Популярные темы

бұрын: новости — страница 10

Тоқаев Президент болғалы кімдерден сыйлық алды? 25 октября 2021, 15:26

Tengrinews, 25 октября 2021 в 15:33

Тоқаев Президент болғалы кімдерден сыйлық алды?
                25 октября 2021, 15:26
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға сапары барысында ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтен сыйлық ретінде асыл тұқымды Ақалтеке арғымағы мен түрікмен тазысының күшігін алғаны белгілі болды. Мемлекет басшысы бұған дейін де өзге ел президенттерінен түрлі сыйлық алған болатын. Президент сыйлық алып қана қоймай, өзі де ел президенттеріне естелік сый берген.

«Қазақстан сұлулық саласында алдыңғы орындарда» — визажист Нұрсұлтан Оразғалиев 25 октября 2021, 12:35

Tengrinews, 25 октября 2021 в 12:43

Сән саласында ер адамдарға да орын бар. Мұны 25 жастағы визажист Нұрсұлтан Оразғалиев өз мысалында дәлелдеп келеді. 6 жыл бұрын ақша табу үшін сұлулық салондарын жағалап, тәжірибе жинаған ол қазір Қазақстандағы топ-визажистер қатарында. Жақында Нұрсұлтан 10 мыңдаған адам қатысқан бет әрлеушілер марафонында үздік ондыққа кіріп, Мәскеуде визажистер додасына қатысып келді.

Бокстан әлем чемпионаты: жаңа құрамада кімдерден жүлде күтеміз? 22 октября 2021, 19:01

Tengrinews, 22 октября 2021 в 19:03

Бокстан әлем чемпионаты: жаңа құрамада кімдерден жүлде күтеміз?
                22 октября 2021, 19:01
Алдағы жексенбіде сербиялық Белградта бокстан әлем чемпионаты басталады. Бұл — Қазақстан боксшыларының Токио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы үлкен жарысы. Боксшылар алдында Токиодағы сәтсіздікті жуып-шаю міндеті тұр. Құраманың бас бапкері де, құрамның өзі де өзгерген. Tengrinews.kz тілшісі құрамадағы боксшылардың мүмкіндігін сараптап көрді.

«ПТР-тест деп вакцина салып тастайды». Қазнетті дүрліктірген 5 фейк 21 октября 2021, 17:56

Tengrinews, 21 октября 2021 в 18:03

Вакцина туралы талай фейк жоққа шығарылса да, күн сайын жаңасы шығып жатыр. Оның көбі балаларға екпе салуға қатысты. «Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері екпе алмаған, себебі вакцина қауіпті екенін біледі» деген де хабарлама тараған. Tengrinews.kz тілшісі кейінгі кезде Қазнетте тараған фейктер туралы баяндайды.

Instagram мен Facebook артта қала ма? Трамптың жаңа әлеуметтік желісі туралы не білеміз? 21 октября 2021, 16:25

Tengrinews, 21 октября 2021 в 16:33

Instagram мен Facebook артта қала ма? Трамптың жаңа әлеуметтік желісі туралы не білеміз?
                21 октября 2021, 16:25
Осыдан тура 4 ай бұрын Дональд Трамптың аға кеңесшісі экс-президент жақында өзінің жеке әлеуметтік желісін іске қосатынын айтқан еді. Миллиардер бұл байламға Кремний алқабындағы ірі платформалардың, соның ішінде Facebook, Twitter және YouTube қызметтерінің саяси лоббизмге бет бұрғанынан келді. Трамптың қолданысқа енгелі тұрған әлеуметтік желісінен не күтуге болады және оның тағдыры қалай болмақ.

Алматыда эпиджағдай жақсарды ма? Бекшин жауабы 21 октября 2021, 12:28

Tengrinews, 21 октября 2021 в 12:33

Алматыда эпиджағдай жақсарды ма? Бекшин жауабы
                21 октября 2021, 12:28
Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігер Жандарбек Бекшин қаладағы эпидахуал туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Жыл басынан бері Алматыда коронавирус жұқтырудың 156 мың жағдайы тіркелді. Кейінгі тәулікте 309 жағдай болды. Дельта штамы шыққанда күніне 1700-ге дейін жағдай тіркелетін, қазір 300-350.

АҚШ-тағы қазақстандық студент пандемияда көп ақша табудың жолын айтты 20 октября 2021, 17:37

Tengrinews, 20 октября 2021 в 17:43

АҚШ-тағы қазақстандық студент пандемияда көп ақша табудың жолын айтты
                20 октября 2021, 17:37
Work and Travel бағдарламасы бойынша пандемия кезеңінде АҚШ-қа барған қазақстандық студент қалай көп ақша табуға болатынын және бағдарламаға тиімді дайындалу жолдарын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Work and Travel – студенттерге арналған ең танымал халықаралық бағдарлама. Аты айтып тұрғандай, бағдарлама бойынша қатысушылар Америкада уақытша жұмыс істеп, саяхаттауға мүмкіндік алады.

«Телефон қуаты 20 пайыздан аз болса, қымбат болмайды». Таксимен арзан қатынаудың 6 жолы 19 октября 2021, 16:14

Tengrinews, 19 октября 2021 в 16:23

Қазір Қазақстанда такси сервистерінің қатары көбейді. Yandex Go, InDriver, Uber, Region және жақында ғана нарыққа қосылған Didi бар, сәйкесінше такси шақыратын мобильді қосымшалар да кең қолданысқа енді. Tengrinews.kz тілшісі адам тасымалдау қызметінің қулықтарын теріп, таксиден қалай үнемдеуге болатынын анықтады.

30 мыңнан аса таралған. TikTok-та қазақша ән хит болды 19 октября 2021, 12:58

Tengrinews, 19 октября 2021 в 13:13

30 мыңнан аса таралған. TikTok-та қазақша ән хит болды
                19 октября 2021, 12:58
TikTok-та қазақстандық Меховая 1/8 тобының «Тойға шашу» әніне түсірілген видеолар трендке шығып жатыр. Бүгінде осы ән ремиксіне 30,5 мың видео түсірілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа трендке би түсіргендер арасында әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, 6,5 миллион көрермені бар Takatta, 2,2 миллион жазылушысы бар блогер Аида Құрманғалиева және тиктокерлердің Crush team тобы бар.

«Мұнда шексіз демалыс қарастырылған» — PayPal-да жұмыс істейтін жалғыз қазақ 19 октября 2021, 11:41

Tengrinews, 19 октября 2021 в 11:53

Олжас Айтбеков — әлемнің ең ірі дебеттік электронды төлем жүйесі PayPal компаниясында жұмыс істейтін жалғыз қазақ. Ол Tengrinews.kz тілшісіне PayPal-ға қалай жұмысқа тұрғанын және Кремний алқабындағы тіршілік туралы айтып берді. Олжас Жамбыл облысында туған, жасы 25-те. Балалық шағы Таразда өтіп, кейін отбасымен Алматыға көшіп келген. Қарапайым отбасында дүниеге келген ол ерте есейюге мәжбүр болған.

«Бала тәрбиелеу тек әйелдің ісі емес» — Италияда тұратын қазақ келіншегі 18 октября 2021, 17:04

Tengrinews, 18 октября 2021 в 17:13

Италия шетелде бала босанғысы келетін қыздар арасында танымал елдердің бірі. 36 жастағы алматылық Марал Құрыш қазір италиялық келін, ол екінші қызын осында дүниеге әкелген. Келіншек Tengrinews.kz тілшісіне Италияға қалай көшкенін, бала босануы, мемлекеттен берілетін көмек пен ондағы балаға деген қарым-қатынас туралы әңгімелеп берді.

«Тақтар ойынының» приквелі неге сынға ұшырады? 15 октября 2021, 13:00

Tengrinews, 15 октября 2021 в 13:03

Дүние жүзінен көрерменін тауып, XXI ғасырдың үздік сериалына айналған «Тақтар ойынының» жанкүйерлері сол атмосфераны қайта сезіне алады. 2022 жылы «Айдаһар үйі» сериалы жарық көреді. Бұл — «Тақтар ойынының» приквелі, яғни негізгі сюжеттен бұрын болған оқиға көрсетіледі. Бүгінде көрермен приквелді тағатсыздана күтіп, Желіде алғашқы тизері жарияланып, 10 миллионан аса қаралым жинады.

Пособие на рождение ребенка и выплату по уходу за ребенком до года теперь можно оформить онлайн через Halyk Homebank

EKaraganda.kz, 15 октября 2021 в 11:05

Пособие на рождение ребенка и выплату по уходу за ребенком до года теперь можно оформить онлайн через Halyk Homebank
Для удобства клиентов обе услуги объединены в одну. Все, что требуется от заявителя – это: · зайти в раздел Гос. услуги в приложении Halyk Homebank;· выбрать «Пособие по рождению ребенка»;· выбрать ребенка, на которого будет подаваться заявка;· проверить все данные и подписать заявление через SMS.После отправки заявки от клиента и рассмотрения ее со стороны Государственного органа, клиенту будет направлено PUSH уведомление и SMS о результате ее рассмотрения и назначенной сумме выплат.

«Екпе алмағандар жұмыстан босатылады». Ресейдегі қазақстандықтар эпиджағдайды айтты 15 октября 2021, 10:54

Tengrinews, 15 октября 2021 в 11:03

Ресейге коронавирустың жаңа толқыны келді. Көрші елде үнді штамы таралып жатыр. Бүгінде Ресей дүние жүзі елдері арасында науқастар саны бойынша бесінші орында. Елдегі эпидахуал қандай? Коронавирусқа байланысты қандай шектеулер бар? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Ресейде тұрып жатқан қазақстандықтардан сұрап білді.

«Жарамдылық мерзімі аяқталады». Сарапшылар ревакцинация жайлы не дейді? 13 октября 2021, 16:57

Tengrinews, 13 октября 2021 в 17:13

Кейінгі кездері ревакцинация мәселесі жиі көтеріліп жүр. Бұл тек Қазақстанда емес, дүние жүзі елдері талқылап жатқан процесс. Тіпті ревакцинацияны бастап кеткен елдер де бар. Алайда мамандар ревакцинацияның қажеті бар-жоғына қатысты бір тұжырымға келе алмай отыр. Tengrinews.kz тілшісі сарапшылардың ревакцинацияға қатысты пікірлеріне шолу жасады.

Нұр-Сұлтан қ. отбасы Solva ұйымдастырған «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының қыркүйек айындағы жеңімпазы анықталды

Banker.kz, 13 октября 2021 в 13:31

Нұр-Сұлтан қ. отбасы Solva ұйымдастырған «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының қыркүйек айындағы жеңімпазы анықталды
Solva МҚҰ кәсіпкерлерге арналған ай сайынғы «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының нәтижелері жарияланды. Күздің алғашқы айының жеңімпазы болып Нұр-Сұлтан қ. бизнеспен айналысатын отбасылық бизнес иелері танылды. Сыйлық ретінде жеңімпаздар жарты миллион теңге алады. «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсы Қазақстан бойынша шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге қолдау көрсетуге бағытталған.

Беларусьте «Комсомольская правда» редакциясы жабылуына не себеп? 13 октября 2021, 09:22

Tengrinews, 13 октября 2021 в 09:33

Беларусьте
1 қазанда белорус журналисі Геннадий Можейко ұсталды. Бүгінде журналистің нақты не үшін ұсталғаны белгісіз. Алайда Геннадий Можейко 28 қыркүйекте Минсктің атыс шығарған тұрғыны туралы материалы үшін қамауға алынды деген болжам жасалған. Бір редакцияның жабылуына себеп болған журналистің материалында не жазылған және Можейкоға қатысты іс қалай өрбіді?

«Тапсырыс берушілердің 50 пайызы Қазақстаннан». Әкімдерді құттықтаған ірі денелі жігіттер кім? 12 октября 2021, 15:46

Tengrinews, 12 октября 2021 в 15:53

Жақында Өскемен және Ақтөбе қалаларының әкімдерін жартылай жалаңаш африкалық жігіттер құттықтаған видео әлеуметтік желіні жаулап алды. Tengrinews.kz тілшісі «Привет из Африки» event агенттігінің негізін қалаушысымен сұхбаттасып, қазақстандық әкімдерді құттықтауға кім тапсырыс бергенін сұрады. Қара нәсілді жігіттердің басын қосып, табыс көзіне айналдырған қыздың есімі Рита, Ресей азаматшасы. Өзінің айтуынша, бірнеше жыл бұрын елден көшіп кеткен. Қазір саяхаттап, Африка елдерінің мәдениетімен танысып жүр.

Енді қазақстандықтар ипотеканы онлайн рәсімдей алады 12 октября 2021, 11:04

Tengrinews, 12 октября 2021 в 11:13

Енді қазақстандықтар ипотеканы онлайн рәсімдей алады
                12 октября 2021, 11:04
Енді қазақстандықтар жаңа портал арқылы пәтер таңдап, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға өтінім тастап, «Отбасы банк» бағдарламалары аясында үй салушылардан өзіне ыңғайлы пәтер немесе қайталама тұрғын үй сатып ала алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құр намыспен Бразилияны жеңе алмайсың» — комментатор Ермұхамед Мәулен 09 октября 2021, 12:19

Tengrinews, 09 октября 2021 в 12:23

Спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен Bizben Podcast жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол қазақ футболындағы қазақ тілінің орны, Қазақстан құрамасының кейінгі матчтердегі нәтижелі ойыны, спорт журналистикасындағы мәселелер туралы айтты. Оның пікірінше, қазір футболдан Қазақстан құрамасының футболшыларында жеңіске деген сенім пайда болған.

IT-мамандар ақпараттық жүйені ресейлік платформаға көшіру туралы не дейді? 07 октября 2021, 14:59

Tengrinews, 07 октября 2021 в 15:03

IT-мамандар ақпараттық жүйені ресейлік платформаға көшіру туралы не дейді?
                07 октября 2021, 14:59
Қыркүйек айының басында Қазақстан мемлекеттік басқаруды цифрландырудың GovTech платформалы моделіне көшудегі басты серіктесі ретінде ресейлік компанияны таңдады. Бұл шешім қоғамда резонанс туғызып, қызу талқыға түскені анық. Осы орайда, Tengrinews.kz тілшісі отандық IT-мамандарына хабарласып, СБЕР-ден кейін қазақстандықтардың өмірі қалай өзгеретінін сұрады. Қазақстан IT-компаниялары қауымдастығының президенті Нұрлан Исин мемлекеттің терең анализге бармай, бірден шешім қабылданғанына қарсы.

«Мұрын бітуі, тырнақ өспеу». Коронавирустың жаңа белгілері қандай? 07 октября 2021, 14:06

Tengrinews, 07 октября 2021 в 14:13

Былтыр коронавирус пандемиясы басталғанда негізгі симптомдар бас ауруы, дене қызуы, иіс жоғалту болатын. Ал бүгінде вирус жұқтырған кезде басқа да белгілер жиі кездеседі. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа белгілерге мән бермейтіндер оны жай тұмау деп ойлап, ауруханаға жүгінбейді екен. Tengrinews.kz тілшісі коронавирустың алғашқы симптомдары туралы баяндайды.

Үлкен Алматы өзенінде вейкбордпен жүзіп өткен спортшы кім? 06 октября 2021, 11:27

Tengrinews, 06 октября 2021 в 11:33

Үлкен Алматы өзенінде вейкбордпен жүзіп өткен спортшы кім?
                06 октября 2021, 11:27
Желіде Үлкен Алматы өзенінде вейкбордпен жүзіп өткен тұрғынның видеосы тарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Instagram желісінде тараған видео квадрокоптермен түсірілген. Желі қолданушылары видео әсерлі шыққанын жазып жатыр. «Өте керемет», «Бұл бізде түсірілген бе? Тамаша», «Айыппұл салынбаса болды», «Бізде де жаңашыл адамдар бар», «Ғажап», — деп жазған қолданушылар.

«Ол Президент болатынын Елбасынан бұрын білген адам бар» — Тоқаевтың экс-кеңесшісі 05 октября 2021, 15:23

Tengrinews, 05 октября 2021 в 15:33

Мемлекет басшысының бұрынғы кеңесшісі, Қазақстан Журналистер академиясының академигі Мақат Садық осыдан 14 жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевпен қызметтес болған кезін еске алды. Ол Tengrinews.kz тілшісіне Президент туралы тың деректерді айтып берді. Мақат Садық 2007-2008 жылдары ҚР Парламенті Сенатының баспасөз хатшысы қызметін және Сенат төрағасы Тоқаевтың кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Тәліптер басып алғаннан кейін ауған халқының өмірі қалай өзгерді? 04 октября 2021, 16:22

Tengrinews, 04 октября 2021 в 16:33

Тәліптер басып алғаннан кейін ауған халқының өмірі қалай өзгерді?
                04 октября 2021, 16:22
Тәліптер Ауғанстанды басып алғаннан кейін ондағы өмір күрт өзгерді. Арада 7 аптадан астам уақыт өтті. Қазақстанда және бірнеше елде террористік ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынған «Талибан» үкіметінің саясаты қандай? Ауғанстандықтардың тіршілігінде не өзгеріс бар? Tengrinews.kz тілшісінің мақаласынан оқыңыз.

Твиндемия деген не және ол адамзатқа несімен қауіпті? 04 октября 2021, 13:00

Tengrinews, 04 октября 2021 в 13:03

Твиндемия деген не және ол адамзатқа несімен қауіпті?
                04 октября 2021, 13:00
Күз мезгілімен қатар ЖРВИ, оның ішінде, тұмау маусымы басталды. Твиндемия — пандемия басталғалы қолданылып жүрген сөз. Бұл әсіресе күз мезгілінде өршитін тұмау мен кейінгі жылдары қосылған коронавирустың қатар жүруі. Мамандар пандемияның бұл түрінің қаупі туралы ескертіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі твиндемия адамзатқа несімен қауіпті екенін анықтап көрді.

Қазақстанда қанша мұғалім бар? Ұстаздар туралы қызық деректер 03 октября 2021, 12:04

Tengrinews, 03 октября 2021 в 12:13

Қазақстанда қанша мұғалім бар? Ұстаздар туралы қызық деректер
                03 октября 2021, 12:04
Қазанның алғашқы жексенбісінде Қазақстанда мұғалімдер күні атап өтіледі. Елімізде бұл мамандықта жұмыс істеп жүрген жарты миллионнан аса адам бар. Олардың орташа жалақысы қанша? Еліміздің қай өңірінде мұғалім көп? Қай өңірінде аз? Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі мұғалімдерге қатысты қызық деректер жинады. Қазақстанда қанша мұғалім бар?

Екі рет әлем чемпионы атанған. Әлімханұлының келесі қарсыласы туралы не белгілі? 01 октября 2021, 18:04

Tengrinews, 01 октября 2021 в 18:13

Екі рет әлем чемпионы атанған. Әлімханұлының келесі қарсыласы туралы не белгілі?
                01 октября 2021, 18:04
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды. Ол 37 жастағы Хасан Н'Дам Н'Джикаммен жұдырықтасады. Жекпе-жек 5 қарашада Лас-Вегаста өтеді. Tengrinews.kz тілшісі Әлімханұлының келесі қарсыласы туралы мәліметтер жинады. Олимпиадаға екі рет қатысқан Н'Джикам — тәжірибелі боксшы, жасы 37-де.

13 жастағы қазақстандық Софи Манасян шетел сериалына түсті 29 сентября 2021, 12:58

Tengrinews, 29 сентября 2021 в 13:13

13 жастағы қазақстандық Софи Манасян шетел сериалына түсті
                29 сентября 2021, 12:58
Алматының тумасы Софи Манасян Cartoon Network Studios пен Nickelodeon бірлесе түсірген «Драма клубы» сериалына түсті, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. «Драма клубы» — америкалық комедия аралас мокьюментари жанрындағы сериал, авторлары — Моника Шерер мен Мэдлин Уитби. Софидің анасы Ольга Манасян АҚШ-та жоғары рейтингке ие болып үлгерген телехикая туралы айтып берді.

1-сынып оқушыларына «өл» деп жаздыртқан. Министрлік түсінік берді 28 сентября 2021, 22:01

Tengrinews, 28 сентября 2021 в 22:13

1-сынып оқушыларына
Әлеуметтік желіде 1-сыныпқа арналған көмекші құралдағы «Өл» сөзіне байланысты дау шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Гүлмира Аймағанбет есімді желі қолданушысы жариялаған суретте оқушыға «өл» сөзін жазу ұсынылғанын көруге болады. Бұл дәптер «Менің алтын жазу үлгім» деп аталады. Авторы — С.Трофимова.
Показано 30 новостей из 339