Популярные темы

Қазақстандағы жаппай улану: тағы екі бала ауруханадан шықты

Дата: 09 октября 2023 в 12:38


Қазақстандағы жаппай улану: тағы екі бала ауруханадан шықты
Стоковые изображения от Depositphotos

Қарағанды ​​облысындағы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай улану салдарынан зардап шеккен тағы екі науқас ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде орталықтың 12 тәрбиеленушісінің жалпы жағдайы жақсарып, әлеуметтік мекемеге оралды.

«Барлық бала орталық дәрігерлерінің бақылауында», — делінген департамент хабарламасында.

Қарағанды ​​облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланды. Барлығы 14 адам ауруханаға жеткізілді. Бір бала қайтыс болды. Тағы алтауы жансақтау бөліміне жатқызылды.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 30 шілдеде орталықта екі бала өзін нашар сезінген: олар құсып, іші өткен.

Балалардың жаппай улануы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол облыстың арнайы прокурорлар департаментіне берілді.

Сурет: primeminister.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями