Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости по теме "қазақша"

«Ауғанстан секілді ел деп ойладым». Шетелдік футболшылар Қазақстан туралы не деген?

Источник: TengriNews Дата: вчера в 17:53

Қазақстан футболында әлемнің түкпір-түкпірінен легионерлер жиналған. Олардың бірін еліміздің кең аумағы, бірін дәстүрі таңғалдырған. Ұлттық тағам — ет те біріне ұнаса, біріне ұнамаған. Tengrinews.kz тілшісі елімізде доп тепкен шетелдік футболшылардың Қазақстан туралы пікірлерін ұсынады.«Қазақ тағамдары ұнады — мысалы, бесбармақ«Станимир Димитров (3-нөмірде)Болгариялық қорғаушы Станимир Димитров 2005-2009 жылдар арасында қостанайлық «Тобылда» ойнаған.

Аты қандай, заты қандай: Петропавл мен Қостанай атаулары қайдан шыққан?

Источник: TengriNews Дата: вчера в 13:23

Аты қандай, заты қандай: Петропавл мен Қостанай атаулары қайдан шыққан? Солтүстік Қазақстан облысындағы Петропавл қаласы мен Қостанай облысындағы Қостанай қаласының атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі «Аты қандай, заты қандай» айдарында осы қалалардың атауының шығу тарихы мен аңызын жинады.Петропавл — Қызылжар?Еліміздің солтүстігінде орналасқан қала атауы Петропавл болғанымен қазақша қолданылып жүрген атауы — «Қызылжар».

Мал азығы дайын ба?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 ноября 2019 в 11:02

Мал азығы дайын ба? Биыл қыс ерте түседі деген болжам бар. Қазақша жыл қайырсақ 4 жылда бір келетін кібісе жылды қарсы алғалы тұрмыз. Яғни тышқанның жылы 366 күнге созылады. Өткенге көз жүгіртсек, қаптесердің әуресі оңай болмапты. Тышқан жылының қытымыр қысы ең бірінші төрт түлікті шөптен қысқанын үлкендер жақсы біледі. «Қазгидрометтің» айтуынша, әрі қарлы болмақ.

Бұқара

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 ноября 2019 в 10:22

Бұқара БАҒБАН«Адамды адам еткен — еңбек» дейді халық даналығы. Шалқарлық Мәжит Жақыпов — сексеннің сеңгіріне шықса да, қолынан кетпені мен күрегін тастамаған кісі. Мәжит Жақыповтың тынымсыз тірлігін талай алқалы басқосуларда аймағымыздың, ауданымыздың басшылары көпке үлгі етіп келеді. Өкшебасарларын үнемі еңбекқорлыққа жетелеп жүретін Мәжит ақсақал саналы ғұмырында бау-бақшаның қыр-сырын меңгеріп, отбасының нәпақасын сол жерден тапты. — 1954 жылы жеті класты бітіргеннен кейін, Ақтөбе қаласының маңындағы «Әлімбетов» кеңшарында трактор жүргізушісі болып жұмыс істедім.

Аты қандай, заты қандай: Леңгір мен Қазығұрт атаулары қайдан шыққан?

Источник: TengriNews Дата: 15 ноября 2019 в 15:33

Аты қандай, заты қандай: Леңгір мен Қазығұрт атаулары қайдан шыққан? Тengrinews.kz еліміздегі атауы ерекше елді мекендерге арналған циклдық материалдарын жалғастырады. Бұл жолы Түркістан облысындағы екі аудан — Леңгір мен Қазығұрт атауларының қайдан шыққанына, оның аңызы мен қызық деректеріне тоқталамыз.Otyrar.kz мәліметінше, Леңгір — бүгінде Түркістан облысы Төле би ауданының орталығы. Қазіргі Төле би ауданы алғашында, яғни 1931 жылы Бадам ауданы аталып, арада екі ай өткен соң 1932 жылы Ленгер атауына алмастырылған.

«50 доллар жәрдемақы беріп отырды». Террористердің аудармашысы болған жігіттің оқиғасы

Источник: TengriNews Дата: 15 ноября 2019 в 12:53

Дәурен Сәбитұлы Сирияда террористік ұйымда аудармашы болып жұмыс істеген. Медреседе балаларға ислам дінін радикал тұрғыда түсіндірген. Кейін тұтқынға түскен ол елге «Жусан» операциясы аясында оралған. Бұл туралы ол Adil Ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтқан. Тengrinews.kz тілшісі Дәуреннің Сириядағы өмірі жайлы баяндаған сұхбатын ұсынады.Дәурен Сәбитұлы — Ақтөбе қаласының тумасы.

Жоба кейін қайтарылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 ноября 2019 в 10:42

Жоба кейін қайтарылды Облыстық мәслихатта бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Ақтөбе қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы талқыланды. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Гүлназ Сисенова қаланың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту бойынша баяндама жасады.

Мектеп — ауыл тірегі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 09:32

Мектеп — ауыл тірегі Шалғайдағы ауылды ұстап тұрған — мектеп. Бүгінде білім ордасы жабылса, ауыл тұрғындарының үдере көшетіні белгілі жайт. Алайда балаларының болашағын ойлаған Байғанин ауданындағы Жаңатаң ауылы тұрғындары орнынан қозғалмай отырған елді мекеннің бірі. 90 жылдық тарихы бар мектептен талай білікті мамандар шаруашылық басшылары оқып, тәрбиеленіп шыққан.

«Что? Где? Когда?» ойынында қазақстандықтар қойған 5 қызық сұрақ

Источник: TengriNews Дата: 05 ноября 2019 в 17:43

Өткен аптада ресейлік «Бірінші арна» эфирінен жарты ғасырға жуық уақыт көрсетіліп келе жатқан «Что? Где? Когда?» интеллектуал телевизиялық ойынында Қостанай тұрғыны білгірлерден айласын асырған болатын. Білгірлер жауап бере алмаған сұрақ Артем Москаленкоға 100 мың рубль пайда түсірген. Тengrinews.kz тілшісі биыл танымал телеойында қойылған қазақстандықтардың қызық сұрақтарын ұсынады. Ғалым нені дәлелдеген?Артем Москаленконың сұрағы эфирде 2 қарашада көрсетілген күзгі серияның төртінші ойынында қойылды.

Қазақша және орысша КВН неге екі әлем? Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек «The Эфир» қонағы болды

Источник: TengriNews Дата: 27 октября 2019 в 09:23

Қазақша және орысша КВН неге екі әлем? Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек КВН-нен шығып, ал бүгінде «Хабар» арнасындағы «ҚызықTimes» бағдарламасының танымал жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «The Эфир» жобасына қонақ болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Сұхбатта тележүргізушілер әлеуметтік желілердегі хейтерлер, қазақ КВН-ы мен орыс тіліндегі КВН ойындарының айырмашылығы және қазіргі қазақ телевизиясындағы сериалдардың бір типті болуы мәселелері аясында сөйледі.

«БүйтуКерекЕд» немесе «Соған қарап», енді «Кірмей қала ма деп қорқамын». Хит әндердің авторы кім?

Источник: TengriNews Дата: 22 октября 2019 в 14:03

«Бүйту керек еді», «Қаламаймын», «Кірмей қала ма деп қорқамын» әндерін той-томалақта я интернетте естіген боларсыз, жастар арасында хит болып жүрген бұл әнді кім орындайтынын білесіз бе? Көпшілікке Argoonya лақапатымен танылған Арғын Аусаров Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында өнер әлеміне келуі, ресейлік әншілермен достығы туралы айтып, шығармашылық жаңалықтарын бөлісті.27 жастағы Арғын Аусаровтың музыкалық білімі жоқ.

Блогер Фима Иванов «Шыңғыс ханның сүйікті тағамын» дайындауды үйретті

Источник: TengriNews Дата: 18 октября 2019 в 13:43

Блогер Фима Иванов Белгілі блогер Фима Иванов YouTube-арнасында қазақ тағамдарын дайындауды үйретіп жүр. Бұған дейін ол ет асуды көрсеткен, бұл жолғы видеосында сірне жасады. Тengrinews.kz тілшісі блогермен тілдесіп, бұл идеяның қалай келгенін сұрап білді.Блогер өзінің алғашқы видеосында ет асуды үйретіп, кейін балықтан жасалған кәуәп дайындауды көрсетеді.«Ас пісіріп жүргеніме көп болды.

Тайлақ батырдың тегі қандай?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 октября 2019 в 10:12

Тайлақ батырдың тегі қандай? Қазақ елінің Көшбасшысы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында былай деп жазған болатын: «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады.

Үлгілі жолдағы іздер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 октября 2019 в 11:02

Үлгілі жолдағы іздер «… Өміріне кегі кеткен өлмеген,Жалған айып тағылғанда көлденең,Ақиқаттың аппақ туын бермеген».М.Мақатаев. Қамшының сабындай қысқа ғұмыр… Туды, өсті, толды, өлді. Өлген жоқ, өлтірілді. Бар-жоғы 39 жас. Қырыққа жетпеген ғұмырында адам ретінде де, маман ретінде де, ғалым ретінде де қалыптасып, рухани толысып, халқына қалтқысыз қызмет етті.

Рабиға СЫЗДЫҚ: Әуезов өлең оқығанда, Абайдың өзі оқып тұрғандай болды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:22

Рабиға СЫЗДЫҚ: Әуезов өлең оқығанда, Абайдың өзі оқып тұрғандай болды Қазақ тіл біліміне ұшан-теңіз еңбек сіңірген көрнекті ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ақтөбе өңірінде туып-өскен жерлес апамыз Рабиға Сыздық биыл мерейлі 95 жасқа толды, І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. «Бұған дейін де қаншама сый-сияпатқа, талай марапатқа ие болдым, мына жасымда анау-мынауға елпілдеп, елең ете қоюым да қиын, дегенмен еңбегінің еленгені кім-кімге де қуаныш, кім-кімге де зор мәртебе екені рас!», — дейді мерейтой иесі. Ғылым дүниесінде есімі зор құрметпен аталатын осы бір абыройлы алып тұлғаның ғасырға жуық жасап келе жатқан ғұмырында көргені де, көкейге түйгені де көп екеніне дау жоқ. Қазақтың көркем әдеби тілін, оның ішінде Абай тілін зерттеуде тындырған ісі бір төбе.

«Ақтөбе» тәуелсіздікті айта келді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:12

«Ақтөбе» тәуелсіздікті айта келді Ширек ғасырға жуық «Коммунизм жолы» аталған газеттің аты өзгеріп,1990 жылғы 6 қазанда оқырманның қолына «Ақтөбе» болып тиді. Газеттің осы күнгі қалың оқырманға арналған беташар сөзінде айтылғандай, басылымды жаңа атаумен шығару,ең әуелі, осыгазет оқырмандарының ұсыныстары, пікірлері мен тілектеріне орай ұйғарылды.Соның өзінде бірден болмай, бұл мәселе газеттің беттерінде жарты жылдан астам уақыт талқыланды.

Бірдей мүмкіндік жасалады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 октября 2019 в 10:52

Бірдей мүмкіндік жасалады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған алғашқы Жолдауындағы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» атты бағытында денсаулық сақтау саласына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бірдей мүмкіндік жасалатындығын айтты.Президент өз сөзінде: «Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

«Министрліктің құзыры жүрмейді». Ақтоты Райымқұлова қазақ тіліндегі субтитр проблемасын атады

Источник: TengriNews Дата: 03 октября 2019 в 12:53

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Аман Тасығанның Talklike YouTube жобасында шетелдік киноларға жасалатын субтитр неліктен нашар жазылатынын түсіндірді. Министрдің айтуынша, бүгінде аударма — бизнеске айналған. «Мысал ретінде айтайын. Ресейден келген фильм қазақша субтитрленген. Ол өте нашар аударылған, оны көрдік.

Бақытжан Қаратаевтың құлпытасы оқылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 октября 2019 в 10:52

Бақытжан Қаратаевтың құлпытасы оқылды Биылғы жазда біздің өңірге, көне құлпытастар мен олардағы араб графикасымен жазылған мәтіндерді зерттеу үшін, Алматыдағы Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдары келген еді.Зерттеушілер өз жұмыстарын Ақтөбенің Сүт зауыты ауданы маңындағы қорымнан бастады, соның ішінде, ең алдымен, ХХ ғасыр басындағы ірі қоғам қайраткері Бақытжан Қаратаевтың зиратына қойылған құлпытас мәтіні оқылды.Қазақстан аумағында Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, яғни 900 жыл бойы араб графикасына негізделген әліпби қолданылғаны тарихтан белгілі.

«Мұнда шайқор қазақтар қиналады». Жергілікті тілді білмейтін қазақ студенті Франциядағы өмірін айтты

Источник: TengriNews Дата: 01 октября 2019 в 12:03

Қазақстанда университет тәмамдап, кейін білімін тереңдетіп, тәжірибе алмасу үшін өзге елге баратын студенттер көп. Солардың бірі Францияның Нанси қаласына магистратураға түскен Абунасыр Сырманов Tengrinews.kz тілшісіне ондағы өмірі мен университеті, жатақхана және тіл білмеудің қиындықтары, француз халқы жайлы айтып берді.Алматылық студент жат жерде де бойына өзі сіңірген әдетін тастамаған.

Тіл жанашырлары отызжылдықты атап өтті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 октября 2019 в 10:12

Тіл жанашырлары отызжылдықты атап өтті Биыл — Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылғанына 30 жыл. Осыған байланысты Ақтөбе қаласының әкімдігінде тіл жанашырларының қатысуымен салтанатты жиын өтті. Шаранықалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алтынай Юнисова қала әкімдігі атынан құттықтау сөзбен бастады, «Қазақ тілі — қазақтың жаны» тақырыбында баяндама жасады.Жиын барысында жақында ғана 80 жасқа толған ғалым, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Амангелді Айталыға ұйым атынан құрмет көрсетілді.

9-сыныптан сабақ беріп, 19 жасында мектеп ашқан мұғалім

Источник: TengriNews Дата: 25 сентября 2019 в 15:33

9-сыныптан сабақ беріп, 19 жасында мектеп ашқан мұғалім Ұстаз — ұлы тұлға. Бүгінде өмірін бала тәрбиесіне, мұғалімдік қызметке арнаған ұстаздар жетерлік. Сол мұғалімдерді бүкіл елге таныту мақсатында Tengrinews.kz редакциясы «Қазақстанның ұлағатты ұстаздары» жобасын қолға алған еді. Бұл жолы қосымша білім беру мектебінің негізін қалаған жас маман Асан Жолдасов жайлы материал ұсынамыз.Асан Жолдасов — Алматы қаласының тумасы.

В СКО отметили 20-летие комплекса Қарасай и Ағынтай батыров

Источник: TengriNews Дата: 21 сентября 2019 в 10:13

В СКО отметили 20-летие комплекса Қарасай и Ағынтай батыров В СКО отметили 20-летие открытия мемориального комплекса Қарасай и Ағынтай батыров.Праздничные мероприятия «Батырлар даңқы – бабаларға құрмет» прошли в ауле Карасай Айыртауского района. В них приняло участие более 2500 человек.В приветственном слове заместитель акима области Руслан Алишев отметил:«Этот комплекс построен при поддержке Елбасы, Первого Президента Нурсултана Назарбаева, он имеет особую историческую значимость.

Отыз жылдық белес

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 11:52

Отыз жылдық белес Кенжеғали КЕНЖЕБАЕВ,халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигіХалықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымы 1989 жылдың екінші жартысында құрылды. Бүгінгі күні 641 бастауыш ұйымда 130 мыңнан астам мүше тіркелген.Ең алдымен қоғамның облыстық ұйымының басқармасы атынан газет оқырмандары, тіл жанашырларын халықаралық қоғамның құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтағым келеді.Әңгімені құрамында бір миллионнан астам мүшесі бар, халықаралық мәртебеге ие қоғам тарихынан азын-аулақ мәлімет беруден бастаған жөн. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының орта тұсынан бастап мызғымастай берік деп дәріптеп жүрген Кеңес Одағының іргесі сөгіліп, кенеуі кете бастады.

Амангелді АЙТАЛЫ: Қоғамдық сана ауыстыра салатын техникалық құрал емес

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 11:42

Амангелді АЙТАЛЫ: Қоғамдық сана ауыстыра салатын техникалық құрал емес Қайраткер. Ғалым. Ұстаз. Республикамыздың зиялы қауымы өкілдері, есімі елге елеулі азамат, жаны жайсаң жан Амангелді Айталыны осы үш бірдей биік қасиетті бір бойына тоғыстыра білген асыл азамат ретінде біледі деген ойдамыз. Оның қайраткерлігі мен ел-жұртқа деген жанашырлығы Парламент Мәжілісінің екі дүркін депутаты болған жылдарында анық көрінсе, ғалымдығы мен ұстаздығы қазіргі күні де елдің рухани әлеуетін байыта түсуге қосылған бір үлес ретінде қызмет етіп келеді.

Қыршыннан қиылған ғұмырлар. Арамыздан ерте кеткен жұлдыздар

Источник: TengriNews Дата: 17 сентября 2019 в 13:23

Қыршыннан қиылған ғұмырлар. Арамыздан ерте кеткен жұлдыздар Күні кеше әнші Жанар Хамитованың қазасы елді есеңгіретіп тастады. Өнер адамдары да Instagram желісіндегі парақшаларында әншімен қоштасып, жантебірентер жазбаларын бөлісті. Tengrinews.kz мезгілсіз өмірден өткен өнер адамдарын еске алады.Оразалы ДосбосыновОразалы Досбосынов 1975 жылы 15 қарашада Алматы облысы Райымбек ауданы, Тегістік аулында дүниеге келген.

Ақтөбеде алғаш рет «Welcome to Aqtóbe» телехикаясы түсірілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 сентября 2019 в 11:42

Ақтөбеде алғаш рет «Welcome to Aqtóbe» телехикаясы түсірілді Ақтөбенің 150 жылдығы мен Жастар жылына орай «Aqtóbe» телеарнасы тұңғыш рет ситуациялық комедия, яғни ситком жанрында телехикая түсірді. Қазақша «Ақтөбеге қош келдіңіз!» деп аталатын телехикаяның сюжеті— жан-жақтан келген студент жастардың өмірі. Идея авторы — Азамат Айнағұлов. режиссері –— Марат Телеуов, ал сценарий авторы — Өркен Мұқақов. —Былтыр ақпан айында телеарна директоры Ернұр Бурахан екеуіміз кездесіп, көрерменге тың туынды ұсыну туралы ойымызды ортаға салғанбыз.

Москвички на казахском пригласили гостей в павильон «Казахстан» на ВДНХ — видео

Источник: Sputnik Дата: 09 сентября 2019 в 15:10

Москвички на казахском пригласили гостей в павильон В минутном видео выпускницы Московского государственного лингвистического университета рассказывают на казахском языке об истории казахстанского павильона. Девушки делятся, что первое здание павильона было построено в 1937 году. В 1964 году павильон стал называться «Металлургия», еще через время его перестроили.

Жастарға жол ашқан бағдарлама

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 сентября 2019 в 11:22

Жастарға жол ашқан бағдарлама «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТоқаевтыңҚазақстан Халқына жолдауынан.Елбасының тапсырмасымен елімізде 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы жастардың өз мамандықтарына сай жұмысқа орналасып, баспана алып, өмірден өз орындарын табуларына, сондай-ақ ауылдық жерлерде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығы салаларын жас мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ескерткіш орнатылған ақтанкер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 сентября 2019 в 10:32

Ескерткіш орнатылған ақтанкер Алпысыншы жылдардың ортасында одақтас республикалар арасында ат спорты түрлерінен жоспарлы өткен жарыста қазақ елі атынан бәйгеге шапқан Ақтанкер атты сәйгүлік — Мұғалжар ауданының қазіргі Бұлақты елді мекенінде туған жылқы. Ресейдің Ставрополь өлкесінің Пятигорск қаласында ұйымдастырылған сол жарыста Ақтанкер түрікмен мен тәжіктер баптаған жүйріктерден кейін мәре сызығынан өтіп, Қазақстан құрама командасының қоржынына қола медаль салған еді.
Показано 30 новостей из 401