Популярные темы

бұрын: новости — страница 7

Неге утильалымнан бас тартуға болмайды? Үкімет басшысының орынбасары жауап берді 23 февраля 2022, 13:43

Tengrinews, 23 февраля 2022 в 13:53

Неге утильалымнан бас тартуға болмайды? Үкімет басшысының орынбасары жауап берді
                23 февраля 2022, 13:43
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр неге Қазақстанда утильалымнан бас тартуға болмайтынын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Бұл кімге тиімді? Ойланып көрейік. Біз былтыр елде 92 мың автомобиль өндірсек, оларды сатып алған адамдар утильалым төлемесе? Қымбат автомобильдер де бар, мысалы жол талғамайтын көліктер.

Болашақта қандай тағам түрлері пайда болады? Шетелдік нутрициологпен сұхбат 21 февраля 2022, 09:12

Tengrinews, 21 февраля 2022 в 09:23

Болашақта қандай тағам түрлері пайда болады? Шетелдік нутрициологпен сұхбат
                21 февраля 2022, 09:12
Адамзаттың күнделікті тұтынатын тағам өнімдері үздіксіз дамып жатыр. CSIRO мәліметінше, алдағы онжылдықта азық-түлікке сұраныс 14 пайызға өседі, яғни тағам өндірісі екі есе артуы керек. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі америкалық нутрициолог Бэлла Ховардпен сөйлесіп, болашақта қандай тағамдар пайда болуы мүмкін екенін сұрады.

Қазақстанда кейінгі аптада болған басты тағайындаулар 18 февраля 2022, 16:19

Tengrinews, 18 февраля 2022 в 16:23

Қазақстанда кейінгі аптада болған басты тағайындаулар
                18 февраля 2022, 16:19
Өткен аптада елімізде бірнеше тағайындау болды. Көбіне әкімшілік басшыларының орынбасарлары тағайындалды. Tengrinews.kz тілшісі өткен аптадағы ауыс-түйістер топтамасын жасады. 14 ақпанда Нұржан Календеров Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары болып тағайындалды. Календеровтің қызметі Президент Әкімшілігімен келісе отырып Жамбыл облысы әкімінің өкімі бойынша тағайындалған.

Уақыт есейе келе неге тез өтетіндей көрінеді? Кембридж физигімен сұхбат 17 февраля 2022, 11:54

Tengrinews, 17 февраля 2022 в 12:03

Уақыт есейе келе неге тез өтетіндей көрінеді? Кембридж физигімен сұхбат
                17 февраля 2022, 11:54
Кембридж университетінің физигі, ғалым Анджела Харпер уақыт неге тез өтіп жатқандай сезім туатынын түсіндіріп, оның ғылыми ерекшелігі туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Харпердің айтуынша, уақыт тұрақты өлшем емес, ол бірнеше себепке байланысты ауытқуы мүмкін. «Уақыттың өлшемі сағаттағы цифр ғана емес, ол, сонымен қатар, адам санасындағы құрылымы әлдеқайда күрделі механика.

Мұғалімдерді жұмысқа жегу, медиасауат сабағы және жазаланған басшылар. Асхат Аймағамбетовпен үлкен сұхбат 17 февраля 2022, 10:38

Tengrinews, 17 февраля 2022 в 10:43

Мұғалімдерді жұмысқа жегу, медиасауат сабағы және жазаланған басшылар. Асхат Аймағамбетовпен үлкен сұхбат
                17 февраля 2022, 10:38
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов #TengriTаlk эфирінде Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат берді. Эфир барысында білім саласындағы жаңалықтар, мектеп бағдарламасына енгізілетін өзгерістер, мұғалімдерді аттестациядан өткізу, елімізде беделді шетел университет филиалдарының ашылуы, «Болашақ» бағдарламасындағы өзгерістер мен педагогтер мәселесі талқыланды.

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік: Бас прокуратура мәлімдеме жасады 16 февраля 2022, 21:14

Tengrinews, 16 февраля 2022 в 21:23

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік: Бас прокуратура мәлімдеме жасады
                16 февраля 2022, 21:14
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін бүгінде барлығы 3096 соталды тергеу тіркелген. Бұл туралы бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қилымжановтың айтуынша, олар негізінен бұзақылық және қаруды жымқыру қылмыстары.

Жалғасы бола ма? «5:32» сериалының режиссерімен үлкен сұхбат 15 февраля 2022, 14:31

Tengrinews, 15 февраля 2022 в 14:43

Жалғасы бола ма?
Tengrinews.kz тілшісі «5:32» сериалының авторы әрі режиссері Әлішер Үтевпен сұхбаттасып, сценарий қалай жазылғанын, ондағы цензура мен ерекшеліктер туралы сұрады. Сонымен қатар, режиссер жобаны жарты жолда тастап, көп шығынға ұшыратқан танымал актер туралы және Қазақстандағы ең танымал каннибал туралы сөз қозғады.

Жұптардың арасында қандай жағдайда бала болмайды? АҚШ ғалымы жауап берді 14 февраля 2022, 10:57

Tengrinews, 14 февраля 2022 в 11:03

Жұптардың арасында қандай жағдайда бала болмайды? АҚШ ғалымы жауап берді
                14 февраля 2022, 10:57
Кейінгі жылдары кеш жүктілік және бедеулік фактілері жиілеп кетті. Оған қоса, жатырда шетінеп кеткен нәрестелердің де саны азаймай тұр. ДДСҰ мұның бірнеше медициналық себебін түсіндірген. Изосерология ғалымы, акушер-гинеколог Давид Гербер Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында соның ішіндегі ең маңыздысына тоқталып, резус қақтығысы мен оның қаупі туралы айтып берді.

Қарапайым видеографтан топ-операторлыққа дейін. Атыраулық жігіт атақты әншілерге бейнебаян түсіріп жүр 11 февраля 2022, 14:51

Tengrinews, 11 февраля 2022 в 14:53

Қарапайым видеографтан топ-операторлыққа дейін. Атыраулық жігіт атақты әншілерге бейнебаян түсіріп жүр
                11 февраля 2022, 14:51
Абзал Батырғали — 24 жасында Coca-Cola сияқты әлемдік компанияларға жарнама, ал RaiM & Artur, Truwer, Limba сынды қазақстандық танымал әншілерге бейнебаян түсіріп жүрген қарапайым атыраулық жігіт. Бұл салада арнайы білімі жоқ ол түсірілім өнерін өзі үйренген. Tengrinews.kz тілшісі жас қоюшы оператормен әңгімелесіп, Қазақстанда бұл сала қалай дамып жатқанын, бәсеке мен кадрдағы ең маңызды бөлшектер туралы сұрады.

15-20 секунд уақытыңыз бар. Зілзала кезінде не істеуге болмайды? 11 февраля 2022, 11:19

Tengrinews, 11 февраля 2022 в 11:33

15-20 секунд уақытыңыз бар. Зілзала кезінде не істеуге болмайды?
                11 февраля 2022, 11:19
Мамандардың сөзінше, Алматы сейсмикалық қауіпті ауданында орналасқан. Алматыдағы Сейсмология институтының мамандары зілзала кезінде қалай қорғану керегін және жер сілкінісі кезінде не істеуге болмайтынын түсіндірді. Алматыда жақын арада болуы мүмкін (ықтимал) жер сілкіністері туралы қандай да бір зерттеу бар ма? Қазақстан территориясында және жапсарлас жатқан аумақтарда жылына 7 мыңға дейін, кей жылдары 10 мыңнан аса жер сілкінісі тіркеледі.

«Қасіретті қаңтар»: 2750 қылмыстық іс тергеуде 04 февраля 2022, 20:12

Tengrinews, 04 февраля 2022 в 20:23

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін 2750 қылмыстық іс тергеуде, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде айтты. «Бас прокуратура қаңтар оқиғасында орын алған қылмыстардың тергелуін, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңдылықтың сақталуын қадағалауды жалғастырып жатыр.

«Аллергиясы бар науқастарға коронавирустан қауіп көп» — америкалық иммунолог 04 февраля 2022, 15:37

Tengrinews, 04 февраля 2022 в 15:43

COVID-19 пандемиясы ауа тазалығына қатысты бұрын-соңды болмаған ғылыми болжамдардың расталуына мүмкіндік ашты. Әсіресе, маска тағу тәртібі мен санитариялық шаралардың арқасында өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, демікпе және аллергия қозуы азайып, дәстүрлі ем түрі біршама түрленді. Америкалық аллерголог және иммунолог Кортни Блэр Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында коронавирус кезіндегі аллергиялық аурулар және оларды емдеудің ерекшеліктері туралы айтып берді.

Мәжілістің жаңа төрағасы жаңа Қазақстанды құрудағы депутаттардың ролін айтты 02 февраля 2022, 10:16

Tengrinews, 02 февраля 2022 в 10:23

Мәжілістің жаңа төрағасы жаңа Қазақстанды құрудағы депутаттардың ролін айтты
                02 февраля 2022, 10:16
Парламент Мәжілісінің жаңа төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Қазақстан құрудағы депутаттардың ролін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төраға жалпы отырысты бастамас бұрын бірнеше мәселені атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан жаңа Қазақстанды құру жолында Парламентке артылар жүк те, жауапкершілік те зор.

Появилось видео выступления Токаева на совещании по противодействию коррупции 01 февраля 2022, 17:25

Tengrinews, 01 февраля 2022 в 17:33

Появилось видео выступления Токаева на совещании по противодействию коррупции
                01 февраля 2022, 17:25
Президент Касым-Жомарт Токаев провел совещание по вопросам противодействия коррупции. Пресс-служба Акорды опубликовала видеозапись выступления Главы государства, передает Tengrinews.kz. Кроме того, ниже приводим текст выступления Касым-Жомарта Токаева на двух языках.«Құрметті кеңеске қатысушылар! Баршаңызға мәлім, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу — біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі.

«Интернетті шексіз пайдалануға болады». Фейк болып шыққан Tesla Phone туралы не белгілі? 01 февраля 2022, 09:25

Tengrinews, 01 февраля 2022 в 09:33

Желіде Илон Маск дайындап жатыр деген Tesla Phone туралы қауесет әлі де басылар емес. Смартфонның алғашқы үлгілері Желіде бес жыл бұрын, 2017 жылы пайда болды. Алайда ол компания ресми түрде таныстырған ұялы телефон емес, тек түрлі сарапшылардың ұсынған үлгісі еді. Масктың компаниясы ұялы телефон шығаратынын әлі ресми түрде мәлімдеген жоқ.

СOVID-19 пандемиясы: Еуропада неге карантин жеңілдеп жатыр? 28 января 2022, 17:11

Tengrinews, 28 января 2022 в 17:23

СOVID-19 пандемиясы: Еуропада неге карантин жеңілдеп жатыр?
                28 января 2022, 17:11
Еуропа елдерінде СOVID-19 жұқтыру жағдайларының тәуліктік көрсеткіші әлі де жоғары. Мұны министрліктер омикрон шатымың жылдам тарауымен байланыстырып отыр. Алайда қазір әр елде карантин шаралары әр түрлі. Бірқатар елде 1 ақпаннан бастап өзгерістер де енеді, бірінде шектеулер жеңілдесе, екіншісінде керісінше қатаңдайды.

Қазақстандық музыкант Голливуд трейлерлеріне әуен жазып жүр 28 января 2022, 14:23

Tengrinews, 28 января 2022 в 14:33

Қазақстандық музыкант Голливуд трейлерлеріне әуен жазып жүр
                28 января 2022, 14:23
Қазақстандық Тигран Папазян Голливуд және ТМД фильмдерінің трейлеріне музыка жазып жүр. Ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында трейлер индустриясы мен ондағы ерекшеліктер туралы айтып берді. Тигран — Петропавл қаласының тумасы, жасы 31-де. Ең қызығы, оның музыкалық білімі жоқ, ал бітірген мамандығы — құқықтану.

«Оңай әдіс жоқ» — 7 тіл білетін қазақстандық тіл үйренудің қыр-сырын бөлісті 26 января 2022, 14:45

Tengrinews, 26 января 2022 в 14:53

Түркістандық Нурислам Вахапов 26 жасында 7 тіл біледі, оған қоса тағы екі тілді меңгеріп жүр. Оның сөзінше, тіл үйренуде ешқандай оңай әдіс жоқ, алайда белгілі бір ережелерді білсең, жетістікке жетуге болады. Полиглот жігіт Tengrinews.kz тілшісімен өзге тілдерді үйренудегі сырын бөлісті. «Қазақ, өзбек, орыс, түрік, ағылшын, қытай, итальян тілдерін білемін. Қазіргі уақытта корей және испан тілдерін үйреніп жүрмін», — дейді ол.

Ауыл балаларының ойынына комментатор болған жігіт Қазнетті тәнті етті 26 января 2022, 13:50

Tengrinews, 26 января 2022 в 13:53

Ауыл балаларының ойынына комментатор болған жігіт Қазнетті тәнті етті
                26 января 2022, 13:50
Желіде ауыл балаларының ауладағы ойынын спорт комментаторы ретінде жүргізген жігіттің видеосы тарады. Қазнеттегілер видеоны жоғары бағалап, комментаторды мақтап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі видео авторы Тағай Нұралиевпен сөйлесіп, оны қашан және қайда түсіргенін сұрады. Тағай Нұралиев — Шымкент тұрғыны.

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші неге күрт өсті? ДСМ жауабы 25 января 2022, 17:15

Tengrinews, 25 января 2022 в 17:23

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші неге күрт өсті? ДСМ жауабы
                25 января 2022, 17:15
Қазақстанда кейінгі апталарда коронавирус жұқтыру көрсеткіші күрт өсіп, барлық дерлік өңір «қызыл» аймаққа өтті. Оның себебін ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Ең алдымен бұл омикронның өз қасиеттеріне байланысты.

Алматы бас санитария дәрігері өңірдегі эпиджағдайға болжам жасады 24 января 2022, 10:19

Tengrinews, 24 января 2022 в 10:33

Алматы бас санитария дәрігері өңірдегі эпиджағдайға болжам жасады
                24 января 2022, 10:19
Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатыр. Бұл туралы Алматының бас санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қалада 100 мың адамға шаққанда бір аптадағы ауру өсімі салыстырмалы баяулады, 6,5-тен 2-ге. Бірақ бір тәуліктегі көрсеткіш 0,97-ден 1,24-ке өсті.

«Басына қару тақап, атып тастаймын деп қорқытқан». Тәртіпсіздіктер кезіндегі жантүршігерлік оқиғалар 21 января 2022, 14:16

Tengrinews, 21 января 2022 в 14:23

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қаладағы көптеген ғимарат қирап, өртеніп кетті. Лаңкестер ғимараттарға кіріп, атыс шығарған. Оның ішінде, кейбір ғимаратта адамдар болған. Tengrinews.kz тілшісі тәртіпсіздіктер кезінде болған жантүршігерлік оқиғаларға шолу жасады. Алматыдағы кардиологиялық орталыққа жасалған шабуыл 5 қаңтарда тәртіпсіздіктер кезінде қарулы топ қалалық кардиология орталығын басып алған.

Қоқысты қалай ақшаға айналдыруға болады? ROAF басшысымен сұхбат 20 января 2022, 16:44

Tengrinews, 20 января 2022 в 16:53

Қоқысты қалай ақшаға айналдыруға болады? ROAF басшысымен сұхбат
                20 января 2022, 16:44
Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, адамзат жыл сайын 2 миллиард тоннадан аса қоқыс қалдықтарын өндіреді. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш екі есеге дейін өсуі мүмкін. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Еуропадағы ең ірі қоқыс өңдеу зауытының басқарма төрайымы Синнове Бьеркемен сұхбаттасып, тұрмыстық қалдықты қалай ақшаға айырбастауға болатынын және оның жаһандық қауіпсіздікпен қандай байланысы барын сұрады.

«Соңғы штамм болуы екіталай». ДДСҰ омикронға қатысты не деді? 17 января 2022, 13:56

Tengrinews, 17 января 2022 в 14:03

Коронавирустың омикрон штамы дүние жүзіне тарады. Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркеліп жатыр. Омикронға байланысты қазіргі жағдай қандай? ДДСҰ не дейді? Tengrinws.kz тілшісі шолу жасады. Қазақстандағы омикрон Елімізде омикрон штамы 6 қаңтарда анықталды. Бастапқыда Алматыда 7 жағдай, Нұр-Сұлтанда 1 жағдай тіркелді.

Жаңа үкіметте ең жас министр кім? 17 января 2022, 13:03

Tengrinews, 17 января 2022 в 13:13

Жаңа үкіметте ең жас министр кім?
                17 января 2022, 13:03
Жыл басынан бері Қазақстан билігінде бірқатар ауыс-түйіс болды. Үкіметтегі ең жас министр кім? Ал министр қызметінде ең ұзақ отырған кім? Tengrinews.kz тілшісі қызық деректер жинады. Үкімет қанша пайызға жаңарды? Әлихан Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалғанына бір апта ғана болды. Ол басқаратын үкіметте жоғары лауазымдарды атқаратын 22 адам бар: оның ішіне министрлер, премьер-министр орынбасарлары, премьер-министр кеңсесінің басшысы кіреді. Үкімет жаңадан құрылғанымен, сол 22 адамның 14-і қызметінде қалды.

Бүліктен билік қандай сабақ алды? Бердібек Сапарбаевпен үлкен сұхбат 13 января 2022, 15:10

Tengrinews, 13 января 2022 в 15:13

Бүліктен билік қандай сабақ алды? Бердібек Сапарбаевпен үлкен сұхбат
                13 января 2022, 15:10
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Tengrinews.kz тілшісіне эксклюзив сұхбат берді. Өңір басшысы аймақтағы қазіргі ахуал, қаза болған генерал, құрықталған лаңкестер туралы сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, әкім Президентпен не туралы сөйлескенін баяндады. TN: Бердібек Мәшбекұлы, Жамбыл облысында болған дүрбелең неден басталды?

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: қаза болған жоғары лауазымды шенділер 13 января 2022, 12:51

Tengrinews, 13 января 2022 в 13:03

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: қаза болған жоғары лауазымды шенділер
                13 января 2022, 12:51
Кейінгі күндері Қазақстанда бірнеше жоғары лауазымды шенді қаза болды. Бірі атыс кезінде қаза тапса, бірінде инфаркт болған, енді бір полковник өз үйінде өлі табылған. Tengrinews.kz тілшісі таяуда өмірден өткен шенділер туралы баяндайды. Дастан Әділбай Жамбыл облысы ҰҚКД Терроризмге қарсы орталығының бөлім бастығы подполковник Дастан Әділбай қаскөйлер қолынан қаза тапты.

«Мұндай жетім күйді ешқашан кешпеппін» — тәртіпсіздік кезінде Түркиядан қайта алмаған қазақстандық журналист 13 января 2022, 11:50

Tengrinews, 13 января 2022 в 12:03

Динар Керім — Egemen Qazaqstan газетінің Интернет бөлімінің басшысы. Ол Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Түркиядан елге қайта алмай қалды. Күні кеше елге оралды. Төрт күндей Түркиядағы әуежай мен үйдің арасында жүрген. Оның айтуынша, елде көмек қолын созғандар да аз болмаған. «Түркияға аяқасты барғым келді. Ұшуға 2-3 күн қалғанда билет алдым. Ішкі түйсігім сол жаққа асығып тұрды.

Алматыда наразылар бұқа инсталляциясын неге сүйреген? 12 января 2022, 13:18

Tengrinews, 12 января 2022 в 13:23

Алматыда наразылар бұқа инсталляциясын неге сүйреген?
                12 января 2022, 13:18
Алматыда бүлік болған күндері наразы топтар бұқаның инсталляциясын көше бойына шығарып қойған. Мүсін қаладағы атақты мейрамхананың алдында тұрған. Бұқаны қалаға сыйға тартқан қаржыгер мен мейрамхана қожайыны Tengrinews.kz тілшісіне инсталляция қайдан келгенін айтып берді. Мейрамхана қожайының айтуынша, Әуезов пен Төле би көшелерінде тұрған бұқа мүсіні екі ай бұрын қойылған.

Қазақстандағы тәртіпсіздік: Желіде тараған фейктер елді дүрліктірді 10 января 2022, 10:13

Tengrinews, 10 января 2022 в 10:23

Қазақстандағы тәртіпсіздік: Желіде тараған фейктер елді дүрліктірді
                10 января 2022, 10:13
Қазақстан қалаларындағы тәртіпсіздіктер кезінде Желіде түрлі фейк тарап, тұрғындарды шошытты. Ведомстволар оның көбін дер кезінде жоққа шығарып, халықты сабырға шақырып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Желіде тәртіпсіздіктерге қатысты тараған фейктерді жинап шықты. «Алматы полициясының ғимараты жарылды» — фейк Алматылықтар Әуезов ауданындағы полиция ғимараты жарылғаны туралы ақпарат таратып, елді дүрліктірді.
Показано 30 новостей из 337