Популярные темы

«Масляковқа қарызымыз жоқ» — Еркебұлан Мырзабек «ИГРА» жобасы туралы 13 октября 2021, 19:44

Дата: 13 октября 2021 в 19:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

BizbenPodcast жобасының бұл жолғы қонағы әзілкеш Еркебұлан Мырзабек болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол қазақ әзілдері, КВН, ТНТ арнасындағы «ИГРА» шоуы туралы, «Жайдарман» мен өзі алып жүрген шоулар туралы әңгімеледі. 

Еркебұлан Мырзабек президенті Александр Масляковтың КВН-нен ТНТ-ға кеткендерге реніші туралы айтты. 

«Оның ренжитін орны жоқ. Мысалы, біз, «Спарта» командасы КВН ойнадық, шығармашылық жолында беретінімізді бердік, барлық жобасына қатыстық, жеңетін кубок, медальдарды жеңдік. Енді Александр Васильевичтің (Масляков — авт.) алдында қарызымыз жоқ. Қазір жас команданы дайындап жатырмыз. Әрі қарай жұмыс істеу керек. Сондықтан Масляков мырзаның ренжитін жайы жоқ деп ойлаймын», — деді әзілкеш.

 

Еске салайық, бұған дейін BizbenPodcast жобасының қонақтары фактчекер-журналист Думан Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова, тіл маманы Назгүл Қожабек, файтер Арман Әшімов пен спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен болған еді. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями