Популярные темы

ШҚО полицейлері бейнекамералардың көмегімен ұрыны жедел тапты

Дата: 09 октября 2023 в 12:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ШҚО полицейлері бейнекамералардың көмегімен ұрыны жедел тапты
Стоковые изображения от Depositphotos

«102» арнасына қаланың  тұрғыны жүгінген.  Ол белгісіз жігіттің оның  кәмелетке толмаған ұлының  телефонын алып алғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасөспірімнің айтуынша қала көшелерінің бірінде, белгісіз жігіт оған смартфонынан қоңырау шалып алайыншы деп өтінген. Алайда, жас жігітті алдап, қаскүнем телефонмен қашып кеткен. Жәбірленуші оқиға туралы үйге келген соң  жарты сағаттан кейін айтып берді.

«Полицейлер оқиға орнындағы «Сергек» АБК бейнекамераларын карау арқылы іздеуге бірден кіріскен. Интеллектуалды бейне жүйесін қарау арқылы құқық қорғау органдары күдіктінің әрекеттерін кезең-кезеңімен анықтады, ол бірнеше минут ішінде телефонды сатып улгерген. Ұры таксиде жасырынып қалғысы келген, алайда патрульдік полиция оны сол жерде ұстаған. Үлбі полиция бөлімі аталған факті бойынша 24 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», деді баспасөз қызметінде. 

Қазіргі уақытта облыс орталығында 5000-нан астам бейнебақылау камералары жұмыс істейді, олар ПД жедел басқару орталығына шығарылған. Әрбір мониторға бейнені тұрақты бақылауды жүзеге асыратын бейнебақылау инспекторы бекітілген, бұл қылмыскерлерді ізін суытпай ұстауға мүмкіндік береді.

«Ағымдағы жылдың басынан бастап бейнежазбаның көмегімен 122 қылмыс ашылды, оның ішінде 48 ұрлық, 16 айдап әкету, 10 тонау және 8 бұзақылық», деп қосты полицияда.

Статистикалық деректер ЖБО жұмысының тиімділігі жоғары екенін көрсетті, себебі бейнекамералардың болуы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудың пәрменді әдістерінің бірі.

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями