Стоковые изображения от Depositphotos
Құрамында есірткі бар өсімдіктерді Абай облысының орталығынан 45 шақырым жерде орналасқан Шүлбі кентінің ауданында есірткі қылмысымен күрес бөлімінің қызметкерлері тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұталар дронмен жергілікті аумаққа мониторинг жүргізу кезінде анықталды. Жабайы қарасора ошағы жойылды, өсімдіктердің 1200 бұтасы өртенді. Бұл 800 кг-нан астам есірткі», делінген хабарламада.
Полицейлер құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсіру үшін Қазақстан Республикасы ҚК 300-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылғанын ескертеді.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press