Стоковые изображения от Depositphotos Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып танылады
«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз, біздің міндетіміз – оны барлық салада белсене пайдалана отырып дамыту, қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек, қазақ қазақпен қазақша сөйлессін, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» — деп атап көрсеткен болатын.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақ тілінің мемлекет үшін маңыздылығын бірнеше рет айтқан болатың. «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін», -деген Мемлекет басшысының сөзі ата-бабадан баға жетпес мұра боп қалған, шексіз бай қазақ тілінің жойылып кетпей, жаңа деңгейде дамуына себепкер болады деп білемін.
«Мемлекеттік тіл – Бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл осындай рәміз. Сондықтан біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін барлық күш-жүгерімізді жұмсауға тиіспіз» — деген Елбасының тапсырмасын орындау — әрбір қазақстандықтың парызы болуы тиіс.
Сондықтан да, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімі болуы керек. Ана тіліміздің өркендеуі – еліміздің өркендеуі екенін естен шығармайық.
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Бас маман-сот отырысының хатшысы К.Е.Жетібаева.
По сообщению сайта Магнолия