Популярные темы

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар арасында қанша адам қайтыс болды? ДСМ жауабы 12 ноября 2021, 17:45

Дата: 12 ноября 2021 в 17:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар арасында қанша адам қайтыс болды? ДСМ жауабы
                12 ноября 2021, 17:45
Стоковые изображения от Depositphotos

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін (салдырғаннан емес — авт.) қанша адам қайтыс болғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, биыл ақпан-қазан айлары аралығында вакцина салдырғандар арасында 930 өлім жағдайы тіркелген. 

«Ал вакцина салдырмағандар ішінде 13 165 адам қайтыс болды. Яғни вакцина салдырмағандар ішінде қайтыс болғандар саны әлдеқайда көбін көріп отырсыздар. Әр вакцина туралы айтар болсақ:, 47 азамат — Coronavac, 681 адам — «Спутник V», 75 адам — HayatVax, 2 адам — Vero Cell, 33 адам — Vero Cell (Sinopharm) және 36 адам — Sinopharm SARS-CoV-2 вакцинасын салдырғаннан кейін қайтыс болған. Мұндай жағдай өзге елдерде де байқалады», — деді Алексей Цой.

Ал ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың сөзінше, вакцина салдырғаннан кейін коронавирус жұқтырғандар саны — 40 734. 

«Бұл бірінші және екінші доза бойынша. Бірақ бұл жалпы алғанда өте аз екенін еске салғым келеді, шамамен 0,4 пайыз. Әр вакцина бойынша: «Спутник V» — 25 850 адам, QazVac — 650 адам, Sinopharm — 3 285 адам, Coronavac — 838 адам», — деді ол ОКҚ брифингінде. 

Еске салайық, 12 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 501 375 адам, II компонентін 7 777 468 адам салдырды.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями