Популярные темы

Семейде ЖЭО-3 құрылысы басталады

Дата: 05 октября 2023 в 13:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде ЖЭО-3 құрылысы басталады
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін Семейде БАҚ өкілдеріне арналған жылжымалы брифинг өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Онда журналистерге қалада іске асып жатқан жұмыс баяндалып қана қоймай, көрсетілді. Ең алғашқы нысан, ЖЭО-1 болды. Белгілі болғандай мұнда алдағы жылыту маусымына дайындық аясында «ВостокМонтажИнжиниринг» ЖШС мердігерлік ұйымымен №5 су жылыту қазандығын жөндеуге шарт жасалды.

Облыс әкімінің айтуы бойынша өңір жылу маусымына 99% дайын.

«Әлеуметтік нысандарға, яғни мектептерге, балабақшаларға жылуды келесі апта бере бастаймыз. Бірақ, өздеріңіз көріп тұрсыз, ауа температурасы «+» көрсетіп тұр. Жалпы, меніңше 99,9% жұмыстар  бітті. Тек кейбір жерлерде асфальт төсеу сынды кішігіріп жұмыстар жүргізілетін болады. Ал жылу маусымына біз дайынбыз. Көмір бойынша мәселе жоқ. Әлеуметтік нысандарға қатты отын жеткізілді», — деді облыс әкімі.

Өткен жылдары жылу желілерін ескі материалдармен жөндеу жүргілді делінген. Қазіргі уақытта бұл мәселе де заң бойынша шешімін табуда.

«Былтырғы жасалған жұмысты қабылдамадық, біздің әріптестерге хат жолдадық. Екі нысанда осындай жағдай орын алды. Біз оны қатан бақылауда ұстаудамыз», — деді Нұрлан Ұранхаев.

Семейдегі ЖЭО-3 құрылысы басталады. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме дайындалуда және жыл соңына дейін аяқталады. Келесі жылы көзге көрінетін жұмыстар басталады деп қосты өңір басшысы.

Сурет: автордікі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями