Популярные темы

Журналист партияға мүше болмауы керек — Жұлдыз Әбділда 17 октября 2021, 17:26

Дата: 17 октября 2021 в 17:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Журналист партияға мүше болмауы керек - Жұлдыз Әбділда
                17 октября 2021, 17:26
Стоковые изображения от Depositphotos

Журналист Жұлдыз Әбділда BizbenPodcast жобасының бұл жолғы қонағы, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол әңгіме барысында журналист этикасы, коронавирусқа қатысты фейктер, журналистің қоғамдағы ролі туралы айтты.

«Мысалы, мен бір партияның мүшесімін делік. Ал енді мен қалай объектив бағалай аламын? Бүйрегім бұрып тұрады. Бір қауымдастықтың мүшесі болсам, сол жақтың адамымыз. Сол себепті журналист қауымдастықтарға, ұйымдарға кірмеуі керек деп ойлаймын», — деді Жұлдыз Әбділда. 

Сонымен қатар, журналист Желіде тараған түрлі фейк туралы пікірін бөлісті. 

Еске салайық, бұған дейін BizbenPodcast жобасының қонақтары фактчекер-журналист Думан Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова, тіл маманы Назгүл Қожабек, файтер Арман Әшімов, спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен мен әзілкеш Еркебұлан Мырзабек болған еді. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями