Популярные темы

«Тақтар ойынының» приквелі неге сынға ұшырады? 15 октября 2021, 13:00

Дата: 15 октября 2021 в 13:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Дүние жүзінен көрерменін тауып, XXI ғасырдың үздік сериалына айналған «Тақтар ойынының» жанкүйерлері сол атмосфераны қайта сезіне алады. 2022 жылы «Айдаһар үйі» сериалы жарық көреді. Бұл — «Тақтар ойынының» приквелі, яғни негізгі сюжеттен бұрын болған оқиға көрсетіледі. 

Бүгінде көрермен приквелді тағатсыздана күтіп, Желіде алғашқы тизері жарияланып, 10 миллионан аса қаралым жинады. Бірақ сериалдың кей тұсын сынап жатқандар да бар. Tengrinews.kz тілшісі «Айдаһар үйі» туралы қызық деректер жинады.

Сериал не туралы?

«Айдаһар үйі» жазушы Джордж Мартиннің Fire & Blood (аудармасы — «Жалын мен қан») кітабының желісімен түсірілген. Онда «Тақтар ойынында» болған оқиғадан 200 жыл бұрынғы жағдай баяндалады. Вестерос құрлығындағы азаматтық соғыс көрсетіледі. Бұл континентті 300 жыл бойы Таргариендер династиясы басқарған. 

Визерис I Таргариен қайтыс болғаннан кейін «Айдаһар биі» атты азаматтық соғыс басталады. Яғни Темір таққа «қаралар» партиясы жақтайтын Рейнира Таргариен ханшайым мен «жасылдардың» жақтасы Эйгон Таргариен ханзада таласады.

Приквел ретінде неге бұл оқиға таңдап алынды? Біріншіден, онда айдаһарлар бар. «Тақтар ойынында» азулы айдаһарлар көрерменнің сүйіктісіне айналып, Дейенерис айдаһары өлгенде көбі көз жасын тыя алмағанын жазған еді. 

«Тақтар ойыны» сериалының кадры

Екінші бір себебі — Дейенеристің оқиғасы. Көпшіліктің сүйікті кейіпкеріне айналған Дейенеристің өмір жолына ұқсас оқиға «Айдаһар үйінде» де болады. 

Тағы бір себеп — жаңа сериал «Тақтар ойынының» ұтымты жерлерін қайталады. Бұл — соғыс, қан, сатқындық, зұлымдық, адалдық, мықты кейіпкерлер.

Жаңа сериал — бұрынғы команда

Жаңа сериалды жаңа команда түсіреді деп қорықсаңыз, уайымдамаңыз. «Тақтар ойынын» дүниеге әкелген жазушы Джордж Мартин жобада қалды, ол сценарийге көмектесті.  

Джордж Мартин. Фото: Reuters

«Тақтар ойынында» болған продюсерлер Райан Кондал мен Мигель Сапочник те осы жобаға қатысады. 

Сериалдағы костюмдер де жоғары деңгейде болады деп болжанып отыр, себебі оған Джени Темим жауап береді. Ал ол кезінде Гарри Поттер, Джеймс Бонд туралы фильмдердің кейіпкерлерін киіндірген. 

«Тақтар ойыны» кезіндегі атмосфера да сақталады. Мұны «Айдаһар үйінің» алғашқы трейлерінен байқауға болады. 

«Құдайлар, патшалар, от пен қан... Бізді патша қылатын арман емес. Айдаһарлар». Бұл жаңа сериалдың ұраны. 

«Айдаһар үйіндегі» Таргариендер династиясының құлауы әрқайсы 1 сағатқа созылатын 10 бөлімде көрсетіледі. Кейін «Тақтар ойыны» әлеміндегі басқа да кейіпкерлер мен дәуірлер туралы тағы бірнеше спин-офф түсіріледі. 

Жаңа сериал шықпай жатып сынға қалды

Жаңа сериалдың басталуын «Тақтар ойынының» көрермендері 2,5 жылдан бері күтіп жүр. Осыдан екі жыл бұрын HBO телеарнасы «Ұзақ түн» атты спин-офф түсірілетінін хабарлаған, бірақ ол көрерменге жол тартпады. 

Сондықтан болар «Айдаһар үйінің» бір апта бұрын жарияланған трейлері 12 миллион қаралым жинаған. Жаңа трейлер «Тақтар ойынын» көрермендер есіне түсіргендей. 

Кадрлардың бірінде айдаһар көрсетіледі. 

Джордж Мартин бұл сериалдың бірінші маусымында әрқайсы бір-біріне ұқсамайтын 17 айдаһар болатынын айтқан. 

Ал тағы бір кадрдан Темір тақтың жаңартылған нұсқасын көруге болады. 

Сонымен қатар, приквелде Старктардың да өкілі болатынын байқауға болады. Себебі кардлардың біріндегі рыцарьлар шайқасында Старктардың белгісі көрсетілген. 

«Айдаһар үйінде» көрермендер сынға алған тұстар да бар. Мысалы, сериалда Корлис Веларион қара нәсілді кейіпкер ретінде көрсетіледі.  

Оны актер Стив Туссэн сомдаған. Бірақ Джордж Мартин кітабын оқып тастағандар «канон» бойынша Корлис Веларионның түсі ақ, Таргариендердің туысы екенін жазып жатыр. 

Сурет mail.ru сайтынан 

Басқа да актерлерге келсек, сериалда Мэтт Смит, Оливия Кук секілді жұлдыздар бар. 

Мэтт Смит Деймон Таргариен ролінде

Бірақ сериалда түскен көп әртісті қалың халық көп біле бермейді. Десе де, Эмилия Кларк пен Кит Харингтонды да «Тақтар ойынына» дейін көбі танымағанын ескерсек, келер жылы осы сериалдан соң әлемнің жаңа жұлдыздары пайда болуы мүмкін. Әзірше сериал 2022 жылы жоспарланған, бірақ нақты қай күні шығатыны белгісіз. 

Айта кетейік, бұған дейін Netflix сервисіндегі танымал «Игра в кальмара» сериалы туралы жазған едік. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями