Популярные темы

Назарбаев президенттерден қандай сыйлық алғанын айтты 21 октября 2021, 21:49

Дата: 21 октября 2021 в 22:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Назарбаев президенттерден қандай сыйлық алғанын айтты
                21 октября 2021, 21:49
Стоковые изображения от Depositphotos

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Штрихи к портрету. Откровение» деректі фильмінде мемлекет басшыларынан алған сыйлықтары туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Елбасының айтуынша, батыс елдері сыйлық беруге көп қызықпайды. Назарбаев АҚШ-тың 42-президенті Билл Клинтонға берген сыйлығын еске алды.  

«Батыс елдері оған (сыйлық беруге-еск.) қызықпайды. Мысалы, ол кезде әлі тәжірибем жоқ, Клинтонға портреті салынған кішігірім кілем сыйладым. Алматылық фабрика жасады. Мен кілемді іліп, қарап отырады деп ойладым. Сыйлықты беріп жібердік. Сосын мен кездесуге қабылдау бөлмесіне келгенімде хатшысы оны басып отыр екен. Ал біздің посткеңестік елдер сыйлық беріп тұрады. Мысалы Бердімұхамедов ақалтеке атын сыйлады. Жақсы сыйлық. Өзбек халаттарын, бұйымдарын беріп жатады. Қырғыздар да ат сыйлайды», — дейді Назарбаев.  

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями