Популярные темы

Семейде «Теплокоммунэнергоның» жаңа басшысы тағайындалды

Дата: 04 октября 2023 в 11:48


Семейде “Теплокоммунэнергоның” жаңа басшысы тағайындалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Конкурстық рәсімдердің нәтижесі бойынша Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК басшысы лауазымына Еркен Заманбекұлы Сағандықов тағайындалды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еркен Заманбекұлы Сағандықов  — 1968 жылдың 20 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1991 жылы Семей қаласындағы «Семей-Центрбанк» ААҚ филиалында бағдарламашы лауазымынан бастап, кейіннен 2008 жылға дейінгі уақытта банк саласында және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.

2008 жылдан бастап, 14 жылдан астам уақыт бойы «Семей Водоканал» МКК-ның басшылығында, яғни 2011 жылға дейін оңалту басқарушысы, ал 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін кәсіпорынның директоры болды.

Жалпы еңбек өтілі – 32 жыл.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями