Популярные темы

Семейде пышақпен қаскөйді ұстаған полиция қызметкерін марапатқа ұсынбақ

Дата: 04 марта 2024 в 13:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде пышақпен қаскөйді ұстаған полиция қызметкерін марапатқа ұсынбақ
Стоковые изображения от Depositphotos

Патрульдік полиция қызметкері аға сержант Ахатов, 34 жастағы күдіктінің заңсыз әрекеттерінің жолын кесу кезінде жарақат алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Осыған қарамастан, полиция қызметкері әріптесімен бірге қылмыскерді ұстаған.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп — тексеру басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.

Белгілі болғандай, Абай облысының Полиция Департаменті өмірін қатерге тігіп, қаскөйді ұстаған аға сержантты марапатқа ұсынуды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 29 ақпанда түстен кейінгі уақытта, полицейлер 13 жасар қыздан белгісіз ер адам оның артынан қалмай, аңдып жүргені туралы хабарлама алды.

Заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін қызметтік көліктен шыққан кезде патрульдік полиция қызметкері Асхат Ахатовқа қылмыскер пышақпен шабуыл жасады. Осыған қарамастан, жараланған қызметкер әріптестерімен бірге жекпе-жек әдістерін қолданып, қылмыскерді залалсыздандырды.

Басынан үш рет жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями