Популярные темы

депо: новости

Абай облысында пәтер жалдау сылтауымен адамдарды алдаған адамдар ұсталды

Arna Press, 09 сентября 2026 в 17:58

Абай облысында пәтер жалдау сылтауымен адамдарды алдаған адамдар ұсталды
Абай облысының полицейлері пәтер жалдау сылтауымен жасалған интернет-алаяқтықтың бірқатарын ашты, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Қаскөй танымал интернет-платформаларға тәуліктік жалға берілетін пәтерлер туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Қызығушылық танытқан азаматтардан алдын ала төлем мен кепілақы алған соң, байланысын үзген.Алайда көрсетілген мекенжайға барған жәбірленушілер пәтерлердің шын мәнінде жалға берілмейтінін анықтаған.Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция 22 жастағы Орал қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

«Мені іздемеңдер»: Абай облысында 9 жастағы оқушы ата-анасын алдамақ болған

Arna Press, 09 сентября 2026 в 17:58

Ата-анасына «пранк» жасамақ болған 9 жастағы бала үй ауласындағы шаруашылық құрылыстан табылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Абай облысының Мақаншы ауданында 9 жастағы оқушының жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға түсті.Төртінші сынып оқушысы сағат 13:00 шамасында мектепке кеткен.

Семейде аударыспақтан облыстық жарыс өтеді

Arna Press, 09 сентября 2026 в 15:28

Семейде аударыспақтан облыстық жарыс өтеді
Семей қаласының күніне арналған мәдени-спорттық шаралар аясында 19 қыркүйек күні аударыспақтан облыстық жарыс өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 19 қыркүйек күні, сағат 09:00 Абай облысының аудандары мен Семей қаласынан жиналған үздік спортшылар ұлттық спорттың бірегей түрі – аударыспақтан өзара мықтыны анықтайды.

Семейде қала күніне бәйге: бас жүлдеге автокөлік пен квадроцикл

Arna Press, 09 сентября 2026 в 15:28

Семейде қала күніне бәйге: бас жүлдеге автокөлік пен квадроцикл
«Семейді сүю – тарихқа бас ию!» мәдени-спорттық шарасы аясында ұлттық ат спортының ең көрікті сайыстарының бірі – бәйгеден дүбірлі жарыс өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 19 қыркүйек, сағат 11:00. Степной кентіндегі атшабарЖарыс үш бағыт бойынша ұйымдастырылады:Аламан бәйге – 25 шақырым.

Семей қаласының күніне арналған үш күндік мерекелік бағдарлама

Arna Press, 09 сентября 2026 в 15:28

Семей қаласының күніне арналған үш күндік мерекелік бағдарлама
Семей қаласы күніне арналған үш күндік мерекелік мәдени-спорттық іс-шараларға шақырамыз, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 18 қыркүйек «Семей – жүрегімдегі қала» мерекелік іс-шарасы Қалалық мәдениет сарайы,14:00«Семей батыры» күштік экстрим жарысы. Ертіс өзенінің оң жағалауы.

Жазғы Азия төріндегі Абай спортшылары сынға түседі

Arna Press, 08 сентября 2026 в 19:38

Жазғы Азия төріндегі Абай спортшылары сынға түседі
19 қыркүйек – 4 қазан аралығында Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында XX Жазғы Азия ойындары өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Спорт басқармасына сілтеме жасап. Азияның ең ірі спорт додасында Абай облысының спортшылары Қазақстан Республикасының көк байрағын биік ұстап, ел намысын қорғайды. Дзюдодан Асхат Ажар – 70 кг және Қажыбаев Ерасыл – 100+ кг.

Семейде жаяу жүргіншіні көлік қағып, қаза болды

Arna Press, 08 сентября 2026 в 17:48

Семейде жаяу жүргіншіні көлік қағып, қаза болды
Семейде жол-көлік оқиғасы салдарынан 69 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Қайғылы жағдай 8 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында болған. Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі Қ. Мұхамедханов көшесімен келе жатып, Абай көшесіне солға бұрылған кезде реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.Алған жарақаттарының салдарынан 69 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды.Аталған факті бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған көлік құралын басқарған тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты төмендетіп, бұрылу және басқа да маневрлер жасау кезінде барынша сақ болуға шақырады.Полиция сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігіне шығар алдында, тіпті бағдаршамның рұқсат ететін сигналы жанған кезде де, айналадағы жағдайды бағалап, қозғалыстың қауіпсіз екеніне көз жеткізуді ескертеді.Фото: ПД

Екі рет мүмкіндік берілді: Абай облысында алты баланың анасы түрмеге қамалды

Arna Press, 08 сентября 2026 в 17:48

Екі рет мүмкіндік берілді: Абай облысында алты баланың анасы түрмеге қамалды
Абай облысында ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған 35 жастағы әйел пробация талаптарын бірнеше рет бұзғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сілтеме жасап. Әйел бұған дейін екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, Абай облысы бойынша ҚАЖ пробация қызметінің есебіне қойылған.

«Қазақстан темір жолы» пойыздарында спутниктік интернет енгізілуде

Arna Press, 08 сентября 2026 в 17:48

«Қазақстан темір жолы» жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен жабдықтау жұмыстарын кеңейтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz компанияның баспасөзіне сілтеме жасап.8 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Starlink интернеті 31 бағыттағы 59 пойыз құрамында, яғни 770-тен астам вагонда қолжетімді. Қыркүйек соңына дейін 50 бағыттағы 124 пойыз құрамын, немесе 1 235 вагонды интернетпен қамту жоспарланған.Спутниктік интернеттің жылдамдығы секундына 100 мегабитке дейін жетеді.

Жарақат пен жеңілістен кейінгі күміс: Абайлық таеквондошы спорттағы қиындықтарын айтты

Arna Press, 08 сентября 2026 в 17:48

Жарақат пен жеңілістен кейінгі күміс: Абайлық таеквондошы спорттағы қиындықтарын айтты
4-7 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында таеквондодан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен үздік спортшылар жиналып, WT (World Taekwondo) нұсқасында бақ сынады. Қазақстанда екінші рет ұйымдастырылған чемпионатта Абай облысының намысын қорғаған Ильяс Қайратов 68 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді.

Қазақстанның 11 өңірінде 13 жаңа заманауи колледж салынады

Arna Press, 08 сентября 2026 в 15:48

Қазақстанның 11 өңірінде 13 жаңа заманауи колледж салынады
Жастарға заманауи талаптарға сай білім алып, сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік беретін жаңа оқу орындары ашылады, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметке сілтеме жасапБүгінде жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілердің қолдауымен 174 колледж жабдықталды. Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылардың көмегімен 13 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды.Алдағы уақытта 11 өңірде 13 жаңа колледждің құрылысы жоспарланған.

Астанада жүргізуші куәлігін алып беруге уәде еткен алаяқ сотталды

Arna Press, 08 сентября 2026 в 15:48

Астанада жүргізуші куәлігін алып беруге уәде еткен алаяқ сотталды
Астанада жүргізуші куәлігін таныстары арқылы жасап беруге уәде етіп, алты азаматты алдаған ер адам сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Баспрокуратураға сілтеме жасап. Ол азаматтардан жалпы сомасы 2,3 млн теңге алған. Алаяқ жүргізуші куәліктерін рәсімдеп беруге уәде еткенімен, өз міндеттемелерін орындамаған.

Семейде кейбір көшелерде уақытша шектеу енгізіледі

Arna Press, 07 сентября 2026 в 20:48

Семейде кейбір көшелерде уақытша шектеу енгізіледі
2026 жылғы 7 қыркүйек сағат 22:00-ден 8 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Мичурин және Морозов көшелерінің қиылысындағы теміржол өткелінде бетон жабындысын ауыстыру жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.

Абай облысында тұрмыстық зорлықтың соңы қайғылы аяқталды

Arna Press, 07 сентября 2026 в 18:48

Абай облысында тұрмыстық зорлықтың соңы қайғылы аяқталды
Абай облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан әйел өз күйеуінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Ер адам ішімдікке әуес болып, әйелін себепсіз қызғанып, жүйелі түрде ұрып-соғып отырған. Алайда жәбірленуші болған жағдайды ешкімге айтпаған. Қоғамның сынынан қорқып, отбасындағы мәселелерді «ұят» деп қабылдап, зорлық-зомбылыққа үнсіз төзген.Кезекті жанжал қайғылы аяқталды.

Абай облысында 74 мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылды

Arna Press, 07 сентября 2026 в 16:18

Абай облысында 74 мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылды
4–6 қыркүйек аралығында Абай облысының аумағында мотоцикл, мопед және өзге де мотокөлік құралдарының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Іс-шараның негізгі мақсаты — екі дөңгелекті көлік құралдарын басқаратын жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру.Полиция қызметкерлері мотокөлік құралдарының: тіркелуін және мемлекеттік нөмірінің болуын; қажетті құжаттарының болуын; жүргізушінің көлік басқару құқығын; техникалық жағдайын; мотошлем мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді.Іс-шара қорытындысы бойынша 288 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Нөмірсіз әрі мас күйде: Семейде мотоцикл жүргізушісі ұсталды

Arna Press, 07 сентября 2026 в 14:28

Нөмірсіз әрі мас күйде: Семейде мотоцикл жүргізушісі ұсталды
Абай облысының полицейлері жол қозғалысына қауіп төндірген жүргізушінің жолын кесті, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Оқиға сағат 21:30 шамасында болған. Құқық қорғау қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз қозғалып келе жатқан RECER маркалы мотоциклді тоқтатқан.Тексеру барысында 40 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.Осылайша, азамат бірден бірнеше талапты бұзған.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау басталды!

Arna Press, 07 сентября 2026 в 14:28

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Сыйлық 15 номинация бойынша табысталады. Оның ішінде: Үздік волонтерлік ұйым. Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы.

Павлодарда жалған анықтама үшін 6,6 млн теңге айыппұл салынды

Arna Press, 07 сентября 2026 в 14:28

Павлодарда жалған анықтама үшін 6,6 млн теңге айыппұл салынды
Павлодар облысында жүктілік туралы жалған медициналық анықтаманы пайдалану фактісі анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Бас прокуратураға сілтеме жасап. Аталған құжат мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған әйелге әкімшілік қамақтан жалтаруға мүмкіндік берген.Прокуратура жүргізген тексеру барысында анықтаманың жалған екені анықталып, нәтижесінде сот әйелді 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алды.Жалған медициналық құжатты рәсімдеуге байланысты пара алу және дәлелдемелерді бұрмалау фактілері бойынша кінәлі тұлға сотталды.

Семейде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Arna Press, 04 сентября 2026 в 16:18

Семейде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Семей қаласында жылу желілерін ауыстыру жұмыстарына байланысты Момышұлы көшесінің Ибраев көшесінен Чайжунов көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап4 қыркүйек сағат 11:00-ден 5 қыркүйек сағат 19:00-ге дейін аталған учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады.Жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, айналма жолдарды таңдауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұралады.Жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтап, мүмкіндігінше балама бағыттарды пайдаланған жөн.Фото: ПД

Абай ауданында 255 млрд теңгелік жоба жүзеге аспақ

Arna Press, 04 сентября 2026 в 16:18

Абай ауданында 255 млрд теңгелік жоба жүзеге аспақ
Облыс әкімі Берік Уәлидің аудан тұрғындарымен кездесуі Абай ауданынан басталды. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асып жатқан жобалар және алдағы жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Ауданда ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм және инфрақұрылым салаларына басымдық берілуде.

Астана әуежайының шығыны 36 млрд теңгеге жетті

Arna Press, 04 сентября 2026 в 15:28

Астана әуежайының шығыны 36 млрд теңгеге жетті
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ 2025 жылды 6,9 млрд теңге шығынмен аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz халықаралық әуежайыға сілтеме жасап. Ал кәсіпорынның өткен жылдардан жинақталған жабылмаған шығыны 36 млрд теңгеге жетті.Осыған байланысты әуежайда қаржылық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарлама жүзеге асырылуда.

«Балаңыз қатты дуаланған» — алаяқтардың жаңа айласы!

Arna Press, 04 сентября 2026 в 15:28

Полиция азаматтарды интернеттегі «емші», «көріпкел», «балгер» деген адамдардан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Алаяқтар ата-аналардың балаға деген алаңдаушылығын пайдаланып, «балаңызға дуаланған», «көз тиген», «дуаны қайтару керек» деп қорқытады. Кейін «емдеу», «тазарту» немесе арнайы заттар сатып алу үшін ақша талап етеді.Алаяқтардың арбауына түспеу үшін:.

Семейде «38. Соңғы нүкте» фильмінің премьерасы өтті

Arna Press, 04 сентября 2026 в 11:18

Семейде “38. Соңғы нүкте” фильмінің премьерасы өтті
Семейде «38. Соңғы нүкте» толықметражды отандық драма-катастрофасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Туындыға 2023 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған ауқымды өрт оқиғасы арқау болған.«38. Соңғы нүкте» – қазақстандық кинематографияда драма мен апат жанрын ұштастырған туынды.

Абай облысында құрылыс нысандарындағы заң бұзушылықтар: 93,7 млн теңге айыппұл өндірілді

Arna Press, 04 сентября 2026 в 11:18

Абай облысында құрылыс нысандарындағы заң бұзушылықтар: 93,7 млн теңге айыппұл өндірілді
Абай облысында құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиында өңірдегі құрылыс нысандарының қазіргі жай-күйі қаралып, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының атқарған жұмысы сараланды.мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сайлауғалы Байназаровтың мәліметінше, 2025-2026 жылдары облыста 276 жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

370 жүргізуші мас күйде көлік басқарғаны үшін жауапқа тартылды

Arna Press, 03 сентября 2026 в 17:28

370 жүргізуші мас күйде көлік басқарғаны үшін жауапқа тартылды
Жыл басынан бері Абай облысының аумағында полиция қызметкерлері көлік құралын масаң күйде басқарған 370 жүргізушіні анықтап, олардың жолын кесті, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Олардың қатарында жеңіл және жүк көліктерінің, мотоциклдер мен электросамокаттардың жүргізушілері бар.Абай облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Омаровтың айтуынша, жүргізушінің бір сәттік жауапсыздығы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.«Масаң күйде көлік басқару – жауапкершілігі жоғары жүргізуші үшін жол беруге болмайтын әрекет.

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды

Arna Press, 03 сентября 2026 в 17:28

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды
Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумы аясында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.Құжатқа «Қазақстан атом электр станциялары» компаниясы мен «Росатомның» еншілес кәсіпорны — «Атомстройэкспорт» АҚ қол қойды.Келісімшарт АЭС құрылысы жобасының практикалық кезеңге өткенін білдіреді.

Семей қаласында кей жерлерде су болмайды

Arna Press, 03 сентября 2026 в 14:18

Семей қаласында кей жерлерде су болмайды
Семейдегі кей жерлерде 4 қыркүйекте су уақытша тоқтайды, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей Водоконалға сілтеме жасап. «Теплокоммунэнерго» МКК жазбаша өтінімі бойынша №1 Аудандық қазандықта ысырма арматурасын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 04.09.26 ж. сағат 09:00-ден бастап жұмыстар аяқталғанға дейін келесі мекенжайлар бойынша сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады:* Степной к. * Мұрат саяжай алабы * Мұқыр а. * №1 Аудандық қазандық * №35 колония * Тазарту құрылыстары * Би Бораңбай көшесі, 97 * «Семей Инжиниринг» АҚ, Арай East Food, «Казэлектромонтаж-с» АҚ, «Daewoo Bus Kazakhstan»ЖШС, «Семипалатинская монтажная фирма — Исталькон» ЖШС, «Каражыра» АҚ, «АК-НУР» ЖШС, «Семей Сплав» ЖШС, «КАЗ ЛАКОС ГРУПП» ЖШС, «Эскор-Семей» ЖШС, «Завод Железобетонных Изделий МАРти» ЖШС, «Айса» ЖШС, «АК NAN KZ» ЖШС, «Олжас» ТБӘ ЖШС, «ALINA HOLDING» ЖШС ФИЛИАЛЫ», әскери бөлім.Фото: ЖИ

Семейдің қоғамдық көлік паркі жаңа автобустармен толықты

Arna Press, 03 сентября 2026 в 14:18

Семейдің қоғамдық көлік паркі жаңа автобустармен толықты
Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы қалалық маршруттарға қызмет көрсету үшін сатып алынған жаңа жолаушылар автобустарымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.«Таксомоторный парк» ЖШС әлеуметтік маңызы бар №1, 3, 16, 18, 22, 24, 26, 28, 29, 34, 36, 52 және №55 бағыттарға қызмет көрсетеді.

Электр энергиясына жаңа тарифтер 10 қыркүйектен енгізілуі мүмкін

Arna Press, 02 сентября 2026 в 19:28

Электр энергиясына жаңа тарифтер 10 қыркүйектен енгізілуі мүмкін
Қазақстанда энергия өндіруші ұйымдардың өтініштеріне байланысты электр энергиясына белгіленген шекті тарифтер қайта қаралмақ, деп хабарлайды Arnapress.kz «Ашық НҚА» порталына сілтеме жасап.Порталда Қазақстан Энергетика министрінің «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы жоба жарияланды.Құжатқа сәйкес, тарифтерді қайта қарауға 60 энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіру бойынша шекті тарифтерді түзету туралы өтініштері негіз болған.Министрлік бұл шешім елді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге және генерациялаушы қуаттарды жоспарлы түрде жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті.

Алматыдағы «Абай ұлттық мектебінде» 10,8 млрд теңгеден астам бұзушылық анықталды

Arna Press, 02 сентября 2026 в 18:18

Алматыдағы “Абай ұлттық мектебінде” 10,8 млрд теңгеден астам бұзушылық анықталды
«Абай ұлттық мектебіне» қатысты жағдай Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің бақылауында, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап.Министрлік мәліметінше, мектеп директорсыз қалған жоқ. Қазіргі уақытта директордың міндетін атқарушы тағайындалып, оқу процесінің үздіксіздігі қамтамасыз етілген.2026 жылғы мамыр-маусым айларында жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит 2023 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңді қамтыды.
Показано 30 новостей из 2 168