Популярные темы

Нұр-Сұлтанда оқу жылы басталғалы 1590 баладан коронавирус анықталған 12 октября 2021, 13:01

Дата: 12 октября 2021 в 13:13


Нұр-Сұлтанда оқу жылы басталғалы 1590 баладан коронавирус анықталған
                12 октября 2021, 13:01
Стоковые изображения от Depositphotos

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 2 232 оқушыдан коронавирус анықталған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтты. Оның айтуынша, бұл жалпы коронавирус жұқтырған адамдардың 19,6 пайызы. 

«Оның 642-сі немесе 29 пайызы мектепке барғанға дейін жұқтырса, офлайн сабақтар басталғалы 1590 баладан коронавирус анықталған. Бүгінде 1526 оқушы аурудан айығып, мектепке оралды. 88 мектептегі 303 сынып әлі карантинде. Коронавирус жұқтыру деңгейі 3-8-сынып оқушыларында жоғары — 963 жағдай», — дейді Сархат Бейсенова ОКҚ брифингінде. 

Еске салайық, бүгінде Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бақылау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта. Астана коронавирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында: жалпы 144 161 адамнан вирус анықталса, оның 139 534-і аурудан айыққан.

По сообщению сайта Tengrinews

Поделитесь новостью с друзьями