Популярные темы

Қазақстанда қанша мұғалім бар? Ұстаздар туралы қызық деректер 03 октября 2021, 12:04

Дата: 03 октября 2021 в 12:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда қанша мұғалім бар? Ұстаздар туралы қызық деректер
                03 октября 2021, 12:04
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазанның алғашқы жексенбісінде Қазақстанда мұғалімдер күні атап өтіледі. Елімізде бұл мамандықта жұмыс істеп жүрген жарты миллионнан аса адам бар. Олардың орташа жалақысы қанша? Еліміздің қай өңірінде мұғалім көп? Қай өңірінде аз? Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі мұғалімдерге қатысты қызық деректер жинады. 

Қазақстанда қанша мұғалім бар?

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта республикамыздың білім беру ұйымдарында 500 мыңнан аса педагог жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 366 мың педагог мектепте қызмет етеді.

Олардың 297 280-і (81 пайыз) әйел, 69 386-сы (19 пайыз) ерлер.

Педагогтердің орташа жасы — 30 бен 44 жас. Бұл жас аралығында елімізде 135 500 педагог бар.

Мұғалімдердің орташа жалақысы қанша?

Министрлік мұндай мәліметін жоғын айтты. Ranking.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, биылғы екінші тоқсанда білім саласындағы қызметкерлердің орташа айлығы 233, 9 мың теңгеге жеткен. Бұл былтырғы дәл осы мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда 26,8 пайызға көп. 

БҒМ баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, педагогтердің кәсіби өсуінің жаңа жүйесі енгізілуіне байланысты педагогтер жалақысы лауазымдық жалақы мөлшерінен 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсті.

Осылайша, бүгінгі таңда 158 405 педагог үстемақы алып жатыр:

«педагог-модератор» — 44 456 (28 пайыз); «педагог-сарапшы» — 57 890 (36,5%); «педагог-зерттеуші» — 53 611 (33,9%); «педагог-шебер» — 2 448 (1,6%).

Қай өңірде мұғалім көп?

Республика бойынша мұғалімдер саны ең көп төрт өңір мынадай: Түркістан облысы — 58 574, Алматы облысы — 44 280, Жамбыл облысы — 27 438, Шығыс Қазақстан облысы — 24 187.

Ал қай өңірлерде мұғалім саны аз? Министрлік берген дерек бойынша, елімізде мұғалімі аз өңір — елорда. Нұр-Сұлтанда 11 993 педагог қызмет етіп жатыр. Сонымен қатар, мұғалімі аз өңірлер қатарына Ақмола (10 768) мен Солтүстік Қазақстан (12 109) облыстары кіреді. 

Биыл мұғалімдерге қатысты қандай жаңалық болды?

Кейінгі 1,5 жылдан бері алғаш рет биыл қыркүйекте оқушылар мектепке барды. 

Сонымен қатар, биылғы қыркүйектен бері педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі өзгерді. Бұрын мұғалімдерді жұмысқа директор қабылдаса, енді электрон форматта байқау өтіп, үздігі қызметке алынады. 

«Нақты көрсеткіштер мен талаптар бар. Сол көрсеткіштер мен талаптар бойы мектеп пен комиссия педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша шешім шығарады», — деген еді білім министрі Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясында. 

Ал мұғалімдер үшін жақсы жаңалық келер жылдың басында болады. 2022 жылдың қаңтарынан бастап балабақша, мектеп пен колледждердегі педагогтер жалақысы 25 пайызға өседі. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями