Популярные темы

Керек: новости — страница 8

Семейдің автобекеті қаланың басқа бөлігіне көшірулуі мүмкін

Arna Press, 26 апреля 2023 в 14:38

Семейдің автобекеті қаланың басқа бөлігіне көшірулуі мүмкін
Семей қаласының жаңа бас жоспарында сауда жүргізіліп жатқан Аймауытов, Чехов, Шугаев көшелерінің учаскелерін қозғалыс үшін ашу көзделіп отыр. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қалалық сауда орындары мен базарлардың аумақтарын аралаған кезде айтты, — деп хабарлайды Arnapress.кz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазіргі уақытта «Ақшың», «Арғымақ» және «Мереке» базарлары ауданында сауда контейнерлері, қоршаулар мен автотұрақтар орналасқандықтан қозғалыс қиын. Қаланың бұл бөлігі соңғы жылдары ең көп көлік ағынының орнына айналды.

Семейде алқабилер екі баланың әкесін өлтірген адамды кінәлі деп тапты

Arna Press, 25 апреля 2023 в 16:38

Семейде алқабилер екі баланың әкесін өлтірген адамды кінәлі деп тапты
Абай облысында алқабилер сотының қатысумен алғашқы айыптау үкімі шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бір жыл бұрын бұл оқиға халықтың аузынан түспеген. Үржар ауданының тұрғыны 2 баланың әкесі болған жас кәсіпкердің қайтыс болуында кінәлі деп танылды.Дауыс берушілердің бірауыздан бұзақылық ниетпен, атыс қаруын қолдана отыра, адам өлтіру бойынша кінәлі деп шешім шығарды. Қайғылы оқиғаға себеп болған, жол үстіндегі келеңсіз жағдай.

Семейдің сырт келбетін қалпына келтіре бастады

Arna Press, 25 апреля 2023 в 12:18

Семейдің сырт келбетін қалпына келтіре бастады
Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қаладағы үйлердің қасбеттерін бояу бойынша мердігер ұйымдардың басшыларымен көшпелі кеңес өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Биыл Семей қаласында 40-қа жуық үйдің қасбетін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Семейде жаңа демалыс орны салынады

Arna Press, 21 апреля 2023 в 11:08

Семейде жаңа демалыс орны салынады
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ағымдағы жылы пайдалануға берілетін қоғамдық кеңістіктерді қолданысқа беру бойынша көшпелі кеңес өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала басшысы әкімдіктің жауапты қызметкерлерімен бірлесіп Жамақаев көшесіндегі емханадан Чайковский көшесіндегі жанармай құюға дейінгі аумақта сквер салу жоспарын талқылады.

Президент Семейді абаттандыру керек екенін айтты

Arna Press, 19 апреля 2023 в 14:28

Президент Семейді абаттандыру керек екенін айтты
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Президент бүгінгі күні өзекті болып тұрған мәселелерге тоқталып, алда атқарулуы тиіс жұмыстарды айқындап берді.Қасым-Жомарт Тоқаев қайта құрылған Абай облысының орталығы Семей қаласын да атап өтті.«Семей еліміздің әдемі және тарихи орталықтарының бірі болып саналады.

Семейде көше саудасына қойылатын талаптар өзгерді

Arna Press, 13 апреля 2023 в 23:38

Семейде көше саудасына қойылатын талаптар өзгерді
Биыл қалалық әкімдік Семей қаласының келбетін жақсарту мақсатында ауқымды тұжырымдаманы әзірледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қалада әртүрлі орындарында рұқсат етілмеген көше саудалары өте көп. Бейбірекетсіз сауданың алдын алу мақсатында, биыл жағалау, Бейбітшілік аралы, Әуезов алаңы мен Абай алаңында ғана саудагерлерге көше саудасымен айналысуға рұқсат беріледі.

Тоқаев латынша мәтіндер жөнінде: Бұл – қазақ тілі емес, тіліміздің табиғатына жат, бұрмаланған мәтіндер

Arna Press, 12 апреля 2023 в 16:58

Тоқаев латынша мәтіндер жөнінде: Бұл – қазақ тілі емес, тіліміздің табиғатына жат, бұрмаланған мәтіндер
Мемлекет басшысы ғалымдармен өткен жиында латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате кеткенін айтып, бұл мәселеде ғалымдарға басқа елдердің озық тәжірибесін мұқият зерттеп, ұтымды тұстарын пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.Президент осы сәтті пайдалана отырып, қазақ тіліне реформа жасау керек екенін айтты.

Депутаттар атаулы әлеуметтік көмекті алып тастауды ұсынды

Arna Press, 12 апреля 2023 в 15:58

Депутаттар атаулы әлеуметтік көмекті алып тастауды ұсынды
Қазақстан халықтық партиясының депутаттары атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алып тастау керек деп санайды, өйткені оны алу процесі күрделі. Олар бұл мәселеге қатысты өз уәждерін вице-премьер Алтай Көлгіновке жолдаған сауалында айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«АӘК-ке үміткер болу үшін көпбалалы, жұмыс істемейтін аналарға жүздеген сынақтан өту керек. Әдетте әйелдер бюрократия мен мемлекеттік органдардың әуре-сарсаңынан шаршайды.

Энергетика министрі қазақша еркін сөйлеуді үйренуге 6 ай уақыт сұрады

Arna Press, 11 апреля 2023 в 15:18

Энергетика министрі қазақша еркін сөйлеуді үйренуге 6 ай уақыт сұрады
11 сәуірде өткен үкімет отырысының кулуарында журналистер Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен қазақша жауап беруді өтінді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Дегенмен министр қазақшамды жақсартуым керек деп алты ай уақыт беруді сұрады. Ол негізгі сұрақтардың бәріне орысша жауап берді.«Кешіріңіз, мен өз ана тілімді негізі білемін.

Президент Тоқаев Ақордада ауызашар берді

Arna Press, 08 апреля 2023 в 10:18

Президент Тоқаев Ақордада ауызашар берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, бұл ай күллі мұсылман қауымы үшін ерекше уақыт екенін, жамағат осы айда ізгі амалдар жасап, мол сауапқа кенелетінін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Мемлекет басшысы бір жылдың ішінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде болған айтулы оқиғаларға арнайы тоқталды.«Жалпыұлттық референдум арқылы Конституцияға өзгерістер енгізілді.

Семей көшелеріне атты полиция шықты

Arna Press, 03 апреля 2023 в 14:08

Семей көшелеріне атты полиция шықты
Атты полиция Семейдегі тәртіпті күзетуге шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қысқы кезеңнен кейін жануарлар вакцинациядан өтеді, сол уақыт аралығында оларды мінуге болмайды.Қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Қайрат Әбдіғалиевтің айтуынша, жылқылар қаладағы көліктердің жетуі қиын бөліктерін патрульдеу керек болған жағдайда қажет.«Біз негізінен саяжай алаптарына, жеке сектордың кейбір учаскелеріне, сондай-ақ патрульдік көлік жүре алмайтын Ертіс өзенінің жағалауына қызмет көрсетеміз. Әдетте, полицейлер өз учаскелерін екі-екіден күзетеді», — дейді қалалық полиция бастығы. Қайрат Әбдіғалиев сондай-ақ, атты патрульдері барлық бағбандар өз өнімін толық жинап, саяжай маусымы аяқталғанға дейін қоғамдық тәртіпті бақылауды жүзеге асыратындарын айтты.Қазіргі таңда Семей қаласы бойынша 10 ат кезекпен қаланы бақылаумен айналысады.Сурет: Семей қаласы ПБ баспасөз қызметі

ҰҚК халықаралық есірткі синдикатының әрекетін бейтараптандырды

Arna Press, 31 марта 2023 в 14:09

ҰҚК халықаралық есірткі синдикатының әрекетін бейтараптандырды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасына қатысы бар халықаралық есірткі синдикатының әрекетін бейтараптандырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жедел жете тексеру барысында шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағына теңіз жолымен опиаттар мен басқа да тыйым салынған заттарды жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастыруға қатысы бары анықталды.Жедел қызметкерлер Каспий су айлағы арқылы есірткіні тасымалдау бағдарлары мен тәсілдерін егжей-тегжейлі айқындады.

Абай облысында 1 наурыздан бастап жеңілдетілген шағын несиеге өтініштер қабылдануда

Arna Press, 31 марта 2023 в 13:18

Абай облысында 1 наурыздан бастап жеңілдетілген шағын несиеге өтініштер қабылдануда
2023 жылдың 1 наурызынан бастап елімізде 21-35 жас аралығындағы жастарға 5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген шағын несие беру бағдарламасы іске қосылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Баспасөз мәжілісінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Абай облысы бойынша филиалы директоры міндетін атқарушы Мирас Қалиев атап өткендей, бағдарламаға өтініш берушілердің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендеріне 5 жылдан аспауы керек.

Абай облысында сотталған әйел бес жыл көрмеген ұлымен жүздесті

Arna Press, 30 марта 2023 в 18:49

Абай облысында сотталған әйел бес жыл көрмеген ұлымен жүздесті
Абай облысы бойынша ҚАЖД-да бір-бірін бес жыл бойы көрмеген ана мен бала кездесті, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Сотталған Қарлығаштың баласының қамқоршысы әйелдер колониясында ашық есік күні өтетінін біліп, ұлын анасымен қауыштыруды жөн көрді. Қарлығаш үшін бұл тосыннан әрі көптен күткен кездесу болды.– Біз бәріміз пендеміз және қателесуіміз мүмкін, сондықтан мен қамқорлығыма алған баланы бақылап отырып, бала есейіп келе жатыр және анасын танымайды деген ой келді.

Сәуірде «Елімай» футбол командасының Семей қаласындағы алғашқы ойыны өтеді

Arna Press, 30 марта 2023 в 00:48

Сәуірде
Сәуір айында «Елімай» футбол командасының қайта құрылғаннан кейін Семей қаласындағы алғашқы ойыны өтеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Күн жылынғандықтан, футбол ойыны ашық стадионда өтеді. «Елімай» футбол командасының қайта құрылғаннан кейін алғашқы ойыны сәуір айында өтеді деп күтілуде.

Банктердің несие рейтингін қалай оқуға болады

kapital.kz, 29 марта 2023 в 12:06

Банктердің несие рейтингін қалай оқуға болады
Қаржы реттеушісі қазақстандық жеті қаржы институтының, оның ішінде 6 банктің Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігінің рейтингін растағанын хабарлады. Банктер бойынша берілген болжам – «Тұрақты». Жалпы, S&P бағалауы бойынша Қазақстанның банк секторы ұзаққа созылған оңалу кезеңінен кейін қалпына келу белгілерін көрсете бастады. Қалпына келу шикізаттың қолайлы бағасымен, несиеге сұранысты ынталандырумен, сондай-ақ активтер сапасының айтарлықтай жақсаруымен қамтамасыз етіледі.Несие рейтингі дегеніміз не және ол неге қаржы ұйымы сенімділігінің көрсеткіші болып саналады – Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі осы мәселені анықтап көрген еді.Қазақстанда жұмыс істейтін әрбір банктің өзінің несие рейтингі бар.

Ақмола облысында ауыл әкімі су бөгетін сатып жіберіп, үш өңірді шулатты

Arna Press, 28 марта 2023 в 23:58

Ақмола облысында ауыл әкімі су бөгетін сатып жіберіп, үш өңірді шулатты
Ақмола облысында ауыл әкімі су бөгетін сатып жіберген. Кәсіпкер құрылысты бастау үшін Өлеңті өзенін бөгеп тастаған. Салдарынан өзен бойындағы 10 шақты ауыл мен 9 көл сусыз қалған. Ал ондағы 40-тан астам шаруашылық жеріміз көктемей қалатын болды деп шу көтерді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Павлодарлық шаруалар Өлеңті өзенінде (Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары жерімен өтеді — авт), салынып жатқан бөгет құрылысына қарсы.

Абай облысында еліміздің үздік палуандары жиналды

Arna Press, 26 марта 2023 в 23:28

Абай облысында еліміздің үздік палуандары жиналды
«Арена» көпфункционалды мәдени-спорт кешенінде ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіТурнир U-17 және U-23 жас топтары арасында өткізіледі. Чемпионатқа 20 команда қатысады, жалпы 1500 балуандай жиналды. Бұл еліміздің барлық өңірлерінен келген үздік спортшылар. Бұл турнир Азия және әлем чемпионатына іріктеу.«Жеңімпаз атанған балалар ел құрамасына кіре алады.

Алматыдағы сайлау учаскесінде неге сайлауға дейін бюллетеньдерді «ашып» тастаған

Arna Press, 17 марта 2023 в 22:08

Алматыдағы сайлау учаскесінде неге сайлауға дейін бюллетеньдерді
Алматы қалалық аймақтық сайлау комиссиясының төрйымы сайлау учаскелерінің бірінде «ашылған» бюллетеньдер туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Учаскелік комиссияның іс-әрекеті заң аясында — олар дауыс беру үшін алған бюллетеньдерді қайта санауға міндетті.

Семейде «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды

Arna Press, 17 марта 2023 в 15:08

Семейде
Қалалық әкімдік ғимаратында қоғамдық кеңес мүшелері мен Семей қаласы әкімдігінің бөлім басшылары бірлесіп «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында кеңес өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Комиссия төрағасы Семей қаласы әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов тұрғындардың талап-тілегін орындау маңызды екенін атап өтіп, жобаның өзектілігіне баса назар аудару керек деп айтты.

Биылғы Рамазан айы қалай өтеді? Абай облысының бас имамы түсініктеме берді

Arna Press, 15 марта 2023 в 18:58

Биылғы Рамазан айы қалай өтеді? Абай облысының бас имамы түсініктеме берді
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Абай облысының бас имамы Асқар Мұқановтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, бас имам Рамазан айының өтуіне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Биыл Рамазан айы 23 наурыз күні таңғы намаздан кейін басталып, 20 сәуір күні аяқталады.

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке шақырғандар қатаң жазаға тартылады

Arna Press, 09 марта 2023 в 14:38

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке шақырғандар қатаң жазаға тартылады
Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке шақырғандар қатаң жазаға тартылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сенатта «Қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптаулар мен қатыгездіктің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері жөніндегі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралады.«Жаппай тәртіпсіздіктерге шақырғаны үшін жазаны күшейтуқарастырылып жатыр. Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1-бөлігінің санкциясы 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Елімізде бір аптада көші-қон заңнамасын бұзған 9 213 жағдай тіркелді

Arna Press, 06 марта 2023 в 13:38

Елімізде бір аптада көші-қон заңнамасын бұзған 9 213 жағдай тіркелді
Оның ішінде 5 113-і шетелдіктердің елде болу мерзімін бұзуымен байланысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz.Ішкі істер министрлігі шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзушылықтарын анықтауға бағытталған «Мигрант» операциясын қорытындылады. Операция барысында полиция шетелдіктер көп тұратын жерлерді, құрылыс нысандарын, базарларды, шетелдіктердің жалдамалы еңбегін пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексерді.«Операцияның 8 күнінде 9 мыңнан астам (9 213) көші-қон заңнамасын бұзушылық анықталды.

Қарағандыда оқушылар мен студенттерге арналған «Бизнес старт» байқауы өтті

EKaraganda.kz, 04 марта 2023 в 15:35

Қарағандыда оқушылар мен студенттерге арналған «Бизнес старт» байқауы өтті
Колледждер мен жоғары оқу орындарының кәсіпкерлері мен оқытушыларынан құралған қазылар алқасы барлығы 29 жобаны байқады. «Бизнес бастау» байқауының ұйымдастырушылары — Қарағанды облысының білім басқармасы мен облыстық «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру ғылыми-тәжірибелік орталығы. Осындай байқаудың көмегімен кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін әлеуметтік маңызы бар және ғылыми-зерттеу қызметтер саласында дарынды жастар анықталып, оларға қолдау көрсетіледі.Байқаудың облыстық кезеңінің алдында іріктеу кезеңі өтті, олар – көрмедегі жобалардың электронды тұсаукесері мен оларды қорғаудан тұрды, содан кейін әділқазылар жеңімпаздарды анықтады.

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің TikTok пайдалану уақытын шектеледі

Arna Press, 03 марта 2023 в 16:28

18 жасқа дейінгі балалар  мен жасөспірімдердің TikTok  пайдалану уақытын шектеледі
TikTok балалар мен жасөспірімдерге арналған сервисті пайдалану уақытын шектеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Алдағы апталарда 18 жасқа толмаған пайдаланушыға тиесілі әрбір аккаунтта автоматты түрде күніне 60 минут шектеу орнатылады», — делінген хабарламада.Бұл шектеуге жеткенде, жасөспірімдерге шолуды жалғастыру үшін рұқсат кодын енгізу сұралады.

Абай облысында 2023 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 204 грант беру жоспарлануда

Arna Press, 03 марта 2023 в 12:08

Абай облысында 2023 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 204 грант беру жоспарлануда
Абай облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айнұр Сұлтанова ӨКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, бұл мақсаттарға 281,5 миллион теңге бөлінді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. – Грантқа үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығаны туралы мерзімі үш жылдан аспаған сертификаты болуы керек. Әрбір қатысушы грантты тек бір рет ала алады.

Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген қанша ақша мектеп салуға жұмсалады?

Arna Press, 02 марта 2023 в 13:08

Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген қанша ақша мектеп салуға жұмсалады?
Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден тәркіленген қаржыдан Қаржы министрлігі шотына қанша ақша аударылғанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қаржы министрінің айтуынша, қазірдің өзінде жемқор шенеуніктерден тәркіленген 120 миллиард теңге арнайы есепшотқа жиналған.

Қазақстандық жастар энергетиктерден кейін ауруханаға түсіп жатыр — кардиолог

Arna Press, 02 марта 2023 в 10:28

Қазақстандық жастар энергетиктерден кейін ауруханаға түсіп жатыр - кардиолог
Жастардың энергетикалық сусындардан кейін жүрек талмасына шалдығып, ауруханаға түсуі жиілеп кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүрек-қан тамырлары хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, Алматы қалалық кардиологиялық орталық директоры Алмат Қодасбаев айтты.Оның айтуынша, науқастар жиі жаман әдеттерден бірден бас тарта алмай, денсаулығын нашарлатып алады.«Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары жасарып барады.

Борышкерлер алимент төлеуден әдейі жалтарады

Arna Press, 23 февраля 2023 в 10:28

Борышкерлер алимент төлеуден әдейі жалтарады
Әділет министрі Азамат Есқараев Батыс Қазақстан облысының халықына есеп беру кездесуінде алимент өндіру осы өңірде ғана емес, бүкіл ел бойынша күрделі мәселелердің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомство басапсөз қызметіне сілтеме жасап.Батыс Қазақстан облысы бойынша барлығы 11 мемлекеттік және 50 жеке сот орындаушы қызмет атқаратынын, атап өтті.

Алаяқтар қазақстандықтарды президент атынан алдап жатыр

Arna Press, 22 февраля 2023 в 18:18

Алаяқтар қазақстандықтарды президент атынан алдап жатыр
Facebook әлеуметтік желісінде «Жомарт-Тоқаев» есімді аккаунт пайда болды. Әлеуметтік желіде Президенттің фейк парақшасы ашылды.Онда ақшалай сыйлықтардың ұтысы ойнатылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Жомарт-Тоқаев» деген Facebook парақшасында жүргізілген ұтыс – алаяқтардың ісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіде екі-ақ ресми парақшасы бар.
Показано 30 новостей из 634