Популярные темы

Қазақстанға Pfizer-дің 4 миллион жозасы жеткізіледі — Цой 06 октября 2021, 16:55

Дата: 06 октября 2021 в 17:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанға Pfizer-дің 4 миллион жозасы жеткізіледі - Цой
                06 октября 2021, 16:55
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанға жыл соңына дейін Pfizer вакцинасының төрт миллион дозасы жеткізіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. 

«Pfizer бойынша қорытынды келісімшарт жасалды. Ол белгілі бір процедура. Бірнеше құжат бар. Шамамен 4 миллион доза келеді деп жоспарланып отыр. Вакцина алдағы таңда төртінші тоқсанда келеді деп ойлаймын. Әр өңірде тоңазытқышпен жабдықталып жатыр. Ол қажет режимге — минус 80 градусқа сай болады. Барлық жағдай жасалады. Барлық егу пункті дайын. Жалпы сақтау шарты барлық вакцинадағыдай. Айырмашылық тек температура мен сақтау режимінде», — дейді министр ОКҚ брифингінде. 

Еске салайық, 10 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын Қазақстанға жеткізу жоспарлары туралы айтты. Оның сөзінше, мамырда 2 миллион доза жеткізілуі керек еді. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тарапынан 12-18 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат беріліп отырған вакцина — Pfizer. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями