Популярные темы

Абай облысында жастарды қолдау мақсатында «Zhas project» жобасы басталды

Дата: 10 октября 2023 в 13:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында жастарды қолдау мақсатында
Стоковые изображения от Depositphotos


Жобаға 18 жастан 35 жасқа дейінгі жас аралығындағы азаматтар қатысып, 1 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау грантын жеңіп идеяларын жүзеге асыра алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның аймақтық үйлестірушісі Эльзира Жүнісованың айтуынша, республикаға бөлінген 28 гранттың 8-і Абай облысына тиесілі.

«Абай жастары 8 млн теңге көлеміндегі өтеусіз грант қаражатын ала алады. Ескеретін жайт, қаражат жер учаскелері мен белгілі-бір жабдықты сатып алуға жұмсалатын болса жобалар бағдарламаға қатыса алмайды. Сондай-ақ, ғылыми зерттеулер мен қолжазбалар жазуға да қолдау көрсетілмейді», — деді Эльзира Жүнісова.

Өтінімдер «Zhas project» сайтында 9-22 қазан аралығында қабылданады. 23 қазаннан техникалық іріктеу жүргізіліп, жеңімпаздар 1 қарашадан бастап анықталады.

Жобаға басынан аяғына дейін менторлар жетекшілік етеді. Олардың міндеті – грантқа қолы жеткен қатысушыға әртарапты қолдау көрсету, командаға бағыт-бағдар сілтеу. Грантты ұтып алған жеңімпаздар онлайн-тренингтен өтеді. Онда жұмысқа орналасу, әлеуметтік кәсіпкерлік, көшбасшылық сыңды өмірлік маңызды дағдыларды игереді.

Сурет: ашық дереккөздерден, Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями