Популярные темы

Сурет: новости — страница 15

Қазақстандық құтқарушылар жасағы Ауғанстанға кетті

Arna Press, 10 октября 2023 в 17:08

Қазақстандық құтқарушылар жасағы Ауғанстанға кетті
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 45 адамнан құрылған күштер мен құралдар тобын әзірлікке келтірді.

Семейде бір үйір ит аудан тұрғындарын үрейде ұстап отыр

Arna Press, 10 октября 2023 в 13:28

Семейде бір үйір ит аудан тұрғындарын үрейде ұстап отыр
Arnapress.kz редакциясына Энергетик кеңтінің тұрғындары хабарласып, қаңғыбас иттердің мәселелсін шешуді сұрады.Белгілі болғандай, бір-неше ай бойы 5-6 қаңғыбас ит аялдама мен балалардың алаң ойынын мекендеп алған. Автобустан түскен адамдарға үріп, тіпті жүгіре кеткен жағдайлар да болған екен.Қуып жібейік десек, иттер үлкен.

Абай облысында жастарды қолдау мақсатында «Zhas project» жобасы басталды

Arna Press, 10 октября 2023 в 13:28

Абай облысында жастарды қолдау мақсатында
Жобаға 18 жастан 35 жасқа дейінгі жас аралығындағы азаматтар қатысып, 1 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау грантын жеңіп идеяларын жүзеге асыра алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жобаның аймақтық үйлестірушісі Эльзира Жүнісованың айтуынша, республикаға бөлінген 28 гранттың 8-і Абай облысына тиесілі.«Абай жастары 8 млн теңге көлеміндегі өтеусіз грант қаражатын ала алады.

Зардап шеккен диқандарға мемлекет көмек көрсетеді

Arna Press, 10 октября 2023 в 11:48

Зардап шеккен диқандарға мемлекет көмек көрсетеді
Ауа райы қолайсыздығынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қажетті қолдау көрсетіледі, деп деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі primeminister.kz сілтеме жасап.Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егін жинау науқаны кезінде негізгі астықты өңірлерде толассыз жауған жауын-шашын астықтың өнімділігі мен сапасына әсер еткенін атап өтті.

Семейде жылу беріле бастайды

Arna Press, 10 октября 2023 в 11:48

Семейде жылу беріле бастайды
Қалалық әкімдік таратқан хабарламада бүгіннен бастап, жылу беріледі делінген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Ағымдағы жылы 45 шақырым жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы жылу құбырларында апаттық жағдайлар орын алған болатын. Жоспар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары нәтижесінде жылу желілеріндегі апаттар 15 пайызға азаяды. Қазіргі таңда қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен күн сайын әр қазандықта жылу маусымына дайындық жұмыстарын тексеру бойынша жедел жиындар өтуде.

Семейде студенттерге арнау «дүркіреп» аталып өтті

Arna Press, 09 октября 2023 в 15:38

Семейде студенттерге арнау
Семейде студенттік жатақханалардың бірінің жанында түнгі уақытта жастар дәстүрлі студенттерге арнау рәсімін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жастардың іс-әрекеттеріне шағымданды. «20 жастағы ұйымдастырушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігі бойынша жеке тұлғалардың қалыпты демалуына және тыныштығына кедергі келтіретін шұғыл қажеттілікпен байланысты емес шуылмен бірге таңғы 22-ден 9-ға дейінгі тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды», делінген ПД баспаспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Денсаулық сақтау министрі сақтандырылмаған қазақстандықтардың көлік жүргізуіне тыйым салуды ұсынды

Arna Press, 09 октября 2023 в 15:38

Денсаулық сақтау министрі сақтандырылмаған қазақстандықтардың көлік жүргізуіне тыйым салуды ұсынды
Мәжілісте өткен «үкімет сағатында» Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 3,3 миллионнан астам қазақстандық әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қандай жолмен тартуды жоспарлағанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ажар Ғиният цифрлық отбасы картасы негізінде халықтың міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуына талдау жүргізілгенін атап өтті.«Бүгінде 3,3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған, бұл нақты жұмысы жоқ немесе расталған тұрақты табысы, жұмыссыз ретінде әлеуметтік мәртебесі, жоқ өзін-өзін жұмыспен қамтып отырған азаматтар, олар МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр.

Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Arna Press, 09 октября 2023 в 14:38

Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты
Алматы әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шығарды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Айыпталушы — Тұрлыхановтың кенже ұлы 20 жастағы Нұрасыл Болат. Оған алматылық заңгер ерлі-зайыпты Олег Чернов пен Анна Дмитриевичті соққыға жыққаны үшін айып тағылған. Істің барлық материалдарын зерделеп, тараптарды тыңдай отырып, сот мынадай қорытындыға келді:«Нұрасыл Болат Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бір миллион 700 мың теңге айыппұл салынсын», — деп Нұрасыл Болатқа үкімді оқыды судья Дихан Әлиасқаров.Еске сала кетейік, оқиға биыл 11 ақпанына қараған түні Алматыда болған.

ШҚО полицейлері бейнекамералардың көмегімен ұрыны жедел тапты

Arna Press, 09 октября 2023 в 12:38

ШҚО полицейлері бейнекамералардың көмегімен ұрыны жедел тапты
«102» арнасына қаланың тұрғыны жүгінген. Ол белгісіз жігіттің оның кәмелетке толмаған ұлының телефонын алып алғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жасөспірімнің айтуынша қала көшелерінің бірінде, белгісіз жігіт оған смартфонынан қоңырау шалып алайыншы деп өтінген.

Қазақстандағы жаппай улану: тағы екі бала ауруханадан шықты

Arna Press, 09 октября 2023 в 12:38

Қазақстандағы жаппай улану: тағы екі бала ауруханадан шықты
Қарағанды ​​облысындағы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай улану салдарынан зардап шеккен тағы екі науқас ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде орталықтың 12 тәрбиеленушісінің жалпы жағдайы жақсарып, әлеуметтік мекемеге оралды.«Барлық бала орталық дәрігерлерінің бақылауында», — делінген департамент хабарламасында.Қарағанды ​​облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланды.

ҚР Бас прокуратурасы ҚТЖ-дағы заңсыз қаржыландыру фактілері жайлы айтты

Arna Press, 09 октября 2023 в 11:28

ҚР Бас прокуратурасы ҚТЖ-дағы заңсыз қаржыландыру фактілері жайлы айтты
Көлік прокурорлары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілерін анықтаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның айтуынша кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған.Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды беріп отырған. Қазіргі кезде заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шаралар қабылдануда.Сонымен қатар, аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Сурет: ашық дереккөздерден

9 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Arna Press, 09 октября 2023 в 10:28

9 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанның басым бөлігінің тұрғындарына 9 қазанда ауа райының қолайсыз болатынын ескертеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Семей қаласын қандай өзгерістер күтіп тұр

Arna Press, 06 октября 2023 в 15:48

Семей қаласын қандай өзгерістер күтіп тұр
Журналистерге арналған брифингте Абай облысының әкімі Семейді қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Биыл Молдағалиев көшесінен Жамбыл көшесіне дейінгі көшенің бойында жаңа шағын ауданның құрылысы басталды. Оның аясында көпқабатты тұрғын үй, әлеуметтік, шағын және орта бизнес нысаны, мектептер, сондай-ақ, кең жағажай салынады. Қазіргі таңда 1200 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр.

Алматыда шетелдік жөзекшелер ұсталды

Arna Press, 06 октября 2023 в 14:28

Алматыда шетелдік жөзекшелер ұсталды
Алматыда жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтары ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Полиция қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздарды «Заңсыз келуші» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.– Іс-шара аясында шетел азаматтары ең көп шоғырланған орындарда: жатақханалар, қонақ үйлер, құрылыс алаңдары, қоғамдық тамақтану орындары және тағы басқа қоғамдық орындарда рейдтер жүргізілді.

Жаңаөзенде қоқыс жәшігінен «Қызыл кітапқа» енген жануардың өлексесі табылды

Arna Press, 06 октября 2023 в 13:58

Жаңаөзенде қоқыс жәшігінен
Белгілі ақтаулық белсенді және блогер Азамат Сәрсенбаев 5 қазанда Жаңаөзенде «Қызыл кітапқа» енген арқар өлексесі қоқыс жәшігінен табылғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Сөзін дәлелдеу үшін ол Instagram-дағы парақшасына видео жариялады. Блогердің айтуынша, «Қызыл кітапқа» енген жануарды атқан браконьерлер немесе бақылаушылар оны «қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген».«Осы оқиғаға қатысты жергілікті эколог Әділбек Қозыбақов «мамандармен» ақылдаса келе, бұл жай ғана ешкі екен» деген қорытындыға келгенін айтты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше облыста ауқымды арнайы операция жүргізді

Arna Press, 06 октября 2023 в 13:58

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше облыста ауқымды арнайы операция жүргізді
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірден еліміздің бірнеше облысында ауқымды арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның айтуынша, 2023 жылғы 5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді.«Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді.

Қазақстанның 10 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Arna Press, 06 октября 2023 в 09:48

Қазақстанның 10 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады
6 қазанда Қазақстанның 10 қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Синоптиктер болжамы бойынша, жұмада Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Алматы, Астана қалаларында және түнде Ақтауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі.

Операция жасалды — ДСМ басшысы зорлық көрген балалардың жағдайы туралы айтты

Arna Press, 05 октября 2023 в 19:58

Операция жасалды - ДСМ басшысы зорлық көрген балалардың жағдайы туралы айтты
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы мен Алматы облысында зорланған үш жасар қыз бен жеті жасар баланың жағдайы туралы айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Балалардың жағдайы орташа ауыр. Олар медицина қызметкерлерінің бақылауында. Бұл балаларды қабылдау кезінде біздің медицина қызметкерлері ересектер тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттері болғанын анықтады. Қабылдау бөлімінде балалар дер кезінде толық тексеріліп, құқық қорғау органдарына хабарланды.

Нұржан Батырбеков Қазақстанға 7-алтынды сыйлады

Arna Press, 05 октября 2023 в 15:18

Нұржан Батырбеков Қазақстанға 7-алтынды сыйлады
Джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.69 кг дейінгі салмақтағы қазақ спортшысы финалда Мұхаммед әл Суваидиден (БАӘ) соңғы секундта жеңісті жұлып әкетті.

Семейде ЖЭО-3 құрылысы басталады

Arna Press, 05 октября 2023 в 13:18

Семейде ЖЭО-3 құрылысы басталады
Бүгін Семейде БАҚ өкілдеріне арналған жылжымалы брифинг өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Онда журналистерге қалада іске асып жатқан жұмыс баяндалып қана қоймай, көрсетілді. Ең алғашқы нысан, ЖЭО-1 болды. Белгілі болғандай мұнда алдағы жылыту маусымына дайындық аясында «ВостокМонтажИнжиниринг» ЖШС мердігерлік ұйымымен №5 су жылыту қазандығын жөндеуге шарт жасалды.Облыс әкімінің айтуы бойынша өңір жылу маусымына 99% дайын.«Әлеуметтік нысандарға, яғни мектептерге, балабақшаларға жылуды келесі апта бере бастаймыз.

ШҚО-дағы мектептердің бірінде қазандық апаттық жағдайда тұр 05 октября 2023, 09:03

Tengrinews, 05 октября 2023 в 09:13

ШҚО-дағы мектептердің бірінде қазандық апаттық жағдайда тұр
                05 октября 2023, 09:03
ШҚО-дағы Мариногорка орта мектебінде жылыту маусымы кезінде тұрғындарды алаңдатқан бірнеше жағдай байқалды. Салынғанына жарты ғасырға жуықтаған мектеп қазандығы төтенше жағдай мамандарының ұйғарымымен апаттық жағдайда деп танылған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Мұнымен қатар, қазандық тұрған нысанның ішінде қауіпсіздік талаптары да сақталмаған.

Астанада қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 80-нен астам адамды алдап кетті

Arna Press, 04 октября 2023 в 13:58

Астанада қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 80-нен астам адамды алдап кетті
Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 80-нен астам адамды алдап кетті деп Sterling Invest» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚМА Астана қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аталған ЖШС құрылыс материалдарын сатып алу үшін салымшылардың қаражатын тартып, 20%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерінде сыйақы беруді уәде етіп, заңсыз әрекеттерді жүзеге асырғаны анықталды.Инвестицияның ең төменгі сомасы – 200 000 теңге.

Семейде «Теплокоммунэнергоның» жаңа басшысы тағайындалды

Arna Press, 04 октября 2023 в 11:48

Семейде “Теплокоммунэнергоның” жаңа басшысы тағайындалды
Конкурстық рәсімдердің нәтижесі бойынша Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК басшысы лауазымына Еркен Заманбекұлы Сағандықов тағайындалды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Еркен Заманбекұлы Сағандықов — 1968 жылдың 20 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында дүниеге келген.

Мұғалімдер оқушы қызды өгей әкесі зорлады деп жедел жәрдем шақыртқан

Arna Press, 04 октября 2023 в 11:48

Мұғалімдер оқушы қызды өгей әкесі зорлады деп жедел жәрдем шақыртқан
Көпбалалы ананың айтуынша, білім ордасының мұғалімдері мен психологы бірінші сыныпта оқитын қызды өгей әкесі зорлады деп топшылап, жедел жәрдем шақыртқан деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ktk.kz телеарнасына сілтеме жасап.Ал аурухананың гинекологы қызды ата-ананың қатысуынсыз қарап, жатырына зақым келді деген диагноз қойыпты.

Қазақстанның үш қаласында ауаның ластануы артады

Arna Press, 04 октября 2023 в 09:48

Қазақстанның үш қаласында ауаның ластануы артады
Синоптиктер сәрсенбі күні Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларының тұрғындары мен қонақтары үшін қолайсыз метеорологиялық жағдай болады деп уәде бергенін хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазгидромедтің ақпараты бойынша, қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).Қолайсыз ауа-райында ұсынылады:Бір күн бұрын елорда мен Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланғаны белгілі болды.Сурет: Zakon.kz

Абай облысында күнбағыс арасында қарасора бұталары анықталды

Arna Press, 03 октября 2023 в 17:48

Абай облысында күнбағыс арасында қарасора бұталары анықталды
Құрамында есірткі бар өсімдіктерді Абай облысының орталығынан 45 шақырым жерде орналасқан Шүлбі кентінің ауданында есірткі қылмысымен күрес бөлімінің қызметкерлері тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Бұталар дронмен жергілікті аумаққа мониторинг жүргізу кезінде анықталды.

Биыл Семейде жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде анықтайтын 5 құрылғы орнатылады

Arna Press, 03 октября 2023 в 14:18

Биыл Семейде жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде анықтайтын 5 құрылғы орнатылады
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз баяндамасында өңірдегі жол-көлік оқиғаларының көбеюіне ықпал ететін факторларға тоқталып, оларды азайту бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы құрылуымен облыс орталығы Семей қаласында, көлік құралдарының ағыны күрт артқан.

ШҚО-да шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа қабылдағандар жауапқа тартылды

Arna Press, 03 октября 2023 в 14:18

ШҚО-да шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа қабылдағандар жауапқа тартылды
ШҚО-да шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа қабылдағандар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Шығыс Қазақстанда Өзбекстан азаматтары еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған. ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Өзбекстан Республикасының 13 азаматын анықтаған, олар уәкілетті органның рұқсатынсыз Өскеменде ғимаратты жөндеумен айналысқан.

Ұлттық банк қыркүйекте Ұлттық қордан неге 1155 миллион доллар сатты

Arna Press, 03 октября 2023 в 11:48

Ұлттық банк қыркүйекте Ұлттық қордан неге 1155 миллион доллар сатты
Банк жариялаған мәліметке сүйенсек, қыркүйек айының қорытындысы бойынша, теңге бағамының 1 АҚШ долларына қатынасы 474,99 теңгеге дейін 3,4%-ға әлсіреді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 158 млн-нан 162 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды.

СІМ өкілі Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізімі туралы айтты

Arna Press, 03 октября 2023 в 11:08

СІМ өкілі Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізімі туралы айтты
Сыртқы істер министрлігі өкілі Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізімі туралы айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Соғыс басталғаннан бері (Ресей мен Украина. — еск.) СІМ Қазақстан туралы теріс пікір білдірген және Украинамен арада қандай да бір келеңсіздік тудырғысы келген адамдардың тізілімін жасап жатқан жоқ па?», — деп сұрады журналист СІМ брифингінде.«Әрине, біз бұл тізімді жүргіземіз, бірақ оны ашық жарияламаймыз.
Показано 30 новостей из 1 140