Популярные темы

Тіл — халықтың жан дүниесі

Дата: 27 февраля 2024 в 13:08


Тіл -  халықтың жан дүниесі
Стоковые изображения от Depositphotos

 

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi 
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Осыған орай, үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға мiндеттi деп есептеймін.
Қазіргі кезде ең өзекті мәселелердің бірі қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру. Мысалы іс қағаздарын қазақша жүргізу. Бұл дегеніміз мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі-оңын қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарқымен өрісін кеңейте алмайды. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады.
Тіл — адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысумен жасалады. Тілдің адамның жан-дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси теттік ретінде ертеден-ақ пайдаланған.
Қазақстан Республикасы көпұлтты унитарлы мемлекет болғандықтан республика тұрғындарының татулығы мен бейбітшілігін сақтап, ұлтаралық бірліктің маңыздылығын негіздейтін ең негізгі факторы — қазақ тілі десек артық болмас. Сондықтан бәріміз бірігіп мемлекетіміздің тәуелсіздігінің басты белгісі ана тіліміз — қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейтуіміз шарт.
Г. ЖАМАЛБЕК, Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты әкімшісінің жетекші маманы

 

По сообщению сайта Магнолия

Поделитесь новостью с друзьями