Популярные темы

Семейде жылу беріле бастайды

Дата: 10 октября 2023 в 11:48


Семейде жылу беріле бастайды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қалалық әкімдік таратқан хабарламада бүгіннен бастап, жылу беріледі делінген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Ағымдағы жылы 45 шақырым жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы жылу құбырларында апаттық жағдайлар орын алған болатын. Жоспар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары нәтижесінде жылу желілеріндегі апаттар 15 пайызға азаяды.

Қазіргі таңда қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен күн сайын әр қазандықта жылу маусымына дайындық жұмыстарын тексеру бойынша жедел жиындар өтуде.

Айта кетейік, жылу құбырларын ауыстыру кезінде қазылған жерлер толықтай қалпына келтіріледі. Қаламызда жылу 10 қазаннан бастап беріле бастайды. Ең алдымен әлеуметтік нысандар назарға алынады.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями