Популярные темы

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жетті

Дата: 26 февраля 2024 в 14:28


Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жетті
Стоковые изображения от Depositphotos

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордалық соттың баспасөз қызметі күдікті Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс 26 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскенін түсіндірді.

2024 жылғы 26 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына күдіктілер Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті.

2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Қайғылы оқиға елордадағы «Бау» мейрамханасында болды.

2024 жылдың 8 қаңтарында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды деп хабарланды. 11 қаңтарда астаналық сот оның қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылғанын хабарлады.

Кейін Ішкі істер министрлігі жұбайы Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті Қуандық Бишімбаевқа «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабымен қоса, «Азаптау» бабы бойынша да айып тағылғанын хабарлады.

Сурет: primeminister.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями