Популярные темы

«ПТР-тест деп вакцина салып тастайды». Қазнетті дүрліктірген 5 фейк 21 октября 2021, 17:56

Дата: 21 октября 2021 в 18:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Вакцина туралы талай фейк жоққа шығарылса да, күн сайын жаңасы шығып жатыр. Оның көбі балаларға екпе салуға қатысты. «Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері екпе алмаған, себебі вакцина қауіпті екенін біледі» деген де хабарлама тараған. Tengrinews.kz тілшісі кейінгі кезде Қазнетте тараған фейктер туралы баяндайды. 

«Адамдарға ПТР-тест деп мұрын спрейі түрінде вакцина егіледі» — фейк

Ресейде спрей түріндегі иммундауға арналған препарат жасалған. Енді Қазнет қолданушылары ПТР тестілеу деп адамдарды жасырын түрде вакцинациялауы мүмкін екенін жазып жатыр.

«Адамдарға вакцинаны бұлшықет ішіне емес, жасырын түрде ауыз не мұрын арқылы салып тастауы мүмкін», — деп жазылған хабарламада. 

Мұнда «SPRAY 08 — Гам-КОВИД-Вак-202» деп аталатын спрей түріндегі вакцина туралы айтылған. Бірақ ол тек клиникалық сынақтар жүргізуге ғана рұқсат алды. Сынақтар әлі басталған жоқ. Оның барлық кезеңін 2023 жылдың 31 желтоқсанында ғана аяқтау жоспарланған. Осы уақытқа дейін вакцинаны клиникалық зерттеулерден тыс жаппай қолдануға тыйым салынады.

Препараттың клиникалық зерттеулеріне келісім берген ересек адамдар ғана қатыса алады. 

Яғни, біреуді КВИ қарсы спреймен жасырын түрде егу мүмкін емес. Оның үстіне, мұндай вакцина жаппай өндіріске әлі жіберілген жоқ.

Сонымен қатар, ПТР тестілеу үшін биоматериалды алу түрінде мұрынға бір нәрсе себу мүмкін емес. Өйткені, талдау алуға арналған үлгілер ұшында вискозадан немесе басқа материалдан жасалған тампоны бар арнайы таяқшамен алынады. Мұндай таяқшамен қандай да бір сұйықтық шашу мүмкін емес.

«Балалар КВИ-ге қарағанда вакцинадан қайтыс болу ықтималдығы жоғары»

Әлеуметтік желілерде COVID-19-ға қарсы вакциналар балаларда жанама әсерлер тудырады, ал препараттан болатын өлім аурудың өзінен гөрі жоғары екені туралы ақпарат тарап жатыр. Авторлар Пауль Эрлих институтының мәліметтеріне сүйенген.

«Балаларды вакцинациялауды зерттеу: елеулі жанама әсерлерді жасыруда, Пауль Эрлих институтының ресми мәліметтеріне сәйкес, балаларда өте сирек кездесетін коронавирусқа қарағанда олардың вакцинадан қайтыс болу ықтималдығы үш есе жоғары», – делінген хабарламада.

Автор сүйенген Пауль Эрлих вакциналар мен биомедициналық препараттарды зерттеу институты, керісінше, вакцинациядан кейінгі ықтимал жағымсыз әсерлер туралы ақпарат жинап, олардың негізінде есептер дайындап, ұдайы жариялап отырады.

Институт есептерінде вакцина адам жағдайының нашарлауына себеп болса да, коронавирусқа қарсы екпеден кейін әл-ауқат өзгеруі туралы мәліметтер жинақталған.

2021 жылғы 20 қыркүйектегі есепте 12-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында вакцинациядан кейінгі ықтимал жанама әсерлер туралы мәліметтер ұсынылған. 3 айда (2021 жылғы 31 мамырдан бастап 31 тамызға дейін) жағымсыз реакция туралы 1228 хабарлама келіп түскен. Инъекция орнындағы ауырсыну, бас ауруы, шаршау және қызудың көтерілуі сияқты жағдайлар жиі кездеседі.

Аталған кезеңде үш адам қайтыс болды. Бұл жағдайлардың вакцинациямен байланысы дәлелденген жоқ. Екі жасөспірім басқа аурулардың ауыр түрімен ауырған.

«Нұр-Сұлтанда аспанды графен бұлт торлады» — фейк

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде аспанда көрінген қара түтін сақинасының кадрлары тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, фото Нұр-Сұлтанда түсірілген, ал қара түтін — «5G бағанасынан пайда болған графен бұлт».

Шын мәнінде, аспандағы түтін сақинасы Ақмола облысының Қосшы қаласында байқалған. Оған графеннің де, 5G байланыс форматының ешқандай қатысы жоқ. Оның қайдан пайда болғанын қала әкімдігі түсіндіріп берді.

«Бұл бұлт пеште көмірдің күрт жануынан (пештегі от лап етті) болған, ол дөңгелек құбыр арқылы шыққан түтіннен қалыптасқан. Яғни, Қосшы қаласының жеке тұрғын үй секторында орналасқан пештен шыққан түтіннен. «Түтін табиғи құбылыс емес және қала тұрғындарына ешқандай зиян келтірмейді», — деп хабарлады әкімдіктегілер.

«Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері екпе алмаған» — фейк

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар Денсаулық сақтау министрлігінде КВИ қарсы екпе алған қызметкерлер жоқ деген ақпарат таратып жатыр. Оның авторы бұл ақпаратты ведомствода жұмыс істейтін досынан естігенін айтады. Сондай-ақ ол өзі де, әріптестері де вакциналар зиян және қауіпті екенін жақсы білетінін мәлімдеген. 

StopFake.kz түсініктеме алу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне жүгінген. Олар ведомство қызметкерлері арасында коронавирусқа қарсы вакцинациядан жаппай бас тарту жоқ екенін айтты.

«Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің саны — 205. Оның ішінде 21 адамда медициналық қарсы көрсетілімдер бар, олардың қатарына үш ай бұрын ауырғандар да кіреді. Осылайша, 184 адам вакцинациялауға жатады, оның ішінде 178 адам екі компоненті екті және 6 адам бірінші компонентті алды. Қызметкерлер 100 пайыз дерлік вакцина салдырды», — деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

«Қазақстанда балаларды вакциналау ауылдан басталады»

Қазнет қолданушылары елімізде балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуды ауылдық округтерден бастау жоспарланып отырғаны туралы хабарлама тарап жатыр.

Ауыл тұрғындары иммундауға арналған препараттар мен олардың жанама әсерлері туралы ештеңе білмейді, сондықтан осындай шешім шығарылғаны айтылады.

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай вакцинациялау жоспарлары туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінде 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанға әкелінбеген. Балаларды вакцинациялау жоспары да жоқ. Балаларды вакцинациялау ата-аналардың ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі және баланың тұрғылықты жеріне байланысты болмайды», — деді ведомство өкілдері.

Мәліметтер Stop Fake сайтынан алынды

«Бала мутант болып туады» — Желіде вакцина туралы адамшошырлық фейктер тарады

«Балабақшаны улап жатыр». Қазнетті дүрліктірген 5 фейк

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями