Популярные темы

Алматыда эпиджағдай жақсарды ма? Бекшин жауабы 21 октября 2021, 12:28

Дата: 21 октября 2021 в 12:33


Алматыда эпиджағдай жақсарды ма? Бекшин жауабы
                21 октября 2021, 12:28
Стоковые изображения от Depositphotos

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігер Жандарбек Бекшин қаладағы эпидахуал туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жыл басынан бері Алматыда коронавирус жұқтырудың 156 мың жағдайы тіркелді. Кейінгі тәулікте 309 жағдай болды. Дельта штамы шыққанда күніне 1700-ге дейін жағдай тіркелетін, қазір 300-350. Коронавирус таралуы базалық болжамға сәйкес инфекциялардың төмендеу динамикасында тұрақтануды жалғастырып жатыр. Аурудың төмендеу қарқыны сақталған жағдайда тәулігіне 300-ден кем жағдай болуы болжанады.

Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда бір апта бұрын 121-ден 113-ке дейін төмендеді. Ал тәулік өсімі 0,22-ден 0,18-ге төмендеді. Инфекциялық берілу индексі 0,9 деңгейінде сақталып отыр. Қазіргі таңда қалада иммундау көрсеткіші — 54 пайыз», — деді Бекшин брифингте.  

Алматының бас санитария дәрігер қалада вирус жұқтырғандардың ең көбі 20-39 жастағылар екенін айтты. Бұл бір аптада вирус жұқтырғандардың 28 пайызы.

По сообщению сайта Tengrinews

Поделитесь новостью с друзьями