Популярные темы

Үлкен Алматы өзенінде вейкбордпен жүзіп өткен спортшы кім? 06 октября 2021, 11:27

Дата: 06 октября 2021 в 11:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Үлкен Алматы өзенінде вейкбордпен жүзіп өткен спортшы кім?
                06 октября 2021, 11:27
Стоковые изображения от Depositphotos

Желіде Үлкен Алматы өзенінде вейкбордпен жүзіп өткен тұрғынның видеосы тарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Instagram желісінде тараған видео квадрокоптермен түсірілген. Желі қолданушылары видео әсерлі шыққанын жазып жатыр.

«Өте керемет», «Бұл бізде түсірілген бе? Тамаша», «Айыппұл салынбаса болды», «Бізде де жаңашыл адамдар бар», «Ғажап», — деп жазған қолданушылар. 

View this post on Instagram

Публикация от Almaty Today (@almaty.today)

Өзенде вейкбордпен жүзіп өткен адамның есімі — Алмаз Смайылқұлов. Ол 31 жаста. Бішкекте туған ол қазір Алматыда тұрады. 

«Үлкен Алматы өзенінде жүзу идеясы екі жыл бұрын туған. Биыл сол идеяны жүзеге асыру үшін жүзуге арналған құрылғыны (winch — авт.) сатып ала алдым. Елімізде вейкбордингті білсін дедік. Трюктерді кәсіби мамандар жасады, әуесқойлар қайталамағаны дұрыс», — дейді Алмаз. 

Алмаз 20 жасынан бері кәсіпқой деңгейде вейкбордингпен айналысатынын айтады. Көптеген жарыста топ жарған, үш мәрте Ресей чемпионатында жеңіске жеткен. 

«Қазір Қазақстанда вейкбордингті дамытып жүрмін. Бір жағынан өскелең буынға тәжірибемді бөлісемін. Алматыдағы GAGARIN Wake Park-та балалар мектебі бар. Ол Орта Азияда су шаңғысына арналған жалғыз үлкен стадион. Бізге түрлі елдерден спортшылар жаттығуға келеді», — деді ол. 

View this post on Instagram

Публикация от Almaz Smilecooloff (@smilecooloff)

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Алматы
Поделитесь новостью с друзьями