Популярные темы

бұрын: новости — страница 9

«Үй тазаласаң да, еңбек ет». Назарбаев жастарға қандай кеңес беріп жүр? 01 декабря 2021, 11:30

Tengrinews, 01 декабря 2021 в 11:43

Білімді болыңдар, үш тіл меңгеріңдер, үй тазаласаңдар да, еңбек етіңдер, армандаңдар. Бұл Қазақстан Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға берген кеңесі. Tengrinews.kz тілшісі Елбасының жастарға берген кеңестерін жинады. «Жасампаз болыңдар, армандаңдар» Таяуда ғана Назарбаев қазақстандық жастарға үндеу жасаған.

«Омикрон» штамы: қазақстандықтарға маңызды 10 сұрақтың жауабы 30 ноября 2021, 15:06

Tengrinews, 30 ноября 2021 в 15:13

Коронавирустың жаңа штамы дүние жүзін қайта дүр сілкіндірді. Елдер шекарасын жауып, шектеулер енгізіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі «омикрон» штамы туралы қазақстандықтарға маңызды сұрақтардың жауабын дайындады. «Омикронның» симптомдары қандай? «Омикрон» штамын жұқтырған науқастар туралы алғаш болып Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Анжелик Күтзее хабарлаған еді.

Коронавирустың жаңа штамын жұқтырғанда қандай симптомдар болады? 30 ноября 2021, 12:37

Tengrinews, 30 ноября 2021 в 12:43

Коронавирустың жаңа штамын жұқтырғанда қандай симптомдар болады?
                30 ноября 2021, 12:37
Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова «омикрон» штамын жұқтырғанда байқалатын белгілерді атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әсел Қалықова, ДДСҰ ақпараты бойынша, бұл штамм 33 мутацияны біріктіретінін айтты. Бұл штамның тез жұғуы және вакцина алған, сондай-ақ ауырып жазылғандар ағзасындағы антиденелерге төзімді екенін көретуі мүмкін.

«32 мутацияны біріктірген». Омикрон штамы туралы не белгілі? 29 ноября 2021, 13:17

Tengrinews, 29 ноября 2021 в 13:23

Қазір дүние жүзінде коронавирустың жаңа штамы тарап жатыр. Бұл басқаларынан қауіптірек. Таяуда оған ДДСҰ «омикрон» деген атау берді. Tengrinews.kz тілшісі мамандар сөзін келтіріп, бұл штамм қаншалықты қауіпті екенін жазды. «32 мутацияны біріктірген» Алғашқылардың бірі болып ол туралы Daily Mail газеті 24 қарашада жазған.

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Костанайские Новости, 27 ноября 2021 в 10:51

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
ХАБАРЛАМА «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес 2021 жылғы 14 желтоқсан сағат 10.00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында «ЖКХремонт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөнінде тендер өткізеді, объектінің бастапқы құны – 167 159 732,50 (жүз алпыс жеті миллион жүз елу тоғыз мың жеті жүз отыз екі) теңге 50 тиын.

Қарағанды облысындағы алғашқы ХҚО ашылғанына 15 жыл

EKaraganda.kz, 26 ноября 2021 в 18:25

Қарағанды облысындағы алғашқы ХҚО ашылғанына 15 жыл
Сол кезден бері кәсіпорынның қайта ұйымдастырылуына және көрсетілетін қызмет санының өсуіне байланысты ХҚО-лардың қызмет процесі бірнеше мәрте өзгертілді. Егер бұрын халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 30-дан астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, бүгінде бұл көрсеткіш 662 қызметті құрайды. Олардың көбісі egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн режимде қолжетімді.

Онлайн-полис: үйден шықпай-ақ нені сақтандыруға болады

Banker.kz, 26 ноября 2021 в 00:41

Онлайн-полис: үйден шықпай-ақ нені сақтандыруға болады
Цифрландырудың дамуымен халықтың қашықтан қаржылық сервистерге сұранысы артуда Цифрландырудың дамуымен халықтың қашықтан қаржылық сервистерге сұранысы артуда. Қазақстандықтар үйден немесе кеңседен депозиттерін рәсімдейді, несиелерін төлейді, ақшалай аударымдар жасайды, сақтандыру полистерін сатып алады. Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру полисін онлайн режимінде сатып алуға болады. Қашықтан қызмет көрсету түрі уақытты және материалдық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді: ешқандай жол жүріп, кезекте тұрудың қажеті жоқ, бұл карантиндік шаралар жағдайында өте маңызды.

«Мейрамханаға тек вакцина паспортымен кіреді». Еуропа елдерінде локдаун жарияланды 24 ноября 2021, 13:49

Tengrinews, 24 ноября 2021 в 13:53

Еуропаның көп елінде COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өсуіне байланысты вакцина алмағандар үшін қатаң шектеулер мен локдаун енгізіліп жатыр. Оған қарсы жүріп жатқан ауқымды наразылық шаралары да БАҚ беттерінде. Tengrinews.kz тілшісі қатаң карантин шаралары енгізілген елдерге шолу жасады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге де елдер шектеуді күшейтпесе және халықты иммундаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етпесе, қыста коронавирус салдарынан Еуропада 500 мыңға жуық адам қайтыс болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Қазақтар бала көтере алмай жүрген келіншекке қандай ырым жасаған? 23 ноября 2021, 13:45

Tengrinews, 23 ноября 2021 в 13:53

Қазақтар бала көтере алмай жүрген келіншекке қандай ырым жасаған?
                23 ноября 2021, 13:45
Қазақта ұлтабар деген ырым бар. Жаңа түскен келінге немесе көптен балалы бола алмай жүрген келіншекке малдың белгілі бір мүшесін жегізеді. Таяуда Желіде сол дәстүрге ұқсас видео тарады. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне осы ырым туралы айтып берді. Маманның айтуынша, қазақтың ежелгі дәстүрінде, табақ тарту салтында да «Келін табақ» деген жоралғы бар.

Жәнібек Әлімханұлы қашан әлем чемпионы бола алады? 22 ноября 2021, 13:41

Tengrinews, 22 ноября 2021 в 13:43

Жәнібек Әлімханұлы қашан әлем чемпионы бола алады?
                22 ноября 2021, 13:41
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулына жету үшін тағы бір қадам жасады. Кеше ол әлемнің бұрынғы чемпионы француз Хассан Ндам Нжикамды 8-раундта нокаутпен жеңген болатын. Tengrinews.kz тілшісі Әлімханұлының орта салмақта әлем чемпионы атануына қаншалықты мүмкіндігі барын, қазір бұл титулдар кімдерге тиесілі екенін жазды. Әлімханұлы кейінгі екі жекпе-жегінде әлемнің бұрынғы чемпиондарын жеңді.

«Үзілді-кесілді қою керек». Маман қазақта қыз алып қашу дәстүрі болмағанына дәлел айтты 19 ноября 2021, 12:48

Tengrinews, 19 ноября 2021 в 12:53

Қазір қазақ қоғамында қыз алып қашу сейілмей тұр. Бұл қазақтың дәстүрі деген желеу айтылады. Жалпы, қазақта «қыз алып қашу» деген дәстүр болған ба? Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне қазақ қоғамындағы қыз алып қашу туралы айтып берді. Маманның айтуынша, қазақта «қыз алып қашу» деген дәстүр де, ғұрып та, салт та, ырым да жоқ.

Қазақ баланы неге қырқынан шығарады? 18 ноября 2021, 10:39

Tengrinews, 18 ноября 2021 в 10:43

Қазақ баланы неге қырқынан шығарады?
                18 ноября 2021, 10:39
Қазақ баланы неге қырқынан шығарады? Бұл дәстүр қайдан шыққан? Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне қазақтың бүгінге дейін жалғасын тапқан дәстүрі туралы айтып берді. Маманның айтуынша, қазақтың баланы қырқынан шығару дәстүрі өте ерте замандардан бастау алады. «Жаңа туған сәбиді 40 күн толғанда ауыл аналары жиналып, бір ақсарбас еркек тоқтыны тойға арнап шалып, мол дастархан жаяды. Ұл баланы 40 не 41 күнге, ал қыз баланы 37 не 39 күн толғанда «қырқынан шығару» ырымын өткізеді. Қыз бала ұл балаға қарағанда тез ширайды. Ұл бала баяу ширайды. Қыз бала 9 жасында, ұл бала 12 жасында балиғатқа толатыны содан», — дейді ол.

Пандемия кедей елдерге соққы болды. ДДСҰ мәлімдемелеріне шолу 17 ноября 2021, 16:54

Tengrinews, 17 ноября 2021 в 17:03

Пандемия кедей елдерге соққы болды. ДДСҰ мәлімдемелеріне шолу
                17 ноября 2021, 16:54
Коронавируспен дүниежүзі күресіп жатыр. Күн сайын оған қарсы әлемде вакцинация мәселесі көтеріледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да ескерту, сын, кеңесін айтып, ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесін бөлісіп жүр. Tengrinews.kz тілшісі пандемияның аяқталуы, ревакцинация мен оның проблемаларына қатысты айтылған мәлімдемелерге шолу жасады.

«12,5 миллион жиналды». Үй төбесіне тауық қора салған ақтаулыққа блогер баспана сыйлады 17 ноября 2021, 14:10

Tengrinews, 17 ноября 2021 в 14:23

Блогер Дәулет Төлеутайұлы (Dauletten) оқырмандарымен Ақтауда көпқабатты үйдің төбесіне тауық қора салып алған тұрғынға баспана алып берді. Сүйінші хабарды блогер Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. «Сүйінші, қазақ елі! Бастаған ісімді соңына дейін бітірейін деп, арнайы Ақтауға тағы келдім. Рүстем мырза естеріңізде ғой?

«Оңай кәсіп емес»: Көпшілікке беймәлім флотатор мамандығы жайлы не білеміз

EKaraganda.kz, 17 ноября 2021 в 14:05

«Оңай кәсіп емес»: Көпшілікке беймәлім флотатор мамандығы жайлы не білеміз
Гүлмира Шубаева – Жезқазған байыту фабрикасының флотаторы. Ол өндіріске университетті бітіріп, «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығын меңгергеннен кейін, осыдан 15 жыл бұрын келді. Гүлмираның айтуынша, ол алған білімін іс жүзінде қолданып, дипломын дәлелдеуге асыққан. «Менің туған қалам – өмір сүру салты өндіріспен тығыз байланысты Жезқазған қаласы.

«Адамды маймыл қылады». Желіде Pfizer вакцинасы туралы фейктер тарады 17 ноября 2021, 08:55

Tengrinews, 17 ноября 2021 в 09:03

Қазақстанға Pfizer вакцинасы жеткізілуі Желдіде жаңа фейктер тарауына себеп болды. Сондай фейктер ішінде бұл вакцина адамды маймылға айналдырып жібереді деген де ақпарат бар. Tengrinews.kz тілшісі Желіде Pfizer вакцинасына қатысты тараған фейктерді жинап шықты. «Pfizer басшысы тұтқындалды» — фейк WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтар Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурла тұтқындалғаны туралы ақпарат тарады.

«Теңге» атауы қайдан шыққан? Ұлттық валюта туралы біліміңізді тексеріп көріңіз 15 ноября 2021, 17:19

Tengrinews, 15 ноября 2021 в 17:33

Бүгін қазақстандықтар Ұлттық валюта күнін атап өтіп жатыр. Осыдан тура 28 жыл бұрын, 1993 жылдың 15 қарашасында елімізде теңге қолданысқа енген. 1992 жылдың 27 тамызында Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекіткен. Кейін суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер теңгені бейнелеп шықты.

«Вахтада не істеп жүрсің?» TikTok-та шетелдік ән орындаған жұмысшы жұртты тәнті етті 15 ноября 2021, 17:00

Tengrinews, 15 ноября 2021 в 17:13

TikTok-та шетелдік әндерді орындаған қызметкер Желі қолданушыларын тәнті етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. TikTok-та тараған видеода ер адам әнші Akon-ның Smack that атты өлеңін орындап жатқаны көрсетілген. Бес күн бұрын жарияланған видеоны 2,6 миллион адам көріп, 270 мыңға жуық лайк басып, 7 222 адам пікір жазған.

Иран халқы неге тәуелсіздігін тойламайды? Тегеранда тұрып жатқан қазақпен сұхбат 15 ноября 2021, 16:39

Tengrinews, 15 ноября 2021 в 16:43

Иран халқы неге тәуелсіздігін тойламайды? Тегеранда тұрып жатқан қазақпен сұхбат
                15 ноября 2021, 16:39
Қазақстандық ирантанушы Гауһар Омарханова Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранда жұмыс істейді. Ол Tengrinews.kz тілшісіне Ирандағы өмірі мен сондағы қазақтар туралы айтып берді. Иранға қалай және неге келді? Иранда Қазақстанның мәдени елшісі ретінде танылған Гауһар Омарханова 1983 жылы Семей қаласында туған.

«Екі әлем мен үшін таласты» — сирек кездесетін дертпен 10 жыл күрескен жас қаламгер 15 ноября 2021, 11:47

Tengrinews, 15 ноября 2021 в 11:53

Алматылық Жәмиля Бахтиярқызы — жас қаламгер, журналист. Оның 21 жыл өмірінің 10 жылы аурумен күресумен өткен. Жақында ол «Бәйшешек» атты тырнақалды алғашқы кітабын жарыққа шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 10 жасына дейін уайым-қайғысы жоқ, еркелеп өскен қыз аяқ асты ауыр сырқаттанып қалған.

«Әділетсіз сайлауға қарсымын». Атамбаевтың ұлымен сұхбат 09 ноября 2021, 15:06

Tengrinews, 09 ноября 2021 в 15:13

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Сеидбек Атамбаев Tenginews.kz тілшісіне сұхбат беріп, әкесіне тағылған жалған айыптар туралы пікірін айтты. «Атамбаевқа қарсы куәлік бересің» Сеидбектің сөзінше, Қырғызстан билігі Алмазбек Атамбаевты еш дәлелсіз қамаққа алған. Ол экс-президент саяси ойынның құрбаны болғанын айтып отыр.

АҚШ-қа көшетіндер неге көбейді? PepsiCo-да жұмыс істейтін қазақпен сұхбат 08 ноября 2021, 16:50

Tengrinews, 08 ноября 2021 в 16:53

АҚШ-қа көшетіндер неге көбейді? PepsiCo-да жұмыс істейтін қазақпен сұхбат
                08 ноября 2021, 16:50
Қазақстандық Асхат Сейтенов Нью-Йорктегі PepsiCo трансұлттық корпорациясында жұмыс істейді. АҚШ-қа 2016 жылы келген ол Tengrinews.kz тілшісімен сұхбаттасып, америкалықтардың Қазақстанға деген көзқарасы және дарынды қазақстандықтардың неге мұхит асып жатқанын түсіндірді. АҚШ-тағы алғашқы қадам және қиындық Асхат Алматы қаласында туған, жасы 28-де, бойдақ.

Қазақстан әлем чемпионатындағы жеке рекордын қайталай ала ма? 05 ноября 2021, 16:32

Tengrinews, 05 ноября 2021 в 16:43

Қазақстан әлем чемпионатындағы жеке рекордын қайталай ала ма?
                05 ноября 2021, 16:32
Бүгін бокстан әлем чемпионатының финалы басталады. Ел намысын төрт спортшы қорғап жатыр. Бүгін екі, ертең екі боксшымыз алтын медаль үшін жекпе-жекке шығады. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық боксшылардың қарсыластары туралы мәлімет жинап, олардың финалдағы мүмкіндігін бағалап көрді. Теміртас Жүсіпов — Вуттичай Юрачай Әлем чемпионатының финалы — 48 келіде өнер көрсетіп жатқан Теміртас Жүсіповтің карьерасындағы ең үздік жетістігі.

«Жалақы аз болса кетпес едім» — Қытайдағы циркте істейтін қазақ қызы 05 ноября 2021, 16:39

Tengrinews, 05 ноября 2021 в 16:43

Алматы облысының тумасы Әсем Чайбекова бүгінде Қытайдың оңтүстігіндегі қалалардың бірінде циркте жұмыс істейді. Мамандығы да ерекше: 21 жастағы қазақстандық қыз мұнда шабандоз. Tengrinews.kz тілшісі шабандоз қызбен сөйлесіп, Қытайдағы өмірі мен жұмысы туралы сұрады. Әсем колледж бітіргеннен кейін Қытайға көшіп кеткен.

Бокстан ӘЧ: Қазақстан қанша алтын медаль алады? 03 ноября 2021, 14:05

Tengrinews, 03 ноября 2021 в 14:13

Бокстан ӘЧ: Қазақстан қанша алтын медаль алады?
                03 ноября 2021, 14:05
Ертең бокстан әлем чемпионатының жартылай финалы өтеді. Ел намысын бес боксшы қорғап жатыр. Қоржында кем дегенде қола медаль бар. Tengrinews.kz тілшісі кімдерден алтын медаль күтуге болатынын сараптап көрді. Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақта Жүсіпов беларусьтік Евгений Кармильчукпен жұдырықтасады.

«Балаларды тартып алуға мүмкіндік беретін заң» — Желіде тараған 10 фейк 03 ноября 2021, 12:38

Tengrinews, 03 ноября 2021 в 12:53

Пандемия уақытында Желіде коронавирус пен оған қарсы вакциналар туралы түрлі фейк тарады, әлі де тарап жатыр. Осы тақырып аясында хайп жинап, тексерілмеген ақпарат жариялайтын белсенділер де аз емес. Tengrinews.kz тілшісі бүгінде жоққа шығарылған мәлімдемелерді жинап шықты. «Мектепте мәжбүрлі вакцинация жүріп жатыр» Осыдан бірнеше күн бұрын Желіде елордалық мектептердің бірінде балаларға ата-аналарының келісімінсіз вакцина салынып жатыр деген ақпарат жарияланған болатын.

АҚШ генетигі жойылып кеткен жануарды 5 жылда жер бетіне қайтармақ 02 ноября 2021, 18:04

Tengrinews, 02 ноября 2021 в 18:13

АҚШ генетигі жойылып кеткен жануарды 5 жылда жер бетіне қайтармақ
                02 ноября 2021, 18:04
Қыркүйекте америкалық ғалымдар тобы мен жеке кәсіпкерлер Colossal компаниясымен бірлесіп, жүндес мамонттарды тірілту жоспарын жариялаған еді. Ол үшін ғалымдар гендік инженерия технологиясын қолданып, мыңдаған жыл бұрын жойылған жануарлардың мұздатылған эмбриондарын негізге алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жанболатқа тұрмысқа шықпағанда, қазір пәтер жалдап жүрер едім». Жұлдыздың жары» жобасында — Жазира Байырбекова 30 октября 2021, 18:29

Tengrinews, 30 октября 2021 в 18:33

Әнші, эстрада жұлдызы Жанболат Ербатыровтың жары Жазира Байырбекова «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында өнер жолындағы алғашқы қиындықтар, жол апаты, неге емделіп жүргені, отбасылық өмірі туралы сыр шертті.

«Оппозиция қатыспады». Өзбекстанда президент сайлауы қалай өтті? 26 октября 2021, 17:31

Tengrinews, 26 октября 2021 в 17:43

Өзбекстанда 24 қазанда президент сайлауы өтті. Оның қорытындысы бойынша, Шавкат Мирзиеев 80,1 пайыз дауыспен екінші рет президенттікке сайланды. Алайда сарапшылар оған қарсылас бола алатын лайық кандидат болмағанын айтып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстандағы сайлауға шолу жасап, БАҚ-тағы сарапшылар пікірін баяндайды.

Қауіпті тақырыптар, қазақша Youtube және stand-up-тағы табыс. Нұрмахан Мұқанұлымен подкаст 26 октября 2021, 15:07

Tengrinews, 26 октября 2021 в 15:23

Қауіпті тақырыптар, қазақша Youtube және stand-up-тағы табыс. Нұрмахан Мұқанұлымен подкаст
                26 октября 2021, 15:07
Подкастер, стендапер, КВН-ші, комик Нұрмахан Мұқанұлы Tengrinews.kz сайтындағы #BizbenPodcast жобасына қонақ болды. Әзілкеш қазіргі қазақ әзілі, подкаст пен stand-up-тағы қауіпті тақырыптар туралы әңгіме қозғады. Нұрмахан Мұқанұлы қазір ТМД елдерінде атақты «Прожарка» жанры қазақ тілінде бұрын болғанын еске салды.
Показано 30 новостей из 339