Популярные темы

«Екпе алмағандар жұмыстан босатылады». Ресейдегі қазақстандықтар эпиджағдайды айтты 15 октября 2021, 10:54

Дата: 15 октября 2021 в 11:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Ресейге коронавирустың жаңа толқыны келді. Көрші елде үнді штамы таралып жатыр. Бүгінде Ресей дүние жүзі елдері арасында науқастар саны бойынша бесінші орында. Елдегі эпидахуал қандай? Коронавирусқа байланысты қандай шектеулер бар? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Ресейде тұрып жатқан қазақстандықтардан сұрап білді. 

«Вакцина салдырмағандар жұмыстан босатылады»

20 жылдан бері Ресейде тұрып келе жатқан Жанат Қаракөбенованың елдегі эпидахуалға байланысты пікірін білдік. Ол Екатеринбург қаласында тұрады. Үш жұлдызды қонақүйде жұмыс істейді, қаладағы қазақ диаспорасының төрайымы.

«Көп жерде карантин режимін байқамадым, тек маска тағу режимі сақталған. Қаладағы ахуал орташа деп есептеймін. Бірақ ол тек менің өз ойым. Науқас көп, бірі айтылып, көрсетілсе, енді бірі айтылмайды», — дейді Жанат Қаракөбенова.

Оның айтуынша, көптеген нысан ашық. Карантинге байланысты жабылған жер көп емес.

«Карантин режимін бәрі сақтайды деп айту қиын. Қоғамдық көлікте, сауда орталықтарында, медицина мекемелерінде, әкімдікте маска тағу режимі сақталады. Кейде рейд жасалып тұрады. Егер олар (рейдке шыққандар — еск.) маска тақпаған адамды кездестірсе айыппұл салуы мүмкін», — дейді Жанат.

Жанат Қаракөбенова қалада эпидахуалға байланысты енгізілген тағы бір шектеу туралы айтты.

«1 қарашадан бастап вакцина салдырмағандар жұмыстан босатылады. Одан бөлек, театр, кинотеатр және тағы басқа орындарға QR-кодсыз кіргізбейді. Бұл жаңа қаулыдағы өзгерістер болуы керек», — дейді Екатеринбург қаласының тұрғыны.

«Қалада тек маска тағу режимі сақталған»

Ал Ресейдің Санкт-Петербург қаласында тұрып жатқан отандасымыз Амина Халықованың да айтуынша, қалада тек маска тағу режимі сақталған.

«Қоғамдық орындарда, дүкенде, метро, такси және тағы басқа жерлерді міндетті түрде маска тағып жүру керек. Бүгінде фуд-корттар, кинотеатр, көрмелер, музейлер ашық. Қалада жұмысты кеңседен істеуге болады. Бір кездері қоғамдық тамақтану орындары 23.00-ге дейін істейтін. Қазір қалада ондай шектеулер жоқ», — дейді Амина.

Аминаның айтуынша, ол қашықтан жұмыс істеп жатыр.

«Компаниямыз карантин енді басталған кезде қашықтан жұмыс істеуге көшкен. Содан бері үйден істейміз. Кеңсеміз қазір жоқ», — дейді ол.

Сонымен қатар, Амина оның айналасындағы адамдар елдегі коронавирус статистикасының нашар болуына қалай қарайтынын айтты.

«Біз статистиканы көп бақыламаймыз, оны көп талқыламаймыз. Таныстарымның бәрі вакцина салдырған. Күнделікті қалыпты өмір салтын жүргізеді», — дейді отандасымыз.

Әзірге Амина вакцина салдырмаған.

«Екпе салдырмадым, бірақ коронавируспен ауырып шықтым. Санкт-Петербургте шетелдік азаматтарға ақылы түрде «Спутник лайт» салдыруға бірнеше ай бұрын ғана рұқсат берілді. Өз басым «Спутник V» салдырғым келді, бірақ оны шетелдіктерге салдырмайды. Қалада антиваксерлерді көп кездестірмедім», — дейді Амина.

Еске салайық, Worldometers мәліметінше, бүгінде Ресей эпидахуал бойынша АҚШ, Үндістан, Бразилия және Ұлыбританиядан кейінгі бесінші орында тұр. Елде пандемия басталғалы 7 892 980 адамнан вирус анықталса, оның 6 937 756-сы аурудан айықты. Жалпы 220 315 адам қайтыс болған. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями