Популярные темы

1-сынып оқушыларына «Өл», «Си» сөздерін жазу тапсырылған: сараптама жүріп жатыр 11 ноября 2021, 11:27

Дата: 11 ноября 2021 в 11:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


1-сынып оқушыларына
Стоковые изображения от Depositphotos

Әлеуметтік желіде 1-сыныпқа арналған көмекші құралдағы «Өл» және «Си» сөздеріне байланысты дау шыққан болатын. Tengrinews.kz тілшісі «Менің алтын жазу үлгім» дәптерін шығаратын 8&8 басылымына сауал жолдады.

Компания өкілдері жауабында филологиялық сараптама жүріп жатқанын айтты. 

«Жақын арада филологиялық сараптама нәтижелерін аламыз. Осы нәтижелердің негізінде жазбаша түрде жауап беріледі», — деді 8&8 өкілдері. 

Компания өкілдері редакцияның бұл жағдайға қатысты басқа сұрақтарын жауапсыз қалдырды.

Еске салайық, «Менің алтын жазу үлгім» дәптеріндегі «Өл» сөзі дау тудырған болатын. Ата-аналар бұл жағдай шектен шыққандық екенін айтып, жағымсыз сөзді балаға жаздыртудағы мақсат қандай екенін сұраған.

Оқиғаға ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері бұл жазу дәптері бекіткен мектептерге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізбесіне енгізілмегенін хабарлады. Сондай-ақ, дәптер мемлекеттік сараптамадан өтпеген.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями