Популярные темы

Қазақстан Республикасының судьялары

Дата: 29 февраля 2024 в 17:38


Қазақстан Республикасының судьялары
Стоковые изображения от Depositphotos Қазақстан Республикасының судьялары,  Қазақстан Республикасының Конституциясын,  «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының  мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңын басшылыққа ала отырып;  Адам құқықтарының жалпыға бірдей  декларациясының, Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы  халықаралық пакті ережелерінің, БҰҰ Бас Ассамблеясының  Қарарымен мақұлданған сот органдары тəуелсіздігінің негізгі  қағидаларының маңыздылығын сезіне отырып; судьялардың тəуелсіздігі, объективтілігі, теңдігі,  адалдығы мен сатылмайтындығы, құзыреттілігі мен  ұқыптылығы жəне əдеп нормаларын сақтау туралы судья — лардың жүріс-тұрысының Бангалорлық қағидаттары мен  қағидаларын ескере отырып;  үстемдікті құқық пен демократияның, ал сот билігінің  тəуелсіздігін əділ сот талқылауына деген құқықтың базалық  элементі ретінде мəлімдей отырып; азаматтардың, қоғамның адамагершілік, адалдық пен  сатылмайтындық мəселелерінде биліктің сот тармағына, сон — дай-ақ сот жүйесінің беделіне деген сенімі қазіргі демокра — тиялық қоғамда аса маңызды рөлге ие екендігін мойындай  отырып; осы Судьялық əдеп кодексін (бұдан əрі – Кодекс)  қабылдай отырып, жұмыс істеп жүрген судьялар мен  отставкадағы судьялар үшін жүріс-тұрыстың мынадай əдеп  қағидаларын белгілейді.
1-бап Судья берген антына берік болуға, қоғамдық қызмет  пен тұрмыстық жағдайда кез-келген əрекеттерді жүзеге  асырған кезде, əдепсіз жүріс–тұрыстың көріністеріне жол  бермей, судья лауазымының жоғары мəртебесіне лайық  болып, əдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауға тиіс. Судья заң үстемдігін жəне сот органдарының  тəуелсіздігі қағидаттарын қорғауға жəне жүзеге асыруға тиіс.  Судья сот билігінің беделін түсіруге əкеп соғуы жəне  судьяның абыройына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген іс — əрекеттерден аулақ болуға тиіс.  2-бап Судья өзінің кəсіби қызметін атқарған кезде заңға  бағынуға жəне кез келген сырттан ықпал етуге жол бермеуге,  кімнен шыққандығына қарамастан қорқытуға, қысым жасау  мен құқықтық емес əсерлерге, сот процесіне тікелей немесе  жанама араласуға қарсы тұру қажет. Судья сот отырысын жүр — гізудің жоғары мəдениетін қамтамасыз етуге, өзін лайықты,  əдепті ұстауға жəне процеске қатысушылар мен өзге де сот  отырысына қатысушы адамдардан сондай қарым-қатынасты  талап етуге жəне сот төрелігінің əділдігі олардың күмəнін  туғызбауы үшін шаралар қолдануға тиіс. Судья қабылдайтын процестік шешімдердің  заңдылығы мен негізділігі қандай да бір жария талқылауға  немесе оның қызметін қандай да бір бағалауға қарамастан  қамтамасыз етілуге тиіс.  Судьяның кəсіби міндеттерін атқарған кездегі жүріс — тұрысы судьяның адалдығы мен сатылмайтындығы туралы  қоғамның сенімділігін қалыптастастырып, нығайтуы тиіс. Сот төрағасы (алқа төрағасы) ұйымдастырушылық — өкімдік өкілеттіктерді жүзеге асырған кезде судьялардың  тəуелсіздігін шектейтін іс-əрекеттерге жол беруге, оларға  қысым көрсетуге, сондай-ақ судьялардың сот төрелігін іске  асыру жөніндегі қызметіне ықпал ету мақсаты бар өзге де  əкімшілік ықпал ету əдістерін қолдануға құқылы емес.
3-бап Судья заңды күшіне енбеген сот шешімдерінің  заңдылығына қатысты жария мəлімдемелерден жəне сот  жүйесінің абыройын түсіріп, сот төрелігінің мүдделеріне  залал келтіруі мүмкін түсіндірмелерден тартынуға тиіс.  Аталған ережелер судьяны бірыңғай сот практикасын  əзірлеу мақсатында сот шешімдерін құқықтық талдаудан  жəне істерді қарау нəтижелері бойынша жария пікірталастан  шектемейді.  4-бап Судьяның соттан тыс жердегі жүріп-тұруы, оның  процеске қатысушылармен өзара қарым-қатынасы соттың  тəуелсіздігі туралы қоғамның сенімділігін сақтауға ықпал  етуге тиіс.  Судья нақты сот ісі бойынша іске қатысушы  адамдармен, олардың өкілдерімен, прокурормен, адвокатпен,  өзге де мүдделі адамдармен процестік жəне өзге де заңнамада  көзделмеген кез келген қарым-қатынас деп түсінілетін  процестік емес байланыстарды, егер осы іс-əрекеттер судья — ның объективтілігіне жəне бейтараптылығына негізделген  күмəннің туындауына алып келуі мүмкін болса, болдырмауға  тиіс.  5-бап Судья заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық  актілерді жалпылама, негізделмеген сынға алудан тартынуға  тиіс.  Аталған ереже судьяға құқықтық нормаларды  түсіндіруге, түсініксіздік, қарама-қайшылық себептер  бойынша немесе өзге де негіздер бойынша оларды бағалауға  байланысты өзінің пікірін жалпы ғылыми-практикалық  пікірталастарға, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге,  семинарларға немесе басқа да ресми іс-шараларға қатысу  арқылы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында білдіруге  кедергі келтірмейді.
Судья өз білімін арттыру, практикалық тəжірибе мен  жеке қасиеттерін жетілдіру мақсатында, үздіксіз оқу мен  өз бетінше білім алу тəсілдерін пайдалана отырып, үнемі  шаралар қолдану қажет. Ұлттық заңнамамен қатар судья ра — тификацияланған конвенциялар мен өзге де негіз қалаушы  халықаралық актілер туралы хабардар болуға тиіс.  6-бап Судьяның кəсіби қызметі саяси мақсатты көздейтін  саяси партияда немесе қоғамдық бірлестікте мүше болумен  үйлеспейді. Ол осындай ұйымдарды қолдап жария сөз  сөйлеуге, олардың саяси өміріне қатыспауға тиіс.  Судья нақты іс бойынша шешім шығаруға байланысты  емес мемлекеттік, саяси қызметтік регламенттелмеген жария  бағалаудан аулақ болуға тиіс. Осы баптың ережелері судьяның саяси жəне қоғамдық  өмірдің кез келген мəселелері бойынша пікір білдіру  бостандық құқығын шектеу ретінде қаралуға тиіс емес. 7-бап Жұртшылық тарапынан болып тұратын тұрақты назар  судьяға өзіне бірқатар шектеулер қою міндетін жүктейді.  Судья беделіне нұқсан келтіретін қоғамдық іс-шаралар мен  өзге де көпшілік орындардан аулақ болуға тиіс. 8-бап Судья міндеттерін орындаған кезде өзінің діни  нанымы мен ұстанатын дінін көрсетуден тартынғаны жөн.  Ар–ождан бостандық құқығын жүзеге асырған кезде, судья сот билігінің абыройына күмəн туғызбау үшін, барлық  жағдайларда ұстамдылық пен сабырлылық сақтау тиіс.
 ӘДЕП КОДЕКСІ • СУДЬЯЛЫҚ ӘДЕП КОДЕКСІ  9-бап Судья сот қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарында  кəсіби көрсетілуіне ықпал етуге тиіс.  Судья бұқаралық ақпарат құралдарына істі қараудың  процестік сатылары туралы мəліметтерді, қабылданған  сот шешіміне түсіндірмелерді, материалдық жəне про — цестік құқықтың нормаларын қолданудың қалыптасқан сот  практикасы туралы ақпаратты бере алады. Егер судьяның қызметі бұқаралық ақпарат  құралдарында оның беделіне негізсіз нұқсан келтіріліп  көрсетілсе, онда өз құқықтарын қорғаудың өзге тəсілдері  таусылған айрықша жағдайларда судьяға ар-намысын,  қадiр-қасиетiн жəне iскерлiк беделiн қорғау мақсатында құқық  қорғау жəне сот органдарына жүгінуге болады.  10-бап Судья сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметіне  байланысты сыйлықтарды, жеңілдіктерді, артықшылықтарды,  өтеусіз көрсетілетін қызметтерді өзі де алмағаны жəне отбасы  мүшелеріне де, процестік тəуелді адамдарға да алуға рұқсат  бермегені жөн. 11-бап Судья жеке таныстық пен байланыстарда талғампаз  болуға тиіс, одан қызметтік тəуелділіктегі адамдармен,  сондай-ақ оның өндірісіндегі істер бойынша сот процестерінің  қатысушылары болып табылатын адамдармен қаржылық  міндеттемелерді туындататын азаматтық–құқықтық  мəмілелерді жасасудан аулақ болуға тиіс.  Судьяға оның қызметтік жағдайына байланысты  белгілі болған құпия ақпарат сот төрелігін іске асыруға  байланысы жоқ кез келген өзге мақсаттарда пайдаланылуы  жəне кімге болсын ашылуы мүмкін емес.

Судья өз беделі мен отбасы мүшелерінің беделі  туралы ойлау керек жəне қызметтік жағдайын өзінің жеке  мүдделеріне, отбасы мүшелерінің жəне басқа да адамдардың  мүдделеріне пайдаланбауы тиіс.  Үміткер, судья лауазымына іріктеуге қатысу кезінде,  сондай-ақ, судья өз өкілеттігін жүзеге асыру барысында,  отбасылық жəне мүдделер қақтығысына жол бермеу қажет. Отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының қылмыс  жасаған фактісі туралы судья белгіленген тəртіппен уəкілетті  органның кадр қызметіне шынайы ақпаратты кідіріссіз  ұсынуы тиіс.  Судья кəмелетке толмаған балаларын асырау,  тəрбиелеу, ата-анасы мен басқа да отбасының еңбекке  қабілетсіз мүшелерін асырау жөніндегі заңдық міндеттерін  тиісінше орындау үшін күш-жігерін салғаны жөн.  Судья өз отбасы мүшелерінің материалдық мүдделері  туралы хабардар болуға жəне ол үшін ақылға қонымды  шаралар қолдануға тиіс.  Судья өз отбасы мүшелеріне, жақын туыстарына  жəне басқа да адамдарға оның сот төрелігін іске асыруға  байланысты іс-əрекеттеріне ықпал етуге жол бермеуі тиіс.  13-бап Осы Кодексте белгіленген жүріс-тұрыс қағидаларын  атқарып отырған қызметіне қарамастан Қазақстан  Республикасының барлық судьялары, сондай-ақ отставкадағы  судьялар орындауға тиіс.  Судьялық əдепке байланысты қандай да бір мəселелер  осы Кодекспен реттелмеген жағдайларда, судья жалпы  қабылданған мораль мен адамгершілік қағидаттарын, сондай — ақ сот төрелігін іске асыру мен судьялардың жүріс-тұрыс  саласындағы халықаралық стандарттарды ұстануға тиіс.  Судья судьялар қауымдастық органына жүріс — тұрысының мүмкін моделінің судьялардың нақты жағдайдағы  жүріс-тұрысының əдеп қағидаларына сəйкестігі туралы сұрау
 салып, жүгінуге құқылы. Судьялар қауымдастығының мұн — дай сауалды қарау нəтижелері жөніндегі жауабы ұсынымдық  мəнде болады. 14-бап Сот билігінің беделін түсіруге əкеп соққан жəне  судьяның абыройына нұқсан келтірген осы Кодекстің  ережелерін бұзу судьяны заңға сəйкес тəртіптік жазаға тарту  үшін негіз болып табылады.  Азаматтардың шағымы бойынша осындай  бұзушылықтар үшін судьяларға қатысты қоғамдық ықпал ету  шаралары да қолданылуы мүмкін. 15-бап  Осы Кодекс судьялар үшін Қазақстан Республикасының  Конституциясында, заңдарында жəне ратификацияланған  халықаралық актілерде көзделген өз құқықтарын еркін жəне  кедергісіз іске асыруға қандай да бір шектер мен шектеулерді  белгілеу мақсатын көздемейді.  Осы Кодекстің ережелері Кодекс қабылданған сəттен  бастап күшіне енеді жəне оларды Қазақстан Республикасы  судьяларының съезі өзгертуі, толықтыруы немесе күшін  жоюы мүмкін.  Осы Кодекс қабылданғаннан бастап 2009 жылғы 18  қарашада Қазақстан Республикасы судьяларының V съезінде  қабылданған Судья əдебі кодексінің күші жойылады.
Тараз қаласы №2 сотының судьясы Н.Дауылбаев

По сообщению сайта Магнолия

Поделитесь новостью с друзьями