Популярные темы

Сурет: новости — страница 19

Министр қазақстандықтар қандай салықтан босатылатынын айтты

Arna Press, 06 сентября 2023 в 13:38

Министр қазақстандықтар қандай салықтан босатылатынын айтты
Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Салық кодексінен қандай төлем түрлері алып тасталатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Бізде жүйе құрайтын екі-үш салық бар. Бұл корпоративті табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және тау-кен салығы.

Ғани Бейсембаев мұғалімдерге қатысты жаңа өзгеріс туралы айтты

Arna Press, 06 сентября 2023 в 13:38

Ғани Бейсембаев мұғалімдерге қатысты жаңа өзгеріс туралы айтты
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтерді аттестаттау жүйесінің жеңілдетілгенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы министр «Хабар 24» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасына берген сұхбатта мәлімдеді.«Педагог мәртебесін көтеруде біз ұстаздарға деген көзқарасты өзгертуіміз керек.

Қазақстанда күн күрт ысиды

Arna Press, 06 сентября 2023 в 13:38

Қазақстанда күн күрт ысиды
Синоптиктер 7-9 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Болжамға сәйкес, алдағы күндері республиканың көп бөлігінде найзағай ұрып, екпінді желмен жаңбырлы ауа-райы сақталады. 8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте елдің солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.«Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз ауа температурасы біртіндеп 18-25 жылуға дейін көтеріледі деп болжанады.

Үржар ауданында 46 млн теңгеден астам сомаға заң бұзушылықтар анықталған

Arna Press, 05 сентября 2023 в 19:18

Үржар ауданында 46 млн теңгеден астам сомаға заң бұзушылықтар анықталған
Абай облысы әкімдігінің Ішкі аудит қызметі қаржылық бақылау жүргізіп жатыр -, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы әкімі аппаратында Ішкі аудит қызметі құрылған сәттен бастап 6 бірдей тексеріс жүргізді. Құны 4 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты мен мемлекет активтері тексерілді.

Қазақстан президенті Қауіпсіздік кеңесінде құмар ойындарға қатысты тапсырма берді

Arna Press, 05 сентября 2023 в 13:18

Қазақстан президенті Қауіпсіздік кеңесінде құмар ойындарға қатысты тапсырма берді
Жиында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды», – деді Президент.Президент осы жаман әдетке, әсіресе, жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырды.«Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс», – деді Президент.Осыған байланысты Мемлекет басшысы салалық министрліктерге нақты міндеттер жүктеді.Қасым-Жомарт Тоқаев құмар ойынға тәуелді азаматтардың қатысы бар қылмыстар көбейгеніне құқық қорғау органдарының назарын аударып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.Президент елімізде лудоманияның белең алуына қарсы бағытталған әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруда қоғамның, дін қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті.Мемлекет басшысы ойын бизнесі саласындағы қаржылық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру қажет екеніне назар аударды«Барлық қаржы қозғалысын қадағалап, заңға қайшы әрекет анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау маңызды», – деді Президент.Жиын барысында Үкімет мүшелері мен бірқатар мемлекеттік орган басшылары баяндама жасады.Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасындағы құмар ойынға тәуелділікпен күресу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-идеологиялық шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.Сурет: Aqorda.kz

Франциядан Қасым ханның отбасылық қолжазбасы табылды

Arna Press, 05 сентября 2023 в 12:08

Франциядан Қасым ханның отбасылық қолжазбасы табылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Франциядан табылған Қасым ханның әйелі Айша ханымның қолжазба көшірмесін басып шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ғалымдар белгілі шығыстанушы В.П.Юдиннің XVI ғасырдың басындағы «Таварих гузида Нусрат нама» қолжазбасын көне қазақ тілінде жазылған деп сипаттағанына сүйене отырып, бұл жазбаны да аталған туындыға жақын деп тұжырымдайды.«Қолжазба жеті тараудан тұрады. Әрбір бөлім исламның қасиетті кейіпкерлеріне қатысты бір немесе бірнеше хикаялармен толықтырылған.

Қазақстандықтарға пойыздарда суперинтернет уәде етілді

Arna Press, 05 сентября 2023 в 11:38

Қазақстандықтарға пойыздарда суперинтернет уәде етілді
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мәліметінше, таяуда жолаушыларға барлық темір жол бағытында, тіпті алыс аймақтарда да интернет қолжетімді болады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанның темір жолында спутниктік OneWeb терминалы іске қосылады.«Сигнал қабылдау төменорбиталды спутниктік топтың арқасында қабылданады, соның нәтижесінде байланыс тұрақталады және оны бекеттерде қосымша канал ретінде пайдалануға болады», — дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегия және цифровизация төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов.Спутниктік байланыс пен интернет қашан болатыны нақтыланбады.OneWeb LLC — Грег Уайлер негізін қалаған телекоммуникациялық компания.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже әзірленді

Arna Press, 04 сентября 2023 в 17:08

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже әзірленді
Үкімет «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулы әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құжат бойынша, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып саналады.Министрліктің мынадай ведомстволары бар:Міндеттері:Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:Құжат 18 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін қайта құру Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес іске асырылады.2 қыркүйекте Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.Сурет: Zakon.kz

Қазақстанда 2024 жылы еңбек ету қабілетінен айырылған жандарға төленетін әлеуметтік төлем мөлшері артады

Arna Press, 04 сентября 2023 в 16:18

Қазақстанда 2024 жылы еңбек ету қабілетінен айырылған жандарға төленетін әлеуметтік төлем мөлшері артады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін», – делінген құжатта.Қаулы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін және республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру тәсілдерінің біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.Жоба 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланған.Сурет: Zakon.kz

Ыстамбұлда туристерге ішімдік ішуге тыйым салынды

Arna Press, 04 сентября 2023 в 14:58

Ыстамбұлда туристерге ішімдік ішуге тыйым салынды
Енді Ыстамбұлда туристерге ішімдік ішуге болмайды. Тыйымды елемегендерге 617 түрік лирасы (шамамен 10 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Ыстамбұл губернаторы Давут Гүлдің айтуынша, бұл жаңа тыйым емес, тек қолданыстағы заңды ескерту, кейінгі кездері бұл ереже сақталмай кеткен.

Семейде ғимараттардың қасбеті жаңартылды

Arna Press, 04 сентября 2023 в 13:48

Семейде ғимараттардың қасбеті жаңартылды
Семейде ғимараттардың қасбеті жаңартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қалада 3500-ден аса кәсіпкерлік нысандары бар. Ағымдағы жылы 30-дан артық нысанның қасбеттері күрделі жөндеуден өтті.«Көктемде қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының кәсіпкерлерімен кездесіп, ғимараттардың қасбеттерін жөндеу және іргелес аумақты абаттандыру бойынша тапсырмалар берген болатын», деп жазылған хабарламада.Бұдан бөлек, қаңтар айынан бастап 3000 дана хабарламалар таратылып, учаскелік полиция инспекторларымен ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша 2 366 хаттама толтырылды.Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысының тұрғыны құрбысына 1,5 млн теңгеден астам несие рәсімдеді

Arna Press, 04 сентября 2023 в 12:48

Абай облысының тұрғыны құрбысына 1,5 млн теңгеден астам несие рәсімдеді
Ақсуат ауданының 35 жастағы тұрғыны танысының атынан микроқаржы ұйымдарының бірінің сайтында тіркеліп, құрбысына 1 558 659 мың теңге көлемінде микрокредит беруге өтінім берген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Танысының сауалнамалық деректерін, оның банктік шотының және ұялы телефонының нөмірін көрсете отырып, қарыз алушының сауалнамасын толтырған.«Сол күні ақшалай қаражат шотқа аударылды.

Алматыдағы Ritz-Carlton қонақ үйіне жарылғыш зат «қойылды»

Arna Press, 04 сентября 2023 в 12:48

Алматыдағы Ritz-Carlton қонақ үйіне жарылғыш зат
2023 жылғы 3 қыркүйек кешке белгісіз біреу қоңырау шалып, Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйіне «бомба қойылғанын» мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Алматы полициясының баспасөз қызметі 3 қыркүйек күні сағат 23:51-де Бостандық ауданында орналасқан қонақүйлердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама түскенін нақтылады.«Қаланың барлық жедел қызметтері дереу көрсетілген нысанға тартылды. Қонақтар мен қонақүй қызметкерлері эвакуацияланды.

Қанша қазақстандық зейнетақы жинақтарын баспана сатып алуға, емделуге жұмсағаны белгілі болды

Arna Press, 31 августа 2023 в 16:38

Қанша қазақстандық зейнетақы жинақтарын баспана сатып алуға, емделуге жұмсағаны белгілі болды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 2023 жылғы 31 тамызда «Аманат» партиясының депутаттары алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысын сараланған арттыру жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде мемлекеттің зейнетақы бағдарламасына жұмсаған шығыны 3 триллион теңгеден асады.«1 миллионнан астам адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдалану құқығын пайдаланды...

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдау жасайды

Arna Press, 31 августа 2023 в 14:48

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдау жасайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ақорданың ресми сайтының жазуынша, жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.

Семейде Конституция күні 10 отбасы баспаналы болды

Arna Press, 31 августа 2023 в 10:28

Семейде Конституция күні 10 отбасы баспаналы болды
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов мемлекеттік тұрғын үй қорында баспана алу кезегінде тұрған 10 бақытты отбасыға кілт табыстап, қоныс тойымен құттықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сатып алу құқығынсыз жалға берілген баспана Семей қаласының Комсомол кентінде орналасқан.

Абай облысында өзенге үш мыңнан астам бекіре шабақтары жіберілді

Arna Press, 30 августа 2023 в 19:08

Абай облысында өзенге үш мыңнан астам бекіре шабақтары жіберілді
Бүгін Шаған кентінің ауданында Ертіске үш мыңнан астам бекіре шабақтары жіберілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Сібір бекіресі шығыс аймақта Ертіс өзенінде, Зайсан көлінде және Қара Ертісте таралған. Бүгін Абай өңірінде осы балық түрін көбейту мақсатында Ертіске бекіре шабақтары жіберілді. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, бұл жобаға бюджеттен ешқандай қаржы жұмсалмады.

Семейде ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерді еске алды

Arna Press, 29 августа 2023 в 20:08

Семейде ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерді еске алды
Бүгін Семейдің Бейбітшілік аралында полигонның жабылуына орай көпшілік «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойып, ядролық сынақ құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Шараға өңір тұрғындары, қоғам белсенділері мен Жапониядан арнайы келген делегация қатысты.«Мен Семейге алғаш рет 20 жыл бұрын арнайы Семей ядролық полигонын зерттеу үшін келдім.

Қазақстанның екі қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Arna Press, 29 августа 2023 в 13:48

Қазақстанның екі қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады
29 тамызда Қазақстанның екі қаласында қолайсыз ауа райы сақталады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Синоптиктер мәліметінше, сейсенбіде Ақтау мен Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.Сурет: Tengrinews.kz

Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңгеден алып отырған

Arna Press, 29 августа 2023 в 12:58

Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңгеден алып отырған
Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының заңсыз қызметінің жолын кесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді.

«Барби» фильмі әлемдік прокатта қанша табыс тапқаны белгілі болды

Arna Press, 29 августа 2023 в 11:08

«Барбиі» картинасы тіпті «Хәрри Поттерді» де басып озып, 1,34 миллиард доллар табыс тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Барби демалыс күндерінің өзінде әлемнің 75 еліндегі 12 852 экраннан 18,2 миллион доллар табыс тапты. Бұл туралы Variety жазды. Осылайша жобаның әлемдік кассасы «таңқаларлық» 1,34 миллиард доллардан асып, режиссер Дэвид Йейтс түсірген «Хәрри Поттер және ажал тақсыры.

Жамбыл облысында тәркіленген 171 миллион теңгенің вейптері жойылды

Arna Press, 29 августа 2023 в 11:08

Жамбыл облысында тәркіленген 171 миллион теңгенің вейптері жойылды
ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті сот үкімін орындау аясында қомақты көлемдегі вейптерді жою жұмыстарын жүргізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құрылғылардың жалпы саны 171 млн теңгеден астам сомаға 49,5 мыңнан астам бірлікті құрады.Қазақстан Республикасының аумағына вейптердің заңсыз әкелінуіне және айналымына қарсы күрес аясында Қаржылық мониторинг агенттігі тұрақты түрде тиісті шаралар қабылдауда, нәтижесінде ағымдағы жылы тек Жамбыл облысында осыған ұқсас 3 факті анықталды.

Абай облысында жаңа футзал командасы құрылды

Arna Press, 28 августа 2023 в 18:28

Абай облысында жаңа футзал командасы құрылды
Абай облысында «Semey» футзал командасы құрылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жаңа клубтың таныстыруына Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, спорт ардагерлері, «Елімай» футбол командасының мүшелері және облыс тұрғындары қатысты. Жиналған қауымға арнайы шоу-бағдарлама ұйымдастырылды.

Семейде еліміздің барлық ЖОО ректорлары басын қосты

Arna Press, 28 августа 2023 в 17:18

Семейде еліміздің барлық ЖОО ректорлары басын қосты
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының Президенті Рахман Алшанов және еліміздегі жоғары оқу орындарының басшылары қатысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Отырыс барысында Саясат Нұрбек Жоғары оқу орындары қауымдастығының бұған дейінгі отырыстарында талқыланған көкейкесті мәселелердің шешілу барысы туралы баяндап, еліміздегі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамытудағы алға қойылған міндеттері туралы айтты.«Бүгінгі күннің басты талабы — сапалы мамандар даярлау екендігі бәрімізге белгілі.

Астанада ер адамнан 400-ден астам діни мазмұндағы кітапты тәркіледі

Arna Press, 28 августа 2023 в 17:18

Астанада ер адамнан 400-ден астам діни мазмұндағы кітапты тәркіледі
Астана қаласы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында араздық тудырды деген күдікпен пансионат қызметкерін әшкереледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Аталған пансионатпен тұрғылықты жерін рұқсат етілген тінту нәтижесінде 31 жастағы азаматтан 400-ден астам діни мазмұндағы әдебиет табылып, тәркіленді.Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Семейде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды

Arna Press, 25 августа 2023 в 14:58

Семейде тұрмыстық зорлық-зомбылық  құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды
Бүгін облыс орталығында қиын жағдайа ұшыраған анадарды қолдау мақсатында дағдарыс орталығы ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«2022 жылғы 23 маусымда Мемлекет Басшысы республика бойынша әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі дағдарыс орталықтарын құруды тапсырды.

Қазақстандық оқушыларға бұрынғы оқу мерзімі қайтарылды

Arna Press, 25 августа 2023 в 14:08

Қазақстандық оқушыларға бұрынғы оқу мерзімі қайтарылды
Қазақстандық мектеп оқушылары 25 мамырға дейін оқиды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Осыған байланысты биылғы оқу жылын 25 мамырда аяқтау арқылы 34 апталық оқу жылына қайтару дұрыс деп санаймын», — деді Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мұғалімдердің тамыз кеңесінде.Оның айтуынша, алдағы оқу жылында қажетті дайындық жұмыстарын жүргізу, оның ішінде оқу жоспарын бейімдеу және оқу жылын 2025 жылдан кейін 36 аптаға ұзарту мәселесіне қайта оралу қажет.Тамара Дүйсенова оқу жылын 36 аптаға ұзарту туралы өз ойын білдірді.«Бұл мәселе бойынша қоғамда көптеген шағымдар мен педагогикалық қауымдастық тарапынан ұсыныстар түсіп жатыр, мұны мойындау керек», — деді ол.Оның айтуынша, бұл әлемдік тәжірибе, бірақ мұндай жаңашылдықтарды енгізу әрқашан тыңғылықты дайындықты қажет етеді.Биыл оқушылар оқуын 31 мамырда аяқтады.Сурет: primeminister.kz

Абай облысында 500-ге жуық педагог тамыз конференциясына қатысты

Arna Press, 25 августа 2023 в 14:08

Абай облысында 500-ге жуық педагог тамыз конференциясына қатысты
Абай облысында білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыстық тамыз конференциясы 500-ге жуық педагогтің басын қосты. Оның ішінде еліміздің әр аймағынан 150-ден астам мектеп, колледж кітапханашылары арнайы келді. Іс-шара спикерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, танымал ақын-жазушылар, ғалымдар, республикамыздың педагогтар қауымдастығы, беделді баспа ұйымдарының басшылары болды.Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, ұшқыр ой мен терең сезімге баурап, тұтастай ұлтты тәрбиелейтін құнды жәдігер кітапты бірге сақтауға, насихаттауға шақырды.«Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге.

Қызылорда облысының 200 астам тұрғыны алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Arna Press, 22 августа 2023 в 19:18

Қызылорда облысының 200 астам тұрғыны алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Қызылорда облысында өткен кездесуде Бекболат Молдабеков мемлекет заңнамасындағы өзгерістер, Әділет органдарының қызметі, сонымен қатар сот орындаушыларының алимент өндіріп алуы туралы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Вице-министр айтуынша, Қызылорда облысында алимент бойынша 14 мыңнан астам атқарушылық іс бар.«Осы жылдың 6 ай ішінде Қызылорда облысында алимент төлеу жөніндегі сот актілерін орындамағаны үшін 263 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер органдарына қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін 25 ұсыныс жіберілді.

Білім министрі мектептерде хиджаб кию мәселесі жайында: Барлығымыз заң талабын орындауымыз керек

Arna Press, 22 августа 2023 в 17:58

Білім министрі мектептерде хиджаб кию мәселесі жайында: Барлығымыз заң талабын орындауымыз керек
Білім министрі Ғани Бейсембаев 22 тамызда үкімет отырысында Қазақстан мектептерінде хиджаб кию туралы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Сіз мұны жақсы білесіз. Бұл білім алуға тең мүмкіндіктер беру аясында жасалып жатыр. Бұл тұрғыда ешбір өзгеріс жоқ – барлығы заң аясында және бекітілген талаптар аясында.
Показано 30 новостей из 1 176