Популярные темы

Семейде 20 млн теңгеге есірткі тәркіленді

Дата: 29 февраля 2024 в 14:28 Категория: Новости экономики


Семейде 20 млн теңгеге есірткі тәркіленді
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласында арнайы бөлімшенің күштік қолдауымен синтетикалық есірткінің ірі сатушыларының қызметі тоқтатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ұсталғандардың үйін тінту кезінде салмағы 500 г-нан асатын «мефедрон» психотроптық затын тауып, тәркіледі. Күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы барын растайтын ұялы телефондар тәркіленді.

Есірткі тұтыну үшін 1500-нан астам бір реттік доза сатылмақшы болған. Олардың «қара» нарықтағы алдын ала құны 20 млн теңгеден астам сомаға бағаланады.



«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заң бойынша он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», — деп атап өтті Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями