Популярные темы

Instagram мен Facebook артта қала ма? Трамптың жаңа әлеуметтік желісі туралы не білеміз? 21 октября 2021, 16:25

Дата: 21 октября 2021 в 16:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Instagram мен Facebook артта қала ма? Трамптың жаңа әлеуметтік желісі туралы не білеміз?
                21 октября 2021, 16:25
Стоковые изображения от Depositphotos

Осыдан тура 4 ай бұрын Дональд Трамптың аға кеңесшісі экс-президент жақында өзінің жеке әлеуметтік желісін іске қосатынын айтқан еді. Миллиардер бұл байламға Кремний алқабындағы ірі платформалардың, соның ішінде Facebook, Twitter және YouTube қызметтерінің саяси лоббизмге бет бұрғанынан келді. Трамптың қолданысқа енгелі тұрған әлеуметтік желісінен не күтуге болады және оның тағдыры қалай болмақ. Мұны Tengrinews.kz тілшісі анықтады.

Американың 45-президенті Дональд Трамп жаңа әлеуметтік желінің тұсауын жақында кеспек. Осы жылдың мамырында басталған шешуші ревизия жұмыстары аяқталып қалды. Бұл туралы Fox News-тің арнайы жаңалықтар топтамасында хабарланды.

Трамптың аға кеңесшісі Джейсон Миллердің сөзінше, жаңа әлеуметтік желі ақпараттық технология нарығын толықтай өзгертіп, қарсыластарының алды болады.

Мұны Трамптың өзі 2021 жылдың қаңтарында растаған еді. Ол Twitter-де персоналды желілері бұғатталғаннан кейін пост жазады, бірақ Twitter әкімшілігі жазбаны бірден өшіріп тастады. Десе де, бірқатар БАҚ хабарламаны скриндеп алды.   

Potus/Twitter.com

«Мен осындай жағдайдың орын алатынын бұрыннан-ақ білгенмін. Қазір көптеген мықты IT-мамандарымен байланыстамын, жақын арада өзіміздің платформаны жариялап қаламыз. Біздің аяғымызды тұсауға ешкімнің де қауқары жетпейді», — деп жазған еді ол.

Экс-президенттің әлеуметтік желілері Капитолиядағы шабуылдан кейін бұғатталғанын еске саламыз. Бүгінде Дональд Трамптың Twitter, Facebook, Instagram және басқа ірі интернет-платформадағы аккаунттары бұғатталып тұр. Ол соңғы рет әлеуметтік желіде 7 қаңтарда пост салды. Бұл желілердің әкімшілігі бұл жайтқа байланысты ресми мәлімдеме жасамады.

Трамптың жаңа әлеуметтік желісінің бета-нұсқасы қаңтарда іске қосылмақ. Тұсаукесерге тек арнайы шақырылған қонақтар қатысады. Ал жаңа желінің толық таныстырылымы 2022 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланып отыр. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Дональд Трамп
Поделитесь новостью с друзьями