Популярные темы

Абай облысында 1 наурыздан бастап жеңілдетілген шағын несиеге өтініштер қабылдануда

Дата: 31 марта 2023 в 13:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында 1 наурыздан бастап жеңілдетілген шағын несиеге өтініштер қабылдануда
Стоковые изображения от Depositphotos

2023 жылдың 1 наурызынан бастап елімізде 21-35 жас аралығындағы жастарға 5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген шағын несие беру бағдарламасы іске қосылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәжілісінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Абай облысы бойынша филиалы директоры міндетін атқарушы Мирас Қалиев атап өткендей, бағдарламаға өтініш берушілердің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендеріне 5 жылдан аспауы керек.


— Несие мерзімі — 5 жылға, мал шаруашылығы саласы үшін 7 жылға дейін. Несие мерзімінің 1/3 кезеңінен аспайтын уақытқа демалыс алу мүмкіндігі қарастырылған. Сыйақы мөлшерлемесі жылдық — 2,5 пайыз. Сондай-ақ кепілзат болуы міндетті. Егер үміткердің өзінде кепіл болмаса, ата-анасының немесе өзге де туысқандарының мүліктерін кепілге қоюға болады, — деді Мирас Қалиев.


«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ сенімді өкіл ретінде аталған бағдарлама бойынша 1 наурыздан бастап өтініш қабылдауды бастады. Бүгінгі күнге дейін 15 өтініш қабылданған.


— Комиссия құрамына мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер және басқа да тұлғалар енді. Үміткерлер жобасын осы комиссия алдында қорғайды. Жобаның өзектілігіне, экономикалық маңыздығына назар аударылады, — деді Мирас Қалиев.


Айта кетерлігі, үміткерлер өздерімен бірге жеке куәлік; жоба бойынша бизнес жоспар; қызмет көрсететін банктен шотының бар екенін растайтын анықтама; несиелер және мерзімі өткен несиелердің бар/жоқтығы туралы анықтама; жалақысын және өзге де табыстарын анықтайтын құжаттар; кепіл мүліктің құжатын және оны бағалау туралы есеп әкелуі керек.

Сурет: inbusiness.kz, Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями