Популярные темы

Қазақстанның 10 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Дата: 06 октября 2023 в 09:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанның 10 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады
Стоковые изображения от Depositphotos

6 қазанда Қазақстанның 10 қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамы бойынша, жұмада Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Алматы, Астана қалаларында және түнде Ақтауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями