ға) – 0,4%-ға әр жылдық инфляция өсті.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бір жылда 14,4%-ға қымбаттап, олардың инфляцияға қосқан үлесі 1,9%-ды құрады.

Қазақстандықтар уақыт белдеуін ауыстырғаннан кейін бір күнге «қартайған»

Arna Press, 01 марта 2024 в 14:28

Қазақстандықтар уақыт белдеуін ауыстырғаннан кейін бір күнге
Сағат тілі ауысқаннан кейін кейбір қазақстандықтар қызық өзгерістерге тап болды — электрон құжаттарда туған күні өзгерген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Банктердің бірінің «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі, сондай-ақ eGov.kz сайтында қазақстандықтар бір күнге «қартайғанын» — туған күні өзгергенін анықтады.Бұл Астана, Алматы, Шымкентте және еліміздің тағы 12 облысында сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыған күннің ертеңінде байқалды.

Азия чемпионаты: Спортшыларымыз 20 алтын медаль жеңіп алды

Arna Press, 01 марта 2024 в 14:28

Азия чемпионаты: Спортшыларымыз 20 алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар Филиппинде өтіп жатқан XI Азия чемптонатын тарихи жетістікпен аяқтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап. Олар жүзуден 20 алтын медаль жеңді.Нью-Кларк-Сити қаласында 14 және одан жоғары жастағылар арасында өткен жарыс 4 күнге созылып, шешуіші сайыста спортшыларымыз 6 алтын, 1 күміс және 1 қола медальді қанжығасына байладыЖалпы қазір құрама қоржынында 36 медаль бар.Бұл көрсеткішпен Қазақстан Жапониядан кейін жалпыкомандалық есеппен екінші орынға жайғасты.Сурет: pixabay

Қазақстан Республикасының судьялары

Магнолия, 29 февраля 2024 в 17:38

Қазақстан Республикасының судьялары
Қазақстан Республикасының судьялары, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын басшылыққа ала отырып; Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының, Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пакті ережелерінің, БҰҰ Бас Ассамблеясының Қарарымен мақұлданған сот органдары тəуелсіздігінің негізгі қағидаларының маңыздылығын сезіне отырып; судьялардың тəуелсіздігі, объективтілігі, теңдігі, адалдығы мен сатылмайтындығы, құзыреттілігі мен ұқыптылығы жəне əдеп нормаларын сақтау туралы судья — лардың жүріс-тұрысының Бангалорлық қағидаттары мен қағидаларын ескере отырып; үстемдікті құқық пен демократияның, ал сот билігінің тəуелсіздігін əділ сот талқылауына деген құқықтың базалық элементі ретінде мəлімдей отырып; азаматтардың, қоғамның адамагершілік, адалдық пен сатылмайтындық мəселелерінде биліктің сот тармағына, сон — дай-ақ сот жүйесінің беделіне деген сенімі қазіргі демокра — тиялық қоғамда аса маңызды рөлге ие екендігін мойындай отырып; осы Судьялық əдеп кодексін (бұдан əрі – Кодекс) қабылдай отырып, жұмыс істеп жүрген судьялар мен отставкадағы судьялар үшін жүріс-тұрыстың мынадай əдеп қағидаларын белгілейді.

Семейде 20 млн теңгеге есірткі тәркіленді

Arna Press, 29 февраля 2024 в 14:28

Семейде 20 млн теңгеге есірткі тәркіленді
Семей қаласында арнайы бөлімшенің күштік қолдауымен синтетикалық есірткінің ірі сатушыларының қызметі тоқтатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ұсталғандардың үйін тінту кезінде салмағы 500 г-нан асатын «мефедрон» психотроптық затын тауып, тәркіледі.

Абай облысындағы ақылы жолдарға қарыз көбейген

Arna Press, 28 февраля 2024 в 14:18

Абай облысындағы ақылы жолдарға қарыз көбейген
Абай облысындағы ақылы жолдарға қарыз көбейген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өңірде қазір «Омбы-Майқапшағай» трассасының «Павлодар-Семей-Қалбатау» аралығындағы жол ақылы болып саналады. Әзірге тек жүк көліктері үшін ғана. Қазір аталған бағытта жүріп өткен 2045 көліктің иелері берешектерін өтемеген.

Алматыда 2 млн теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Arna Press, 28 февраля 2024 в 13:28

Алматыда 2 млн теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
Алматыда 2 млн теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Мәселе Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында полиция қызметкерлері ұстаған Toyota Land Cruiser көлігінің иесі туралы болып отыр. Автоматтандырылған бағдарламалық жүйелерден алынған мәліметтерге сәйкес, жол талғамайтын көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережесін 73 рет бұзған.Айыппұлдың жалпы сомасы 2 миллион 223 мың теңгені құрады.

Қазақстанда депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме бекітілді

Arna Press, 28 февраля 2024 в 12:38

Қазақстанда депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме бекітілді
Қазақстанда депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме бекітілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қор мәліметінше, 2024 жылғы наурызда жеке тұлғалардың тіркелген пайыздық мөлшерлемесі бар жаңадан тартылған депозиттері бойынша келесі шекті пайыздық мөлшерлемелер қолданылады:Айта кетейік, екінші деңгейдегі банктер өз депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшері туралы өз бетінше шешім қабылдайды.

Ұлттық банк банкноттарды айырбастауға қатысты мәлімдеме жасады

Arna Press, 28 февраля 2024 в 12:38

Ұлттық банк банкноттарды айырбастауға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) «Сақ стилі» жаңа сериясының банкноттарын шектеусіз айырбастайды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа «Сақ стилі» сериясының банкноталары бірнеше жыл ішінде біртіндеп айналымға шығатынын еске салады.«Дегенмен, ескі және жаңа банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі белгіленеді.

Семейде соңғы үш күнде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті

Arna Press, 27 февраля 2024 в 20:28

Семейде соңғы  үш күнде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті
Семейде соңғы үш күнде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Қазгидромет» филиалының мәліметінше, жауын-шашын мөлшері:. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс режиміне көшірілді. Қазіргі уақытта біздің қала су тасқынына қарсы ауқымды іс-шаралар өткізуде.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Arna Press, 27 февраля 2024 в 19:08

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында талқыланып отырған проблематика Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан зор мәнге ие екенін атап өтті.Бұдан бөлек, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады.

Пойыздың тоқтату кранын жұлып алған екі жолаушыға айыппұл салынды

Arna Press, 27 февраля 2024 в 19:08

Пойыздың тоқтату кранын жұлып алған екі жолаушыға айыппұл салынды
Пойыздың тоқтату кранын жұлып алған екі жолаушыға айыппұл салынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан бері Көліктегі ПД қызметкерлері 12935 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін 1048 дерек болған. Сондай-ақ пойызды тоқтату кранын жұлып алудың 10 фактісі тіркелді.Мәселен, 24 ақпанда Ақтөбе облысының Тассай – Шалқар аралығында тоқтату кранын жұлып алуына байланысты Маңғышлақ – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы кестеден тыс тоқтады.

В Астанинской агломерации планируется построить 7 пожарных депо

kapital.kz, 27 февраля 2024 в 17:56

В Астанинской агломерации планируется построить 7 пожарных депо
Фото: Руслан ПряниковЗона пригородов столицы не обеспечена противопожарной инфраструктурой. Об этом сегодня в ходе заседания правительства, докладывая о проекте Комплексного плана развития Астанинской агломерации на 2024 – 2028 годы, сообщил аким Акмолинской области Марат Ахметжанов, передает корреспондент центра деловой информации Kapital.kz.«На сегодняшний день пристоличная зона не обеспечена должной противопожарной инфраструктурой.

Ежедневно из пригородов в Астану заезжает 200 тысяч человек

kapital.kz, 27 февраля 2024 в 16:36

Ежедневно из пригородов в Астану заезжает 200 тысяч человек
Фото: Руслан ПряниковВ пригороде Астаны проживают 40% населения Акмолинской области. За последние 10 лет население столицы увеличилось на 46%. По прогнозным данным, к 2035 году население столицы составит 2,3 млн человек, передает корреспондент центра деловой информации Kapital.kz.«Министерством совместно с акиматами города Астаны и Акмолинской области разработан проект Комплексного плана развития Астанинской агломерации на 2024 – 2028 годы.

Тіл — халықтың жан дүниесі

Магнолия, 27 февраля 2024 в 13:08

Тіл -  халықтың жан дүниесі
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

Қанша қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алады

Arna Press, 26 февраля 2024 в 16:58

Қанша қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алады
2024 жылғы 1 ақпанда 262 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылғы 1 ақпанда 49,7 мың отбасындағы 262,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 75,9 млрд теңге қарастырылған.Бұрын хабарланғандай, АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.АӘК мыналарды көздейді:Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.Сурет: egov.kz

15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Arna Press, 26 февраля 2024 в 15:18

15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.2009 жылы Павлодар полициясына жұбайының жоғалып кеткені туралы ер адам жүгінген. Оның айтуынша, ол досына кетіп, қайтып оралмағанЖоғалған адамды іздестіру басталды, Қазақстан мен көрші мемлекеттің өңірлері бағдарланды, ол жақта жоғалған адам жайлы хабар тараған.

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жетті

Arna Press, 26 февраля 2024 в 14:28

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жетті
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Елордалық соттың баспасөз қызметі күдікті Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс 26 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскенін түсіндірді.2024 жылғы 26 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына күдіктілер Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті.2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Қайғылы оқиға елордадағы «Бау» мейрамханасында болды.2024 жылдың 8 қаңтарында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды деп хабарланды.

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Arna Press, 26 февраля 2024 в 14:28

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге», — делінген хабарламада.2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 343 мың адам.«Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 210,4 миллиард теңге жұмсалды», — делінген хабарламада.Сурет: Tengrinews.kz

Президент сабақта ұялы телефонды пайдалануды шектейтін заңға қол қойды

Arna Press, 24 февраля 2024 в 13:08

Президент сабақта ұялы телефонды пайдалануды шектейтін заңға қол қойды
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сабақта ұялы телефонды пайдалануды шектейтін заңға қол қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген Ақорда хабарламасында.Сурет: Zakon.kz

Трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшісі Польшадан экстрадицияланды

Arna Press, 23 февраля 2024 в 20:08

Трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшісі Польшадан экстрадицияланды
Трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшісі Польшадан экстрадицияланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің көмегімен Польша Республикасынан трансұлттық ұйымдасқан топты құру және басқару үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Украина азаматын экстрадициялады.Ол 2022 жылы құрған қылмыстық топ Қазақстан аумағында аса ірі көлемде психотроптық заттарды өндірумен және сатумен айналысқан.«Тәркіленген заңсыз заттардың көлемі 1 тоннадан астам, ал олардың заңсыз айналымдағы жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайды.Көрсетілген қылмыстарды жасағаннан кейін ұйымдасқан топ мүшелері құрықталды, ал оның жетекшісі жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланған», — делінген хабарламада.2023 жылдың тамыз айында күдікті Польшаның аумағында ұсталды.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол экстрадицияланып, қазіргі уақытта Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Цифрлық даму министрлігі сағат белдеуінің өзгеруіне байланысты қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Arna Press, 23 февраля 2024 в 19:18

Цифрлық даму министрлігі сағат белдеуінің өзгеруіне байланысты қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады
2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Осы іс-шараны жүзеге асыру мақсатында келесі шаралар қабылданды:1) IANA (Интернет мекенжай кеңістігінің әкімшілігі), ХЭБО, РСС, ICANN, IETF, IESG сынды халықаралық ұйымдарға Қазақстанның бірыңғай 5-ші уақыт белдеуіне көшуі, сондай-ақ Қазақстан үшін уақыт белдеулерінің (time zone database) жалпыға қолжетімді дерекқорындағы деректерді жаңарту қажеттілігі туралы ресми хабарланды.Осыған байланысты абоненттер шығарылған жаңартуларды Android және IOS сияқты халықаралық операциялық жүйелермен жаңартуы қажет.2) Цифрлық даму министрінің тапсырмасына сәйкес, байланыс операторлары:өздерінің ақпараттық жүйелерінің қажетті өлшемдерін дайындау бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын өткізеді;ұялы байланыс операторларының қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберуін, сондай-ақ интернет-ресурста және мобильді қосымшада (бар болған жағдайда) хабарлауды қоса алғанда, қызмет көрсету арналары арқылы өз абоненттері мен пайдаланушыларына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы алдын ала хабарлау бойынша шараларды жүзеге асырады;Интернетті қоса алғанда, ұсынылатын байланыс сервистері мен қызметтерінің тұрақтылығын сақтау, сондай-ақ тарифтің ай сайынғы төлемін екі есе есептеу жағдайларын болдырмау мақсатында техникалық инфрақұрылымды дайындайды.«Толығырақ ақпарат алу үшін байланыс операторларына хабарласуға болады.» ЦДИАӨМ баспасөз қызметіБұған дейін қазақстандықтарға біртұтас уақыт белдеуіне өтуге байланысты мүмкін болатын байланыс ақаулары туралы ескертілген болатын.
Показано 30 новостей из 2 381