Популярные темы

Тоқал алу, UFC-мен келісімшарт және алдағы жекпе-жегі. Арман Әшімов Bizben Podcast жобасында 26 сентября 2021, 17:50

Дата: 26 сентября 2021 в 18:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Тоқал алу, UFC-мен келісімшарт және алдағы жекпе-жегі. Арман Әшімов Bizben Podcast жобасында
                26 сентября 2021, 17:50
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстандық файтер Арман Әшімов Bizben Podcast жобасының қонағы болды. Ол жүргізушілермен әңгіме барысында отбасындағы қарым-қатынас, тоқал алу мәселесі, хейтерлер мен UFC келісімшарты туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Арман екі жылдан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Оған не себеп болғанын айтты.  

«Кейінгі екі жылда үйде жаттық. Жекпе-жек болмады. Дым қызық жоқ. Былтыр карантин болды. Анда-санда қалаға шығып қоямын, қалған уақытта үйде болдым. Биыл Шымкентте жекпе-жек өткізуім керек еді, қолымды жарақаттап алуыма байланысты шыға алмадым. Енді биыл 3 қазанда кездесу өткіземін», — деді ол. 

Сонымен қатар, спортшы UFC-мен келісімшартқа отырғанын, енді жекпе-жек күтіп жүргенін айтты. 

«Бәрі өз уақытымен келеді. 2015-2016 жылдары досым «Арман, сен шет елде төбелесетін жігітсің ғой» дейтін. Асықпай, күтейік дедім. Алланың қалауымен, 2017 жылы M-1 Global-мен келісімшарт жасастық. Қазір UFC-мен келісімшартқа отырдық, бірақ жекпе-жек жоқ», — деді Әшімов. 

Сондай-ақ, ол жарымен қарым-қатынасы туралы, енді тоқал алуға дайындалып жүргенін айтты. 

Еске салайық, бұған дейін Bizben Podcast жобасының қонақтары фактчекер-журналист Думақ Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова, тіл маманы Назгүл Қожабек болған еді. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями