Популярные темы

Қазақстандық министрлер қандай көлікпен жүреді? 25 октября 2021, 10:30

Дата: 25 октября 2021 в 10:33 Категория: Новости политики


Қазақстандық министрлер қандай көлікпен жүреді?
                25 октября 2021, 10:30
Стоковые изображения от Depositphotos

Таяуда қазақстандық екі министр электркарға көшті. Себебі ол көлікті ұстауға кететін қаражатты үнемдейді. Елімізде министрлердің көлігі қандай? Tengrinews.kz тілшісі министрліктерге хабарласып, ведомство басшыларының көлігін білді. 

Министрлер арасында бірінші болып әділет министрі Марат Бекетаев қызметтік көлігін электркарға ауыстырды. Әділет министрлігі қыркүйекте Tengrinews.kz сауалхатына берген жауабында мұның себебі қызметтік көлікті ұстауға кететін қаражатты үнемдеу екенін жазды. Бекетаевтың жаңа көлігі — JAC электркары. 

«СарыарқаАвтоПром» сайтындағы мәліметке сүйенсек, JAС электркарының бағасы — 15 миллион теңге.

Бекетаевтың ізімен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы Бағдат Мусин де электркарға ауысты. 

«Министр Қазақстанда жиналған қытайлық бренд — JAC iEV7S экологиялық электркарымен жүреді», — деп жауап берді министрлік өкілдері.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың көлігі — Kia Quoris. 2018 жылы шыққан.  

Ал Ұлттық экономика министрлігінің басқаратын Әсет Ерғалиевтің қызметтік көлігі Mercedes Benz S 500 L4М екені хабарланды. Көлік 2014 жылы шыққан. 

Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің көлігі — Mercedes-Benz S 500. Министрдің қызметтік көлігі 2014 жылы шығарылған. 

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс барысында Mercedes-Benz S-Class-пен жүреді. Ведомство баспасөз қызметі көлік қай жылы шыққанын айтпады, тек «ескі көліктердің» бірі екенін мәлім етті. 

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің де қызметтік көлігі Mercedes компаниясынан шығарылған. Дәлірек айтқанда, ведомство басшысы Mercedes-Benz S-Class S400d 4Matic көлігімен жүреді. 

Mercedes мініп жүрген министрлер арасында Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Ақтоты Райымқұлова бар. Оның қызметтік көлігі — 2014 жылы шыққан Mercedes-Benz W222.

Ал ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев седан моделіндегі Skoda көлігімен жүреді. Көлемі 2 литр болатын көлік 2019 жылы Қазақстанда өндірілген. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан қалалары мен облыстары әкімдерінің көліктерін жазған едік. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Новости политики
Поделитесь новостью с друзьями