Популярные темы

Цифрлық даму министрлігі сағат белдеуінің өзгеруіне байланысты қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Дата: 23 февраля 2024 в 19:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Цифрлық даму министрлігі сағат белдеуінің өзгеруіне байланысты қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады
Стоковые изображения от Depositphotos

2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан Маңғыстау, href="https://aqparat.info/city/99959-atyrau.html">Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы іс-шараны жүзеге асыру мақсатында келесі шаралар қабылданды:

1) IANA (Интернет мекенжай кеңістігінің әкімшілігі), ХЭБО, РСС, ICANN, IETF, IESG сынды халықаралық ұйымдарға Қазақстанның бірыңғай 5-ші уақыт белдеуіне көшуі, сондай-ақ Қазақстан үшін уақыт белдеулерінің (time zone database) жалпыға қолжетімді дерекқорындағы деректерді жаңарту қажеттілігі туралы ресми хабарланды.

Осыған байланысты абоненттер шығарылған жаңартуларды Android және IOS сияқты халықаралық операциялық жүйелермен жаңартуы қажет.

2) Цифрлық даму министрінің тапсырмасына сәйкес, байланыс операторлары:

өздерінің ақпараттық жүйелерінің қажетті өлшемдерін дайындау бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын өткізеді;

ұялы байланыс операторларының қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберуін, сондай-ақ интернет-ресурста және мобильді қосымшада (бар болған жағдайда) хабарлауды қоса алғанда, қызмет көрсету арналары арқылы өз абоненттері мен пайдаланушыларына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы алдын ала хабарлау бойынша шараларды жүзеге асырады;

Интернетті қоса алғанда, ұсынылатын байланыс сервистері мен қызметтерінің тұрақтылығын сақтау, сондай-ақ тарифтің ай сайынғы төлемін екі есе есептеу жағдайларын болдырмау мақсатында техникалық инфрақұрылымды дайындайды.

«Толығырақ ақпарат алу үшін байланыс операторларына хабарласуға боладыЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Бұған дейін қазақстандықтарға біртұтас уақыт белдеуіне өтуге байланысты мүмкін болатын байланыс ақаулары туралы ескертілген болатын. Атап айтқанда, Activ абоненттері 1 наурызға қараған түні «Қазақстан Республикасының Маңғыстау, href="https://aqparat.info/city/99959-atyrau.html">Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерінде сағат белдеуі бір сағатқа артқа ауыстырылатыны» туралы ескерту хабарламасын алды.

Сурет: freepik

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями